Жұма, 10 Қазан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Исламның зайырлы білім алуға көзқарасы

10.06.2024
- Ислам, Таңдаулы
0
314
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Пәтуа № 

 Мейірімді, рахымды Алланың атымен бастаймын!

الحمد لله رب العالمين و الصلاة و السلام على سيدنا محمد وعلى آله وأصحابه أجمعين ” أما بعد“

Барлық мақтау Алла тағалаға тән және пайғамбарымыз Мұхаммедке (Алланың оған сәлемі мен игілігі болсын), оның отбасына, сахабаларына Алла тағаланың рахым нұры жаусын!

Израиль мен ХАМАС арасындағы бітім қашан басталады

Израиль мен ХАМАС арасындағы бітім қашан басталады

09.10.2025
Ауғанстанда бірқатар әлеуметтік желілерге кіруге шектеу қойылды

Ауғанстанда бірқатар әлеуметтік желілерге кіруге шектеу қойылды

09.10.2025

Білім алып, сауатты болу  – ислам дінінің ең басты талабы. Алла тағала білімге байланысты алты жүзден астам аят түсірген. Ең әуелгі түсірілген аяттың өзін «оқы» деп бастады. Алла тағала ол жайлы Құранда былай дейді:

اقْرَأْ بِاسْمِ رَبِّكَ الَّذِي خَلَقَ.

«Сондай, жаратқан Раббыңның атымен оқы!»[1].

Тағы бір аятта Алла тағала былай дейді:

قُلْ هَلْ يَسْتَوِي الَّذِينَ يَعْلَمُونَ وَالَّذِينَ لا يَعْلَمُونَ.

«(Мұхаммед (с.ғ.с.)) оларға: «Білгендер мен білмегендер тең бола ма?»,- де»[2].

Пайғамбарымыз (Алланың оған сәлемі мен игілігі болсын) өзінің бір хадисінде:

طلب العلم فريضة على كل مسلم

«Білімді талап ету әрбір мұсылманға парыз»[3]-деген.

Міне осы сияқты көптеген аяттар мен хадистер білім алуға қызықтырып, ынталандырады. Жалпы білім алудың үкімі парыз. Ол екіге бөлінеді: парыз айн, парыз кифая.

1) Парыз айн дегеніміз әрбір мұсылман ер мен әйел дініне қажетті маңызды істерді (Раббысын тану, харам мен халалды айыру, құлшылығын дұрыс орындауды) үйреніп, білуі.

2) Парыз кифая дегеніміз егер бір адам оны орындаса басқасының мойнынан түседі деген ұғым. Егер оны біреуі де орындамаса барлығы күнәһар болады.

Имам Ғазали былай дейді: «Парыз кифая шариғи және зайырлы болып екіге бөлінеді». Шариғи білім Пайғамбарымыздан (Алланың оған сәлемі мен игілігі болсын) үйренген нәрселер (жаназа намазы, мәйітті жуу), ақыл жетелейтін, тәжірибе, есту арқылы туатын математика, медицина және тіл білімі емес.

Зайырлы білім үшке бөлінеді:

Бірінші: Мақтаулы білім. Ол – дүние істеріне байланысты пайдалы істер. Оның өзі парыз кифая және артықшылық болып екіге бөлінеді:

1) Парыз кифая ол дүние істерін аяққа тұрғызуға қажетті бүкіл ілімдерді қамтиды. Мысалы, адамның дене-мүшесі сау болуына медицина білімі қажет. Сауда-саттық жасау, өсиетті орындау, мирасты бөлу үшін есепті білуі тиіс. Бұл ілімнен бір қала мақұрым қалса онда барлығы күнәға батады. Ал оны кейбірі орындаса басқаларының мойнынан парыз міндеті түседі. Сол сияқты медицина мен математика білімін алу міндет болғанындай ауыл-шаруашылық, тоқыма, тігін салаларын да меңгеру парыз кифая.

2) Артықшылық дегеніміз қажетінен тыс бір саланы (медицина, математика т.б.) тереңінен зерттеу.

Екінші:  Жаман саналған білім. Ол – сиқыр, дуалау ілімдерін үйрену.

Үшінші: Мубах болған білім. Ол – әдептілікті қамтыған өлең-жырларды, бізге жетіп келген хабарлардың, мағлұматтардың тарихи мерзім, уақыттарын үйрену[4]».

Ендеше, зайырлы білімдерді алу-парыз кифая. Оған негізгі дәлелдер мыналар:

1) Алла тағала былай дейді:

هُوَ أَنْشَأَكُمْ مِنَ الأرْضِ وَاسْتَعْمَرَكُمْ فِيهَا.

«Ол, сендерді топырақтан жаратты әрі жер бетінде өмір сүргізді»[5].

Жер бетінде тіршілік ету үшін күнделікті халық тұтынатын қажетті бұйымдарды өңдейтін жеңіл өнеркәсіп, тоқыма өнеркәсібі, тамақ өнеркәсібі қажет болады. Сол сияқты заманауи байланыс жүйелері мен ақпараттық құралдар, технология, биология салалары өмірімізге қажетті әрі пайдалы. Ендеше, бұл салалар мен өнеркәсіпті қолға алатын білікті мамандар қажет.

