Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Бұл – имамға жабылған анық жала!

26.07.2024
- Қоғам, Таңдаулы
0
171
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Фейсбук желісінде Мүфтият қызметкері, Уақып қорының президенті Ардақ Құдайберген Қостанай облысының бас имамы Бақытбек Тәжімбеттің арақ ішіп ұсталуы туралы айтылып жатқан оқиғаға қатысты пікірін жариялады. Ол былай дейді:

«Халық даналығында: «Жалада шындық болмайды», «Қаңқу сөздің қоспасы көп», «Аяғы жаман төрді былғар, аузы жаман елді былғар», «Итке төсек не керек, естіге өсек не керек?», – деген сияқты т.б. мақал-мәтелдер өте көп.

Жала жабу деп – адамның сыртынан оның ар-намысы мен қадір қасиетіне нұқсан келтіретін, абыройын түсіретін жалған мәлімет таратуды айтамыз.

Ғалымдар жала жабудың күнәсі ғайбаттан да ауыр екендігін айтқан. Себебі, жала жабуда өтірік қоса араласып жүреді. Әбу Һурайрадан жеткен хадисте Алла елшісі сахабалардан:

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025

«Ғайбаттың не екенін білесіңдер ме?», – деп сұрайды. Олар: «Оны Алла мен елшісі жақсырақ біледі», – деп жауап қатады. Пайғамбар : «Ғайбат деген – бауырыңды оның ұнатпайтын нәрсесімен еске алуың», – дейді. Сонда біреу: «Егер айтып жатқаным бауырымның бойынан табылса ше?», – деп сұрақ қояды. Пайғамбар : «Егер айтқаның оның бойынан табылса, ғайбаттадың демек. Ал егер бойында болмаса, онда жала жапқаның», – деп жауап береді».

Құранда Алла Тағала жала жабудың үлкен күнә екендігі жайында былай дейді;

«Мүмін еркектер мен мүмін әйелдерді жоқтан өзгемен ренжіткендер, анық сол жаланы және үлкен күнәні өз мойындарына артқан болып есептеледі».

Бақытбек имамға қатысты айтсам, бұл таза жала! Жүз пайыз сенімділікпен айта аламын. Бақытбек бала күнінен тазалықпен ержетіп, сол тазалығы дін қызметіне жетелеген жанашыр азамат. Кешегі жер-жерді су басқанда Қостанай халқын судан қорғаймын деп, қайық астына түсіп басы жарылған да осы имам еді! Алғашқы волонтерлердің де басын қосып топтастырған да осы имам! Басқа қайырымды істерін Қостанайлықтарға қалдырайық. Солар айтсын.

Егер Бақытбек төбелесіп қалыпты, біреудің мұрнын бұзыпты десе, сеніп қалар едім. Бірақ ішімдік ішіп дегені енді қисынға келмейді. Бақтыбекті жеке өмірімде жақсы танимын!

Ол қымыз ішіп мас болғанында күмән жоқ. Иә қымызды Бәкең сүйіп ішеді. Қымызға мас болған қазақты бүгін көргендей шулаудың қажеті жоқ. Қымыздың мас қылатынына кімнің таласы бар?!

Клубтың алдынан кім өтпейді?! Ит те өтеді, мал да өтеді? Кулубтың ішінен қолын қайырып алып шығы па екен?!

Жала жапқысы келген адам қымызы мен сусынына ішімдік қоспағанына кім кепіл?!

Өлтіргісі келгенге у қосу оңай. Абыройсыз қылғысы келгенге су қосу оңай қазір.

Қазіргі технология дамыған заманда айтпағаныңды айттырып, айтқаныңды қалауына қарай өзгертіп ала беретіні бәріне белгілі. Сенбей тұрып, сөз қылмай тұрып, ақиқатқа көз жеткізу керек сірә!

Иттің үргеніне қосылып үре бермей, әліптің соңын бағу керек. Кеше ардақты анамыз Айшаға (Алла одан разы болсын) жала жабылғанда да шындай қылып сендірушілер болған. Арандап қалмайық ағайын!

Жалаға алау, арамға жалау бермей тұрып, отқа май құймауға шақырамын!

Ақиқатын Алла біледі. Ешкім Бақытбектің қасында болған жоқ. Көрмеген, көз жетпеген нәрсеге баға беруден асқан надандық жоқ! Ақиқатында қалай болғаны туралы айтылар күн алда. Алайда сол күнге дейін талай адам күнә арқалап, талай адам арандап, талай жан ертең зұлымдыққа ұшыраушының бетіне тура қарайтын бет те қалмайтын болды!

Айтпақшы, абай болайық! Мазлұмның (жалаға қалған, зұлымдыққа ұшыраған адам) дұғасы (қарғысы) қабыл! Аяғымыз көктен келіп жүрмесін! Сақ болайық!

Алла жар болсын саған бауырым! Ұстамды бол! Алла сені бұданда маңызды іске әзірлеп жатқан болар! Дін үшін, ел үшін жасаған жақсылығың ел есінде! Есті ел, ерін қорғап алады әлі-ақ! Тек мынау заманда біреуге мал, біреуге жан қайғы болды ғой. Қапаланба! Қазақтың маңдайына біткен жақсылардың бәрі абақтының салқынын тартқан! Мен саған сенемін!»

Таңбалар: арақ ішужала
Бөлісу4Твитерге3Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Расписание времени поста и намаза на месяц Шавваль-2022 по городам Казахстана
Сұрақ-жауап

Арақ ішкен адамның 40 күнге дейін оразасы қабыл болмай ма?

19.02.2025
Сұрақ-жауап

Адамның айыбын айту күнә ма?

19.02.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Әлеуметтік желіні қолданудың әдебі мен мәдениеті

Әлеуметтік желіні қолданудың әдебі мен мәдениеті

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00