Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Отбасы өнегесі ұлықталған күн

07.09.2024
- Жаңалықтар, Таңдаулы
0
52
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Әр отбасы – берекелі қоғам­ның тірегі. Соның айғағы ретінде елімізде жыл сайын «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы ұйымдастырылып келеді. Кеше Астана төрін­де Отбасы күні құрметіне дәстүрлі байқаудың жеңімпаздары арнайы марапатталды. Салтанатқа мемлекеттік лауазымды тұлғалар, қоғам қайраткерлері, түрлі ұйымдардың басшылары және елорда жұртшылығы қатысты.

Отбасы – шағын мемлекет. Сол шағын мемлекеттің береке-бірлігін сақтап, ынтымағын жарастыратын ата-ана болса, көздің қарашығындай балалар – адалдықты ту еткен жанұяның жалғасы, ізбасары, елдің келешегі. Мұны зайырлы, құқықтық мемлекетте өмір сүріп жатқан әрбір отбасы жақсы біледі. «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына үміткер болған аудан, облыс, қаладағы отбасылардың қай-қайсысы да – ұрпақ жалғасының, ұлт тәр­биесі­нің үздік үлгісін көрсетіп, көп­тің қошеметіне бөленген ақа­дал жандар. Осы күнге дейін бай­қауға елдің барлық өңірі­нен 20 мыңнан аса отбасы қатысып­ты. Оның ішінде сан түрлі салада толымды еңбек еткен абзал жандар, еңбек адамдары жетер­лік. Биыл байқау­ға қатысуға ниет біл­дірген үміткер­лер­ден аудандық (қалалық) комис­сия­ларға 3 369 өтінім түсіпті. Өтінімдердің саны бойын­ша Қарағанды облысы (534 өтінім) – көш басында. Байқауға қатысқан отбасылар арасында 1 508 көп­ба­лалы, 700 жас отбасы бар екен.

«Мерейлі отбасы» ұлттық бай­қауының лауреатын марапаттау рәсімінде Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев жеңім­паздарға сәттілік тілеп, Мемлекет басшысының құттықтау хатын оқып берді.

«Мерейлі отбасы» байқауы – ұлттық құндылықтарды жаңғыртуға жол ашатын, өзіндік дәстүрі бар бірегей жоба. Халқымыздың асыл қасиеттерін өскелең ұрпақтың бойына сіңіру – бәрімізге ортақ міндет. Осы орайда әр отбасы айрықша рөл атқарады. Елімізде адал еңбегімен көпке үлгі болып жүрген өнегелі әулеттер аз емес. Бүгінгі салтанатты кеш – соның айқын дәлелі. Бұл байқаудағы әрбір отбасының жеңісін бірлігі жарасқан жұртымыздың мерейлі жетістігі деп бағалауға болады», – делінген Президенттің құттықтау хатында.

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025

Сенат төрағасы «Мерейлі отбасы» байқауының бірнеше лауреаттарын марапаттап, үлгілі жанұяларға алғыс айтты.

– Отбасы күні – көп мерекенің бірі ғана емес. Ол – ұлтымызды ұйыс­тыратын, әр шаңыраққа шаттық сыйлайтын маңызды мейрам. Баршаңызды осы атаулы мерекемен құттықтаймын. Бүгін еліміздің барлық өңірінен үздік отбасылар жиылып отыр. Сіздердің өнегелі жолдарыңыз көпшілікке үлгі, әсіресе, өскелең ұрпақ үшін айнымас бағдар деп айтсақ артық болмайды. Дана халқымызда «Отан – отбасынан басталады» деген сөз бар. Расымен, әр отбасы – елдіктің тірегі және береке-бірліктің бастауы. Сондықтан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың отбасы әлеуетін көтеруге, ана мен баланы қорғауға, қоғамда дұрыс құндылықтарды дәріптеуге айрықша мән беріп келеді. Мемлекет басшысы жуырда Жолдауда осы мәселеге тағы да баса назар аударды. Президент онда азаматтардың әл-ауқатын арттыруға арналған кезекті әлеуметтік бастамалар кешенін жария­лады. Мұның барлығы еліміздегі әр отбасының өміріне оң ықпал ететіні анық, – деді М.Әшімбаев.

Осыдан соң Мәдениет және ақпарат министрі, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демо­графиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның төрағасы Аида Балаева жеңімпаздарға жылы лебізін жеткізді.

