Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Алла залымдарды не үшін бұл дүниеден жойып жібермейді?

07.12.2023
- Ислам, Таңдаулы
0
150
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

«Әлемдегі жазықсыз жандарға қиянат еткен адамдарды Құдай неге жойып жібермейді? Немесе кенеттен бұндай адамдарға «бәле» жібермейді?» деген ойлар иманды, тәрбиелі, ұлтшыл, мәдениетті т.б адамдарды бұндай ойлар мазалайтыны баршаға мәлім. Бұл туралы мұсылмандардың түсінігінде нендей пікірлер барын бөлісуді жөн деп білдім. Сонымен қатар Қасиетті Құран Кәрімде біздің дәуірімізге дейін жер бетіндегі кейбір тайпалар туралы айтылған қиссалардан жойылып кеткен немесе Құдайдың қаһарына ұшыраған қауымды естігенімізде, бүгінгі кейбір қоғамда болып жатқан олқылықтарды көргенде ара-тұра : «неге қазір дәл солай болып жатқан жоқ?» деп ойлаймыз. Жазықсыз жандардың жанына қастық жасаған адамдар өмір сүруге қаншалықты лайық деген сауалдар баршамызды мазалауы қалыпты жағдай.

Осындай және осыған ұқсас сұраққа дұрыс жауап беру үшін алдымен мына нәрсені жақсы түсіну керек: Құран Кәрімде жойылды деген қоғамдардың ешбірі қиянат немесе зұлымдық жасағанда, Алланы тәрк еткен сол сәтте жойылған жоқ. Сонымен қоса алғанда, Құран Кәрімде көмек көрсетілген пайғамбарлар мен адамдардың ешқайсысына сол мезетте көмек көрсетілмеген. Мысалы:

Нұх пайғамбардың пайғамбарлығы 950 жыл халқын иманға шақырды. Осы уақыт ішінде қауымын тура жолға түсер деген үмітпен барлық тәсілді қолданды. Алла оған: «Ей, Нұх! Бұдан былай оның қауымынан осы уақытқа дейін иман келтіргендерден басқа ешкім иман келтірмейді», – делінгенде, Алла залымдарды жер бетінен жойып оған жәрдем берді.

Ал, Ибраһим пайғамбар халқын жылдар бойы Алланың барлығы мен бірлігіне шақырды, бірақ оның халқы, әсіресе әкесі оның бұл ісіне қарсы болды. Әкесінің пұттарын сындырғанда, баласын отқа тастап өлтіргісі келді. Өзіне сенген санаулы адамдармен тайпасынан ұзаққа көшіп кетті. Осылайша Ибраһим пайғамбар, туған жерімен, отбасымен, туған жерімен қоштасты. Арадан жылдар өткенде әйелі Ажар мен ұлы Ысмайылды алыс елдерге қалдырып, тағыда елінен ұзаққа қоныс аударды.

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025

Мұса пайғамбар кезінде исраилдіктер Мысырда жылдар бойы қиянат пен азапқа ұшырады. Мұса пайғамбар сәби болып туылып, ержетіп есейген соң басынан түрлі оқиғалар өтті. Мысырдан Мединаға қашып, онда жылдар бойы тұрып, Мысырға оралғанда пайғамбарлық мәртебе жіберілді. Осы жерде перғауынмен күресі осыдан кейін басталып, бүкіл осы процестің соңында исраилдіктер құтқарылып, перғауынның қауімі суға батырылып жойылды.

Жүсіп пайғамбар кішкентай кезінде ағалары оны құдыққа лақтырады. Әкесінен, бауырларынан жылдар бойы жырақта өмір сүрді, басынан түрлі қиын оқиғалар өтті, бірақ ақыры Алла тағала оны отбасымен қайта қауыштырды.

Айюб пайғамбарды ұзақ жылдарға созылған аурумен сыналды. Ауыртпалық пен қиыншылықтардан кейін оған ұзақ жылдар берекетті ғұмыр нәсіп етті.

Мұхаммед пайғамбар, пайғамбар болғанға дейін жылдар бойы жетім және жоқшылықта өсті. Хатижа анамызға үйленгеннен кейін ғана материалдық жағынан жақсарды, алайда пайғамбарлық жылдарында азапты өмір қайтадан басталды. Пайғамбарымыз Мұхаммед және иман еткен мұсылмандар Меккеде он үш жыл бойы қиянатқа ұшырады, келемеждеу, қорлау, азаптау сияқты түрлі қатыгездіктерге ұшырады. Миғраждан кейін де дін дұшпандары бұл зұлымдықтары жалғасты. Осыдан соң  Мұсылмандар Меккеден Мәдинаға қоныс аударып бұндай қиындықтан құтылды.

Мұхаммед пайғамбарымыздың жұбайы және мүміндердің анасы Айша анамызды зина жасады деп айыптады. Осы оқиғадан кейін Мәдина қаласы бір ай бойы дүрбелеңге түсіп, екіжүзділер жала жабуды одан сайын қыздыра түсті. Пайғамбарымыз Мұхаммедтің әулетінің тыныштығы бұзылып, Айша анамыздың жылаудан көзіне жас қалмады. Бұл оқиғаға қатысты алғашқы сәттен-ақ Айшаның кінәсіздігін білдіретін аят түссе де болар еді, бірақ олай етпеді. Тура бір айдан кейін ол туралы Жәбірейіл періште арқылы уахи жіберілді. Осы және осыған ұқсас қиындықтарды көбейтуге болады.

Осы және осыған ұқсас барлық оқиғалардың барлығында Алланың кейбір өзгермейтін мынадай заңдылықтарын көреміз:

  • Алла жолында болғандар әрқашан кейбір қиындықтарға ұшыраған. Бірде өмірінен,  кейбірде туыстарынан айырылуымен, бірде денсаулығымен сыналады.
  • Кез келген залымның езгісі мәңгілік болған емес, бір күні зұлымдық бітеді, залымдар жойылады. Расында Раббымыз былай деген: «Ай: Жер-жерді аралап, қылмыскерлердің ақыры не болғанын көріңдер!» (нәміл сүресі 69)
  • Осы оқиғалардың барлығы болып жатқанда тек қана жәбірлеушілер мен жәбірленушілер ғана емес, олардың жанында тұрғандар немесе үнсіздігін сақтағандар да сынақтан өтуде.

Қорытындылайтын болсақ, Уа Раббымыз! Қуғын-сүргіннің, қиянат пен сатқындықтың, арандатушылық пен зұлымдық мәңгілік болмайтынын, оның бір күні бітетінін білеміз. Отандас, жерлес және туыстас бауырларымыздың басына түскен кез келген қиындықтары мен ауыртпашылығын, сырқауы мен қараңғылығының тезірек біткенін көрейік. Уа Раббым! Бізді залымдардан және екі жүзділерден, бүлікшілердің арбауынан, надан молдалардан, білімсіз дәрігерден, тәубесіз басшыдан және арт ниетті жандардан сақта.

 

PhD, Исатай Бердалиев

Таңбалар: зұлымдықМұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар
Бөлісу4Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Кісі ақысын жеу – кешірілмейтін күнә
Ислам

Кісі ақысын жеу – кешірілмейтін күнә

11.10.2024
Жастарға Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) өмір жолы баяндалды
Жаңалықтар

Жастарға Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) өмір жолы баяндалды

10.10.2022
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Бүгін – Халықаралық азаматтық авиация күні

Бүгін - Халықаралық азаматтық авиация күні

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00