Жұма, 9 Мамыр, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Зорлық-зомбылық. Лудомания. Вейп: қоғам кеселімен күрес күшейеді

31.07.2024
- Қоғам, Таңдаулы
0
egemen.kz

egemen.kz

65
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әділетті Қазақстанды құру бастамасы қоғам өміріне ашықтық пен жариялылық лебін ала келді. Соның арқасында азаматтар ел ішінде қордаланған әрі шешімін күткен шетін мәселелерді ашық та батыл айта бастады. Бұл өз кезегінде осы жылы ел өміріндегі елеулі заңдардың қабылдануына ықпал етті.

Президенттің Іс басқармасы жанындағы Парламентаризм институты директорының орынбасары Берік Бекжановтың айтуынша, аталған заңдар қоғам тыныштығы мен тұрақтылығы, адам құқығын қорғау жолындағы маңызды қадам саналады.

– Аталған құжаттардың негізгілеріне тоқталып өтсек, ең алғаш болып ауызға ілігетіні – әйелдер мен балалар құқын қорғауға байланысты заңнамаға енгізілген өзгерістер. Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Президент отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықты қоғам болып күресуді қажет ететін әлеуметтік проблема деп атаған болатын. Тұрмыс­тық зорлық-зомбылықты криминалдандыру, балаларға қатысты зомбылықтың барлық түрі үшін жазаны қатаңдату және алдын алу шаралары – негізгі заңнамалық жаңашылдықтар. Осы заң арқылы қоғамда бұл кеса­паттың өршуіне тосқауыл қойылды, – дейді ол.

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың Түркістанда өткен отырысында «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» қағидатын алға тартқаны белгілі. Бүгінгі қоғам адал азаматты қалай тәрбиелейді? Берік Бекжановтың айтуынша, қазақ «Бас жарылса – бөрік ішінде, қол сынса – жең ішінде» деп, көп проблеманы жабулы қазан күйінде қалдырып, тіс жармай сақтап жүре беретін халық. Бірақ мұндай заман енді өтті. «Осы ескі әдеттен бойды барынша аулақ ұстап, заң үстемдігі орнаған қоғамды бірге жасауымыз керек. Осы орайда тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күреске бағытталған, өзге де өзекті заңдар жылдар бойы пісіп-жетіліп, әділетті қоғам құрудың тетігі ретінде өмірге келді. Жаңа заңда әйелдер мен балаларға қатысты қылмыстар үшін қолданылар жазаны күшейту көзделген. Мәселен, бұрын ұрып-соғу және денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру әкімшілік құқық бұзушылықтар санатына жатқызылса, енді осы тектес қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді. 80-нен 200 АЕК-ке дейін айыппұл салу, 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту және 50 тәулікке дейін қамауға алу сынды жаза түрлері қарастырылған» дейді ол.

Немістер Қошқарбаевты неге білмейді?

Немістер Қошқарбаевты неге білмейді?

09.05.2025
Жеңістің 80 жылдығын көрген майдангерлер

Жеңістің 80 жылдығын көрген майдангерлер

09.05.2025

Сонымен қатар маман жәбірленушіні азаптағаны үшін 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 3 жыл­ға дейін бас бостандығынан айыру, денсаулыққа орташа ауырлықтағы зиян келтіргені үшін – 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру, денсаулыққа ауыр зиян келтіргені үшін – 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы белгіленгенін атап өтті.

Берік Бекжановтың сөзінше, заңды қабылдау мен оны орындау – екі бөлек мәселе. Шерағаң атап өткендей: «Заң – мемлекеттің тоғыз қабат, тор көзді сауыты». Заң қабылданды деп бөркімізді аспанға атқанымызбен, ертең оны қалай жүзеге асырамыз? Әлде бәрін мемлекеттің мойнына жүктеп қоямыз ба?

