Жексенбі, 15 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Зул-хижжа айына қатысты үкімдер

12.06.2024
- Ислам, Таңдаулы
0
113
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Алла Тағала адам баласы салиқалы-ізгі амалдарды көп жасауы үшін кейбір түндерді, күндерді және айларды ерекшелеп қойды. Соның бірі – зул-хижжа айының алғашқы он күні.

Алла Тағала Құранда:

وَالْفَجْرِ (١) وَلَيَالٍ عَشْرٍ (٢)

«Тәңсәріге серт және он түнге (зул-хижжа айының алғашқы он түніне)»[1], – деп ант етті.

Құлдың құлы

Құлдың құлы

14.03.2026
Елордада қазақтың байырғы өмір салтын паш ететін көрме ашылды

Елордада қазақтың байырғы өмір салтын паш ететін көрме ашылды

14.03.2026

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): ««Дүниенің ең абзал күндері (Зул-хижжаның алғашқы) он күні»[2], – деген.

Зул-хижжа айының алғашқы он күніне қатысты өзіндік артықшылықтар мен үкімдер бар:

  1. Зул-хижжа айының алғашқы он күні. Бұл қасиетті күндер болып саналады. Сондықтан осы күндері көбірек құлшылықтарды, ізгі амалдарды орындау – мұстахап. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Алла Тағалаға осы он күнде істелген игі істен жақсырақ амал жоқ», – деді. Сахабалар: «Уа, Алланың Елшісі! Сонда Алла жолында соғысу да оған тең келмей ме?» – деп сұрағанда, ол (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Алла жолында соғысу да оған тең келмейді. Тек жанымен әрі малымен жорыққа барып, кері қайтпаған адамның жағдайы бөлек»[3], – деген.

Тағы бір хадисте: «Алла Тағаланың құзырында осы он күнде жасалған ізгі амалдан абзал әрі сүйкімді игі іс жоқ. Ол күндері тасбихты (субханаллаһ), тахмидты (әлхамду лилләһ), тахлилді (лә иләһа иллаллаһ), тәкбірді (Аллаһу акбар) көбейтіңдер» [4], – делінген.

  1. Зул-хижжа айының алғашқы сегіз күнінде ораза ұстау – мұстахап[5]. Бұл күннің оразасына қатысты арнайы дәлел келмегенімен, ол жоғарыда хадисте айтылған жалпы ізгі істердің қатарына жатады. Оған қоса тыйым салынған күндерден басқа кез келген уақытта ораза ұстау – сауапты іс.
  2. Арапа күні қажылардан басқасына ораза ұстау – сүннет[6]. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Арапа күні ораза ұстау арқылы Алладан өткен және келесі жылдың күнәсін кешіруді үміт етемін» [7], – деген.
  3. Құрбан айт (зул-хижжаның оныншы) және ташриқ[8] күндері ораза ұстауға шариғат тұрғысынан рұқсат етілмейді[9]. Әбу Сағидтан жеткен риуаятта: «Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ораза және құрбан айт күндері ораза ұстауға тыйым салды»[10], – делінген.

Келесі хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Ташриқ күндері – ол ішіп-жеу және Алланы еске алу күндері»[11], – деген.

  1. Ханафи мәзһабы бойынша құрбан айт күндері дәулетті (қажетінен тыс зекеттің нисап мөлшеріне жеткен)[12] адамға құрбан шалу – уәжіп[13]. Алла Тағала Құран Кәрімде: «Раббыңның разылығы үшін намаз оқы және құрбандық шал»[14], – деп бұйырды. Бұл жердегі бұйрық рай уәжіпті білдіреді[15].

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Жағдайы бола тұра құрбандық мал шалмаған кісі біздің мешітімізге жақындамасын»[16], – деп ескерткен.