– Еліміздегі әрбір отбасы – қоғам­ның, мемлекеттің тірегі. Үйдің үлкен­дері, сіздер, өскелең ұрпақтың бойы­на адам­гершілік, ізгі қасиеттерді сіңі­ріп, ұлттық құндылықтар мен отба­­сы­лық құндылықтарды дәріптеп жүр­­сіздер. Осылайша, елдің дамуына, гүлденуіне үлес қосып келесіз­дер. Еңбектеріңіз жана берсін. Отба­сы­лары­ңыздан ырыс-ынтымақ кетпе­сін, шаңырақтарыңыз шаттық пен қуа­нышқа толы болсын, – деді А.Балаева.

Еліміздің әр өңірінен келген 20 үздік отбасының ішінде Атырау­дан келген Сыралиевтер әулеті бар. Бірлігі жарасқан жанұя мүше­лері шығармашылықпен және волонтер­лікпен айналысады. Отағасы Төремұрат Сыралиев күзетші болып жұмыс істейді. Зайыбы – Сағия Кемпірбаева бала­лар музыка мектебінің директоры. Төре­мұрат 20 жылдан аса геофизи­ка­лық мекемеде еңбек етті. Сағия 35 жыл бойы Жанбай ауылында балалар музыка мектебінің мұғалімі және директоры болып жұмыс істейді. Ерлі-зайыптылар 33 жыл бойы бірге өмір сүреді. Үш қыз бен ұл тәрбиелеп отыр. Сыралиевтер отбасының азаматтық істері көп. Олар аудандық «ЖасSTAR» ерік­тілер тобын құруға ықпал еткен. Биыл су тасқыны кезінде отбасының бар­лық мүшесі шетте қалмай, адамдар­ды құтқарған, су басқан аймақтарға азық-түлік тасып, бекініс бөгеттерін салған.

Жеңімпаздардың арасында Алматы қаласы­нан келген Қапышевтар отбасы­ның шоқтығы биік. Отағасы Мұрат Қапышев мен жары Мензипа Төлеуова – зейнеткерлер. Бүгінде Қапышевтар әулетінің үшінші буыны теміржол саласында еңбек етеді. Шаңы­рақ­тағы теміржолшылардың жалпы еңбек өтілін қосса, 826 жылды құрайды екен. Ынты­мағы жарас­қан үлкен шаңырақ­тың 26 мү­шесі мамандығын теміржол сала­сымен байланыстырған. Мұрат Қапы­шевтің өзі әкесінің еңбек жолын жалғас­тырған. Теміржолшылар отбасында дүниеге келген жұбайымен бірге ол да теміржол саласында 40 жыл жұмыс істеген.

Үздік деп танылған отбасылардың ара­сында агроөнеркәсіптік кешені­нің еңбеккерлері Қызылорда облы­с­ындағы Бектаевтар отбасы бар. 89 жастағы отағасы Төлеміс Бектаев пен 87 жастағы Сәнімқұл Әшірбекова – еңбек ардагерлері. Төлеміс ата – Жалағаш ауданының құрметті азаматы, 30 жылдан аса механизатор болып істеген. Ал Сәнім­құл әже – «Алтын алқа» иегері. «Батыр ана» атағына ие болды, ауыл шаруашылығындағы үздік жетіс­тіктері үшін «Халықтар достығы» орденімен марапатталған. Күріш өсіруші 1982-1985 жылдары Қызылорда облыстық Халық депутаттары кеңесінің депутаты болған. Бүгінде отбасында 11 бала, 43 немере, 66 шөбере және екі шөп­шек тәрбиелеп отырған жайы бар.

«Мерейлі отбасы» байқауына қатысқан үміткерлердің арасында 474 мұғалімдер әулеті, 456 еңбек отбасы, 390 көпұрпақты отбасы, 327 шығармашылық отбасы, 293 еңбек әулеті, 268 кәсіпкер, 225 спортқа ден қойған отбасы, 63 меценат, 48 ерікті, 21 асырап алушы (патронат) отбасы болыпты. Ол жанұялардың әрбір мүшесі – қала, аудан, ауылдағы ағайынға еңбегімен, азаматтық ісімін үлгі-өнеге көрсетіп, отбасы құндылығын насихаттап жүрген жандар.

Сәндібек АСАНӘЛІ

Қайнар көзі: egemen.kz
Таңбалар: Мәулен Әшімбаевотбасы
Бөлісу1Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

«Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздарын марапаттады
Жаңалықтар

«Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздарын марапаттады

23.10.2025
Отбасы – қоғамның алтын діңгегі
Қоғам

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі

22.10.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
«Көшпенділер Әлемі» этноауылы ашылды

"Көшпенділер Әлемі" этноауылы ашылды

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00