2) Пайғамбарымыз (Алланың оған сәлемі мен игілігі болсын) құрма будандастырушыларға былай деп айтқан: «Сіздер дүние істеріңізді жақсы білесіздер»[6]. Бұл зайырлы білімді құптауға дәлел болады.

3) Алла тағала былай дейді:

  قُلْ مَنْ حَرَّمَ زِينَةَ اللَّهِ الَّتِي أَخْرَجَ لِعِبَادِهِ وَالطَّيِّبَاتِ مِنَ الرِّزْقِ.

 «(Мұхаммед Ғ.С.): Алланың құлдарына көркем етіп шығарған нәрсесін (киімін) және берген жақсы несібелерін кім арам етті» де[7]. Бұл аяттан түсінетіміз, Алла тағала жер бетіндегі жақсы несібелердің барлығын бізге адал етті. Оларды адал кәсіппен өндіру қажет. Мұхаммад бин Хасан: «Кәсіпті талап ету білімді талап ету парыз болғанындай парыз»-деді. Өйткені Ибн Масғудтан жеткен хадисте Пайғамбарымыз (Алланың оған сәлемі мен игілігі болсын) былай дейді: «Кәсіп ету әрбір мұсылманға парыз». Тағы бір хадисте: «Кәсіпті парыз намазынан кейін талап ету (тиіс)»-деген. Яғни парыздан кейінгі парыз амалы деген мағына. Өйткені парызды өтеуге жетелейтін тек бір нәрсе болса, ол да парыз болады. Себебі құлшылықты денеде күш-қуат болса ғана орындайсың. Дененің күш-қуаты әдетте азық-түліктен нәр алады. Ал азық-түлікті кәсіппен табасың[8].  Әрине мұның барлығы зайырлы білімді қажет етеді.

Кезінде Ислам ғалымдары дін мен дүние істерін ұштастырып, білімнің алуан түрлі салаларын  меңгерді, адамзат тарихы мен мәдениетін сабақтастыра отырып, әлемде жаңа мәдениеттің тың үлгісін қалыптастырды. Сол үшін мұсылмандар даму тұрғысынан алда болды. Бірақ өкінішке орай қазір ғылымға мән бермегеннің салдарынан артта қалып қойдық. Мұсылман екі дүниенің арбасын бірге сүйреуі тиіс. Әнас ибн Мәліктен жеткен хабарда Пайғабарымыз (Алланың оған сәлемі мен игілігі болсын) былай дейді: «Сендердің жақсыларың дүниесін ақыретке, ақыретін дүниеге тастап қойғандарың емес, бәлкім екі дүниенің арбасын бірдей ұстағандарың. Шын мәнінде, дүние ақиретке жетелейді».[9]

Үкім:

Сондықтан қазіргі таңда аса қарқынды дамып келе жатқан жаңа технологияларды меңгеру, медицина, физика, химия, математика, астрономия т.б. адамзат пайдасына қажетті барлық салаларды жете меңгеру үшін зайырлы білім алу қажет, сол үшін бұл парыз кифая болып табылады. Себебі әрбір саланың өз маманы болмаса қоғамның тіршілігі мен дамуына кері әсерін тигізеді.

Ал кәсіби білім алу баршаға парыз. Өйткені әркім өз отбасын, әйел бала-шағасын материалдық қажеттіліктерімен қамтамасыз етуі шарт.

Осы себепті мұсылмандар дүние тіршілігіне қажетті салаларды дамытып отыруға міндетті.

والله اعلم بالصدق و الصواب

 ҚМДБ-ның шариғат және пәтуа бөлімі

[1] Ғәлақ сүресі 1-аят.

[2] Зүмәр сүресі 9-аят.

[3] Ибн Мәжә риуаяты.

[4] Әбу Хамид Мухаммад бин Мухаммад Әл-Ғазали, «Ихйаи улуми әд-дин», «Дарул ғаддил жадид» баспасы, Мысыр-Мансура 2005 ж. 1 том, 25-26 бет.

[5] Һуд сүресі 61-аят.

[6] Муслим риуаяты.

[7] Ағраф сүресі 32-аят.

[8] Маусули, Ихтияр, 295.

[9] Ибн Асакир, Хатиб Әл-Бағдади.

Қайнар көзі: fatua.kz
Таңбалар: басты тақырыпбілім алузайырлы білімзайырлылықҚМДБпәтуа
Бөлісу2Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Жетісуда жаңа мешіт ашылды
Жаңалықтар

Жетісуда жаңа мешіт ашылды

06.10.2025
Білім іздегенге бағдар керек
Видео

Білім іздегенге бағдар керек

03.10.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Бақтықожа Ізмұхамбетов: Діни фанатизм – қоғам кеселі

Бақтықожа Ізмұхамбетов: Діни фанатизм – қоғам кеселі

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Израиль мен ХАМАС арасындағы бітім қашан басталады
Қоғам

Израиль мен ХАМАС арасындағы бітім қашан басталады

09.10.2025
Ауғанстанда бірқатар әлеуметтік желілерге кіруге шектеу қойылды
Жаңалықтар

Ауғанстанда бірқатар әлеуметтік желілерге кіруге шектеу қойылды

09.10.2025
Сұрақ-жауап

Қандай жағдайларда ғұсыл алынады?

09.10.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

      Update Required Flash plugin
      -
      00:00
      00:00
        Сұрақ қою
        Сұрақ қою