Құрбан шалу – Алла Тағаланың берген сансыз нығмет-несібелеріне әрі жылдан жылға аман-есен жеткенге шүкіршілік ретінде һәм жыл бойы жіберген күнә-қателіктерді жуу үшін орындалатын ғибадат. Сондай-ақ, мұсылманның шалған малының етінен бала-шағасына, ағайын-туысына, көршілеріне, мұқтаж жандарға тарату арқылы қоғамдағы береке-бірлік, ынтымақ, жанашырлық, ағайындық, татулық арта түседі.

Алла Тағала елімізге амандық, жұртымызға тыныш бергей! Барша мұсылман халқына бұл айды сауапты істермен өткізіп, Жаратқан Иеміздің мейірімі мен кешіріміне кенелуді нәсіп еткей!

Ескерту:

Биыл зұлхижжа айының басталуы 7 маусымға тура келеді.

15 маусым – Арапа күні.

16-18 маусым – Құрбан айт күндері.

ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі

 

[1] «Фәжр» сүресі, 2-аят.

[2] Ибн Хиббан, «Сахиху Әл-жамиғ», №1144.

[3] Бұхари, №969.

[4] Табарани, №11116. Бәйһақи, №3758.

[5] «Әл-Муфассал фи әл-фиқһи әл-Ханафи», 1/292.

[6] Кәсәни, «Бәдәиу әс-сәнәйығ», 2/79. «Тухфәту әл-фуқаһа», 1/343.

[7] Муслим, №1162. Термизи, №749.

[8] Құрбан айттан кейінгі үш күн.

[9] Ибн Нужәйм, «Әл-Бәхру әр-райық», 2/227. «Әл-Муфассал фи әл-фиқһи әл-Ханафи», 1/292. Тахауи, «Шәрху мәғани әл-әсәр», 1/402. Ибн Абдулбәр, «Әл-Кәфи», 1/346. Әш-Ширбини, «Муғни әл-мухтаж», 1/433. Ибн Мулих, «Әл-Фуруғ», 5/109.

[10] Бұхари, №1991. Муслим, №827.

[11] Ибн Мәжә, №1719. Ахмад, №7134.

[12] Нисап мөлшері – 85 грамм алтынға, яки соның құнына тең келетін қаражат, сондай-ақ, 40 қой, 30 қарамал, 5 түйе. Құрбан шалу уәжіп болуы үшін осы мөлшердегі қаражаттың бір жыл бойы қолда болуы шарт емес. Құрбан айты қарсаңында болса да жеткілікті. Ал осы мөлшердегі қаржысы болмаса да басқалармен бірігіп ірі қара шалса, не жеке өзі қой шалса, құрбандығы қабыл.

[13] «Әл-Ихтияр ли тағлили әл-мухтар», 4/252. «әл-Һидәя», 7/146. «Әл-Муфассал фи әл-фиқһи әл-Ханафи», 1/213.

[14] «Кәу­сар» сүресі, 2-аят.

[15] «Бәдаиу әс-санайығ», 10/245.

[16] Ибн Мәжә, №2123, Ахмад, №8273.

Қайнар көзі: muftyat.kz
Таңбалар: қажылыққасиетті айқұрбан айт
Бөлісу3Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Ораза – отыз күндік медресе
Ғибратты әңгімелер

Оразаның сырлары

12.03.2026
Рекомендации паломникам, совершающим Хадж-2022
Сұрақ-жауап

Қажылықта «лаббайка» деп жиі айтылатын қандай сөз?

11.03.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Мекке: Алғашқы медициналық бөлме жұмысын бастады

Мекке: Алғашқы медициналық бөлме жұмысын бастады

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    120878 бөлісті
    Бөлісу 48351 Твитерге 30220
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1598 бөлісті
    Бөлісу 639 Твитерге 400

Соңғы жарияланымдар

Құлдың құлы
Ғибратты әңгімелер

Құлдың құлы

14.03.2026
Елордада қазақтың байырғы өмір салтын паш ететін көрме ашылды
Жаңалықтар

Елордада қазақтың байырғы өмір салтын паш ететін көрме ашылды

14.03.2026
Көк паспорттың қадірі
Мемлекет және дін

Көк паспорттың қадірі

14.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00