Сенбі, 14 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Бүліктің алдын алу үшін Мүфтияттың мәртебесін көтеру керек

05.09.2024
- Ислам, Таңдаулы
0
800
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Қазіргі кезде қоғам ішінде дінімізге шүйлігіп жатқандар байқалады. Соның көбі өзіміздің қаракөздер.

Байқап қарасақ, тоқсаныншы жылдан бастап елді бөлуші, азғырушы әртүрлі ағымдар көп келді. Баяғы Ресейдің шоқындыру саясаты сияқты, бірақ осы жолы мұхиттың арғы жағынан келген протестанттық христиан ұйымдары көшеде, не үйлерге барып кітап, буклеттерін таратып бақты. Бұлардың саны саңырауқұлақша көп болды. Бірақ, қазақ оның артынан ермеді. Бұның бәрі сыртқы күштердің «бөліп ал да, билей бер» саясаты екені айдан анық еді.

Енді қазақты ішінен бүлдіру үшін ата-бабамыздан бері Ханафи мәзһабында, Матуриди сенімінде болған халықтың арасына әртүрлі радикалды, өз мүдделерін күйттеген, басқа да ағымдар шыға бастады. Кешегі қаңтар оқиғасынан кейін, көбінің бетпердесі ашылып, ел олардан да аяқ тартты.

Ал, содан кейін ешқандай негізі жоқ, қазақтың діні – тәңіршілдік болған дегендер шықты. Осылардың бәрі сыртқы күштердің жобалары екені айқын.

Ағымның артында саяси күштер бар

Ағымның артында саяси күштер бар

13.03.2026
Адалдық – мұсылмандық қасиет

Адалдық – мұсылмандық қасиет

13.03.2026

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Аллаға сендім деп айт та, сол ұстанымыңда бекем тұр» деп айтқан ( Муслим). Сондықтан, мұсылманмын деп айту оңай, ал сол сеніміңді қорғау оңай емес.

Фитнадан (бүлік) қорғап тұрушы соңғы есік болған Хазіреті Омар (Алла одан разы болсын) дүниеден өткелі қай заман? Содан бері фитна тоқтамай, құбылып-құбылып келуде. Енді, біз осындайда қалай қорғанамыз? Әлбетте, пайғамбарлар мирасқорлары болған ғалымдарға сүйеніп, аман боламыз. Ол үшін асыл дініміздің қара шаңырағы – діни басқармамызға бойұсынамыз.

Қарасақ, елімізде қанша діни конфессиялар бар болса да, Мүфтияттан басқасының бәрі сырттан басқарылады. Сондықтан, осы қара шаңырағымыздың маңызын, рөлін арттыратын кез келді.

Зайырлы мемлекет Түркияның өзі мешіттерді қамқорлығына алып, имамдарды еңбекақымен қамтамасыз еткен. Әлбетте, ол жерде, сонау Османиядан бері үрдіс алған уақып қорлары да жақсы дамыған. Сол себепті, Түркия Діни басқармасы бюджетінің жетпіс пайызы «Уақып» қорына тиесілі.

Осы орайда, Жаңа Қазақстан болып жатқан кезеңде «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңды қайта қарастыру қажет деп ойлаймыз. Атап айтсақ, елдің, Қазақстан мұсылмандарының тұтастығы үшін Мүфтият рөлін күшейтіп, ерекше заңмен қорғалуын қолға алу керек.

Кешегі Алаш мемлекетінің алдыға қойған бес бағдарламасының бірі – дін болатын. Қазақ халқы қазақ болып тұруы үшін тілі, діні, дәстүрі сақталу қажет.

Алла Тағала жар болып, жастардың болашағын жарқын етсін!

Қуат ҚАБДОЛДА

Таңбалар: бүлікҚуат Қабдолдамүфтияттеріс ағымфитна
Бөлісу19Твитерге12Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Мүфтият Алматыда ауызашар берді
Жаңалықтар

Мүфтият Алматыда ауызашар берді

11.03.2026
Ағым түбі – алауыздық
Видео

Ағым түбі – алауыздық

28.01.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Ұлт ұстазын ұлықтады

Ұлт ұстазын ұлықтады

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    120823 бөлісті
    Бөлісу 48329 Твитерге 30206
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1533 бөлісті
    Бөлісу 613 Твитерге 383

Соңғы жарияланымдар

Ағымның артында саяси күштер бар
Видео

Ағымның артында саяси күштер бар

13.03.2026
Адалдық – мұсылмандық қасиет
Видео

Адалдық – мұсылмандық қасиет

13.03.2026
Интернет кеңістігіндегі заңсыз миссионерлік
Ағымдар ақиқаты

Жалған діни үгіт-насихаттың психологиялық әсері

13.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00