Сенбі, 13 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Астана» медресе-колледжін 47 түлек бітірді

20.06.2024
- Жаңалықтар, Таңдаулы
0
92
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Елордадағы «Астана» медресе-колледжі биылғы түлектеріне диплом табысталды. Айтулы іс-шараға ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысты.

«Жолың болсын, жас түлек» атты мерекелік кеш қасиетті Құран аяттарын оқумен басталып, Бас мүфти медресе шәкірттеріне ізгі тілегін жеткізді.

«Алла Тағала қасиетті Құран аятында білгендер мен білмегендер тең бола алмайтынын баяндаған. Дінімізде білім алудың маңызы өте зор. Медреседе алған ілімдеріңізді жалғастырамын десеңіздер елімізде мүмкіндік көп. Сондықтан әркез талмай білімге ұмтылыңыздар. Дін адамы әрқашан елдің бірлігін, жұрттың амандығын ойлауы тиіс. Сіздердің мінезіңізге, тәрбиеңізге, қызметіңізге ел разы болса, бұл ұстаздар еңбегінің жемісі деп санаймын.

Осман ибн Аффан (Алла оған разы болсын) Пайғамбарымыздан (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жеткізген хадисте былай делінген: «Қиямет күні үш түрлі адамға шапағат етіледі: Пайғамбарлар, содан соң ғұламалар, содан соң шейіттер». Міне, білім алудың қандай маңызды екенін осыдан-ақ аңғаруға болады» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Арман Әсенов: Сарбаз бесаспап болуы керек

Арман Әсенов: Сарбаз бесаспап болуы керек

12.12.2025
Міржақып шығармашылығы талқыланды

Міржақып шығармашылығы талқыланды

11.12.2025

Сондай-ақ Бас мүфти өз сөзінде Діни басқарма медресе түлектеріне қашан да қолдау көрсете беретінін жеткізді. Айта кетсек, биыл еліміздегі 9 медресе-колледжі 434 түлек бітірді. Оның 289-ы ер бала, 145-і қыз бала. 210 түлек бұйрық алып, қызметке орналасуда. Нұр Мүбарак университеті мен Хусамудин ас-Сығанақи институтында оқуын жалғастыруға ниет танытып отырған шәкірттер де аз емес. Ал Астана медресесін биыл 47 түлек бітірді. Оның 36-сы ұлдар, 16-сы қыз балалар.

«Астана» медресе-колледжі 2007 жылы ашылған болатын. Содан бері медресені жалпы 427 шәкірт бітіріп шықты. Түлектерге диплом беру шарасында Бас мүфти медреседен Құранды толық жаттаған және медресеаралық олимпиадада үздік нәтиже көрсеткен шәкірттерге бір реттік сыйақы табыстады.

Қайнар көзі: muftyat.kz
Таңбалар: жас түлекНаурызбай қажы Тағанұлы
Бөлісу2Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Халықаралық Құран жарысына дайындық пысықталды
Жаңалықтар

Халықаралық Құран жарысына дайындық пысықталды

14.10.2025
ҚМДБ: Төралқа мәжілісі өтті
Жаңалықтар

ҚМДБ: Төралқа мәжілісі өтті

10.10.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Сауабы мен күнәсі тең түскен адам қайда барады?

Бір күнә жасау – тозаққа қарай бір қадам жақындау

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Сұрақ-жауап

Қан алдыру туралы

12.12.2025
Арман Әсенов: Сарбаз бесаспап болуы керек
Сұхбат

Арман Әсенов: Сарбаз бесаспап болуы керек

12.12.2025
Мәдениет экономиканың драйверіне қалай айналады? Депутат Күлпаршын Айдархановамен сұхбат
Сұхбат

Мәдениет экономиканың драйверіне қалай айналады? Депутат Күлпаршын Айдархановамен сұхбат

12.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00