Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Сенат Төрағасы Мұсылман ақсақалдар кеңесінің Бас хатшысымен кездесті

24.02.2024
- Жаңалықтар, Таңдаулы
0
54
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Мұсылман ақсақалдар кеңесінің Бас хатшысы Мұхаммед Әбделсаламмен кездесті. Сұхбат барысында тараптар жаһандық дінаралық және өркениетаралық диалогты одан әрі ілгерілету бағытындағы өзара іс-қимылдың келешегін талқылады.

Сенат Спикері Мұсылман ақсақалдар кеңесінің Бас хатшысына ілтипат білдіріп, Ұйым жұмыс істеп келе жатқан 10 жылдың ішінде халықаралық аренада бейбітшілік, бірлік және діни толеранттылық идеяларын дәріптеуге үлкен үлес қосқанын атап өтті.

Кездесу кезінде Кеңестің мақсаттары Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің қағидаларымен үндесетіні айтылды. Мәулен Әшімбаев Мұсылман ақсақалдар кеңесінің Орталық Азиядағы өкілдігінің Астанада ашылуы соның жарқын көрінісі саналатынын тілге тиек етіп, бұл оқиға Қазақстан үшін ерекше маңызға ие екеніне назар аударды.

Сонымен қатар Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Съезді дамыту Тұжырымдамасына сәйкес алдағы уақытта Хатшылық тарапынан атқарылатын жұмыстарға тоқталды. Ол Мұсылман ақсақалдар кеңесімен байланысты одан әрі нығайтуға, сондай-ақ, дау-жанжалдарды бейбіт жолмен шешу және өзекті сын-қатерлерді еңсеру үшін рухани дипломатияның әлеуетін дамытуға мүдделі екенін жеткізді.

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халықаралық қауіпсіздіктің жаңа жүйесін құру үшін бейбітшілікке шақыратын тың жаһандық қозғалыс қажет екенін үнемі айтып келеді. Қазіргі таңда Мұсылман ақсақалдар кеңесі барлық діндердің диалогын нығайту жолындағы жұмысты белсенді жүргізіп отыр. Біз Кеңес пен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің жаһандық өзекті мәселелерді шешу ісінде дін лидерлерінің әлеуетін пайдалану жөніндегі ынтымақтастығын құптаймыз. Бірлескен күш-жігердің арқасында конфессияаралық және өркениетаралық диалогты нығайтуға ықпал етеміз деп сенеміз», – деді Сенат Төрағасы.

Өз кезегінде Мұхаммед Әбделсалам Қазақстанның төзімділік пен келісім сияқты құндылықтарды дәріптеу бағытында атқарып келе жатқан жұмысын жоғары бағалады. Сондай-ақ ол Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі аясында Кеңеспен белсенді іс-қимыл қалыптасқаны үшін ризашылығын білдіріп, өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін жеткізді.

Таңбалар: Мәулен ӘшімбаевМұсылман ақсақалдар кеңесі
Бөлісу1Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

«Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздарын марапаттады
Жаңалықтар

«Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздарын марапаттады

23.10.2025
Сенат төрағасы Халықаралық Құран байқауының ашылуымен құттықтады
Жаңалықтар

Сенат төрағасы Халықаралық Құран байқауының ашылуымен құттықтады

15.10.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Қарағандыда кезекті «көкек ана» іздестіріліп жатыр

Қарағандыда кезекті "көкек ана" іздестіріліп жатыр

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00