“Жоқ, заңның орындалуы ең алдымен ел тұрғындарының оны құрметтеуінен және тәртіпке бағынуынан басталады. Конституцияда жазылғандай әр азаматтың құқықтарымен қатар жауапкершіліктері де бар. Егер өзің заң талаптарын белшесінен басып, ал қоғамдағы проблемалар үшін «әкім қайда қарап отыр?» деп талап қоюды ғана білсең, ондай жағдайда кез келген заңың да өз нәтиже бермейді. Біз тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағандар үшін жазаны қатаңдаттық. Бірақ тек қатаңдатумен мәселе шешілмейді. Ең алдымен азаматтардың құқықтық мәдениеті жоғарылап, тәртіппен өмір сүруді үйренуі керек» дейді ол.

Биыл қабылданған тағы бір өзекті құжат – лудомания, яғни ойынқұмарлыққа қарсы заң. Парламентаризм институтының өкілі бұған қатысты да өз ойын білдірді.

– Иә, таяу күндері Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ойын бизнесі, лотерея қызметі және лудоманияға қатысты заң жобасына қол қойды. Өзіңіз айтқандай, ойынқұмарлық – қазір қоғамның қасіретіне айналды. Жасы да, кәрісі де жеңіл пайда табам деген ниетпен соның апанына құлап, салдарынан отбасындағы, қоғамдағы орындарын жоғалтып жатыр. Тіпті мемлекеттің сеніп тапсырған мүлкін құмар ойынға жұмсап, талан-тараж еткен мемлекеттік қызметшілер де, қолына түскен қаржының бәрін құрдымға жіберіп, сол үшін әйелімен ажырасып, тіпті өз-өзіне қол жұмсап жатқандар да бар.

Сондықтан әрине, мұндай қоғам кеселінің алдын алу үшін мемлекет тарапынан тегеурінді шара жасалуы қажет. Сол үшін жаңа заңға халықтың ойынқұмарлыққа тәуелділігін төмендетуге бағытталған шектеуші және ынталандырушы нормалар енгізілді. Бұдан былай мемлекеттік, әскери қызметшілер, арнайы және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, бюджеттік ұйымдардың басшылары құмар ойындарға, бәс тігуге қатыса алмайды. Бұл шектеуді сақтамағандарды жұмыстан шығару шарасы қарастырылған. Ойын бизнесін ұйымдастырушылардың қызметін реттеу тетіктері күшейтілді, – деді ол.

Айта кетсек, елімізде вейп сатуға тыйым салатын заң нормалары да жақында ғана күшіне енді. Соңғы екі жылда елдегі вейп сатылымы 300 есе өскен. 2,5 жыл ішінде елге үш миллионға жуық вейп әкелініпті. Денсаулық сақтау туралы заң аясында вейп таратуға толық тыйым салынды.

Ескендір ЗҰЛҚАРНАЙ

Таңбалар: басты тақырыпвейпЕскендір Зұлқарнайқұмар ойынлудоманияТұрмыстық зорлық-зомбылық
Бөлісу2Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Жеңістің 80 жылдығын көрген майдангерлер
Қоғам

Жеңістің 80 жылдығын көрген майдангерлер

09.05.2025
Мұсылман – көпке пайдалы адам
Видео

Мұсылман – көпке пайдалы адам

08.05.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Алматыда Ислам ғылыми-зерттеу институты ашылды

Алматыда Ислам ғылыми-зерттеу институты ашылды

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    73681 бөлісті
    Бөлісу 29472 Твитерге 18420
  • Сәби шағында қайтыс болған бала ата-анасына шапағатшы бола ма?

    2455 бөлісті
    Бөлісу 982 Твитерге 614
  • Баланы қай жаста сүндеттеген дұрыс?

    541 бөлісті
    Бөлісу 216 Твитерге 135

Соңғы жарияланымдар

Немістер Қошқарбаевты неге білмейді?
Қоғам

Немістер Қошқарбаевты неге білмейді?

09.05.2025
Жеңістің 80 жылдығын көрген майдангерлер
Қоғам

Жеңістің 80 жылдығын көрген майдангерлер

09.05.2025
Елімізде қанша соғыс ардагері қалды?
Инфографика

Елімізде қанша соғыс ардагері қалды?

09.05.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

      Update Required Flash plugin
      -
      00:00
      00:00
        Сұрақ қою
        Сұрақ қою