Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Арқан тартыс: күміспен күптелген күн

11.09.2024
- Жаңалықтар, Таңдаулы
0
Фото: Аяужан Утеулинова, altainews.kz

Фото: Аяужан Утеулинова, altainews.kz

106
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бағдарламасына тұңғыш рет енгізілген спорт түрінің бірі – арқан тартыс. Бұл қазақ даласында ықылым заманнан бірге жасап келе жатқан күш сынасу түрі. Жарыстың төртінші күні әлемнің әр түкпірінен келген ондаған команда ерлер және әйелдер арасында үздіктерді анықтады.

«Жамбы ату» және «Арқан тартыс» ұлттық спорт түрлері федерациясының президенті Еркебұлан Ілиясовтың айтуынша, арқан тартыс спортына әлемде қызығушылық артып келеді. Негізі мұндай спорт түрі дүниежүзіндегі басқа да халықтарда бұрыннан бар. Әркім оны өз тілінде атайды. Дегенмен, біздің бастамамызбен биыл ол қазақтың ұлттық спорт түрі ретінде көшпенділер ойындары бағдарламасына еніп отыр.

Сонымен, ерлер арасында бұл сында Ұлыбритания, Өзбекстан, Ресей, Қырғызстан, Пәкістан және Қазақстан құрамалары өзара кім мықтыны анықтаса, қыздар арасында Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстан арулары тартысты бәсекелер өткізді.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы нағыз делебені қыздырған сайыстардың бірі де осы арқан тартыс болды. Өйткені әсіресе қазақ құрамасы алаңға шыққанда «Алау» мұз айдынына жиналған көрермендер ду қол шапалақтап, өз спортшыларын қолдағанда шынымен кеудені мақтаныш сезімі кернеді. Міне осы қолдау да біздің қыздарымыз бен жігіттерімізге сенім беріп, демеп отырғанына шүбә жоқ.

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025

Қара күш иелерінен құралған жігіттер құрамалары сынында жартылай финалға Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Пәкістан спортшылары шықты. Бұл жолы қазақ жігіттері пәкістандықтарды қапы қалдырып, финалға шықса, ресейліктер айыр қалпақты ағайындардың жолын қиды.

Осы күні түстен кейін алдымен Қырғызстан мен Пәкістан құрамалары 3-ші орын үшін таласып, тыртысты бәсекеде Алатаудың ар жағынан келген бауырлас елдің бағы жанды. Олар – жарыстың қола жүлдегері.

Ал финалдық айқас тікелей мағынадағы табан тірескен тартыспен есте қалды. Алғашқы бәсекеде бастапқы бес минаттай екі жақ та бір-бірінің қателесуін бағып, артық қимыл жасаған жоқ. Бір уақытта шалт қимылмен іске кіріскен ресейліктер, өкінішке орай, біздің жігіттерді оп-оңай сүйреп әкетті. Есеп 1:0. Бұл көріністен кейін алтын медальдан үміт үзілгендей болған. Алайда екінші тартыста біздің сайыпқырандар көпке созбай, ресейліктерді оңай сүйреп, жеңіске жетті. Сонымен есеп теңесті.

Соңғы шешуші сәтте қазақ жігіттерінің бабы сай болғанымен, сәттілік жетіспей қалды. Екі жақ та алтын медаль қол созым жерде тұрғанын түсініп, барын салып айқасып, қара терге малшынды. Бірақ бұл жолы ресейліктердің жолы болып, көшпенділер ойындарының чемпионы атанды. Біздің жігіттерде – күміспен күптелген медаль.

Қыздар бәсекесінде де дәл осындай жағдай қайталанды. Жартылай финалда сүрінген Өзбекстан мен Қырғызстан құрамаларына қола медалб берілсе, алтын жүлдені тағы да Ресей мен Қазақстан арулары сарапқа салды. Өкінішке қарай, бұл жолы да ресейліктердің бағы жанып, Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпазы атанды.

Сонымен арқан тартыс бәсекесі өз мәресіне жетті. Қазақстан қоржынында – қос күміс. Ұлттық спортымыздың мерейін асқақтатып, әлемге танылуына өз үлесін қосқан спортшыларымыздың жеңісті күндері әлі де алда.

Ескендір ЗҰЛҚАРНАЙ

Таңбалар: Дүниежүзілік көшпенділер ойындары
Бөлісу2Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Ержан ЕРКІНБАЕВ: Көшпелілер өркениеті – туризмнің өзегі
Сұхбат

Ержан ЕРКІНБАЕВ: Көшпелілер өркениеті – туризмнің өзегі

17.10.2024
«Ұлы дала жорығы» жалғасын табады
Сұхбат

«Ұлы дала жорығы» жалғасын табады

11.10.2024
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Мысырдан жеткен марапат Абай музейіне табысталды

Мысырдан жеткен марапат Абай музейіне табысталды

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00