Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Тәрбие – тал бесіктен

24.11.2023
- Қоғам, Таңдаулы
0
236
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Жат ағымға еріп кететін адамдардың негізгі проблемасы неде?- деген сұрақты қоймаған адам жоқ шығар. Осы мәселені түп-тамырынан іздеп көруге тырыстық. Бала кезде алатын тәрбиенің, үлкен өмірге қадам басқанда тиетін пайдасы мен зияны қандай? Жас ұрпаққа рухани тәрбие беру дегеніміз не? Қанша жастан бастап балаға дін туралы айту керек? Осы және өзге сұрағымызға  елордалық Діндерді зерттеу орталығының дінтанушы маманы Дидар Исаұлы жауап берді.

Мектепте берілетін білімге қоса, көптеген қазақстандық отбасылар үшін баланың рухани тәрбие алуы, бағыт көрсетуі маңызды болып қала береді. Өйткені, бала өзінің даралығын сақтай отырып, аға буыннан дәстүрлі танымды игере білгенде ғана дамуы бірізді, жаңашыл әрі орта буынды алмастыра алатын, тұлға болып қалыптасады.

Алайда, «дұрыс тәрбиелеу керек»- деген жәй сөзбен ғана шектелу көп кездеседі. Іс жүзінде көріне бермейді. Ата-аналар арасында «тәрбиені беру» көрсеткішінің әртүрлі бағаланатының ескеруге тиіспіз. Мысалы, бір ата-аналар үшін, балаларының үстінде киімінің түгел болуы, тамағының тоқ болуы көрсекіш болса, басқа ата-ана үшін баланың алуан түрлі білім алуы тәрбиенің негізгі көрсеткіші деп есептеледі. Осы жерде бала өміріне әсері зор, рухани тыныс тіршіліктің қалыптасу маңыздылығын ата-аналар ұмыт қалдырып жатады.

Шындығында, рухани тәрбиемен баланы өсіру – дамып келе жатқан жас ұрпаққа ең керек дүние. Рухани кемелденуге бағыт алған адамда, өзінің ішкі «мені» қалыптасады, бұл өз кезегінде өзге таным-түсініктерді сараптай алуға үлкен мүмкіндік береді. Егер де, ата-аналар бала дүниетанымының іргетасын дұрыс қалауға мейлінше көп күш салса, қоғамда саналы шешімге келушілер қатары көп болар еді. Олай болмаған жағдайда, болашақта сөзі мен ісі сай келетін азаматтың орнына, жат ортаның мүддесін қорғап, Отанына опаздық жасаудан тайынбайтын ұрпақ тәрбиелеп алу қаупі жоғары.

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025

Бұл нәрсеге қалай жол бермеу керек? Рухани тәрбие беру деп нені айтамыз? Отбасы – бала өмірінің қалыптасуындағы алтын ұясы. Біріншіден, ата-аналар өздерінің көзқарастары мен сенімін балаға тықпалай берудің қажеті жоқ. Бала тәрбиесіндегі кез-келген дүниені сүйіспеншілікпен, ерекше ықыласпен тәрбиелесе, ондай тәрбие адамның болашақта өз бетінше шешім қабылдай білу мүмкіндігін арттырады. Сонымен қатар, діни сенім мен таным түсінігіне келгенде, кез-келген дінге деген толерантты көзқарасты қалыптастыру бүгінгі заманның талабы. Кез-келген діннің негізінде – жақсылыққа ұмтылыс пен адамгершілікке шақыру болатынын жеткізе білу. Сонымен қатар, өздерінің саяси немесе коммерциялық мақсаттарын жүзеге асыру үшін адам бойына соқыр сенім, фанатизм, зорлық – зомбылық, өшпенділік сіңіріп, дін атын жамылған ағымдардан бойды аулақ ұстау үшін, олардың қандай болатындығы жөнінде де ақпарат беру керек.

Балаға дін аясында не білуі керектігін және діни ақпараттарды қабылдауға қай жаста дайын болатынын әрбір отбасы өздері шешеді. Үйде ата-анасы ислам дінін ұстанып, діни рәсімдерді орындайтын болса, ол отбасындаға балалардың ислам дінін ұстанушы болатындығы сөзсіз. Бұл өзге діни сенімді ұстанатын отбасында да орын алуы мүмкін құбылыс. Өскен ортаның  ұстанымын қабылдау ең жиі кездесетін практика.

Алайда, діндар адамдар елімізде көп емес. Сонымен қатар, біздің қоғамда атеистер мен агностиктердің, ешқандай діни тұжырымдаманы қабылдамайтын, балаларын зайырлы және анти-мистикалық жолмен тәрбиелейтін ғылыми ой-пікірдегі адамдарда көп кездеседі.

Біз қалаймыз ба, жоқ па, бірақ діни мейрамдар мен дәстүрлер біздің қоғамның бір бөлшегі. Кейде біз діни рәсімдерді инерция арқылы қалай орындайтынымызды да байқамаймыз. Сіз атеист немесе агностик болсаңыз да, діни мейрамдар туралы балаға түсіндіру керек. Құрбан айт, Рождество немесе Пасха мерекелері не үшін тойланылады, оның мағынасы қандай, балаға оны айтып, жеткізу маңызды. Мұндай ақпарат, өскелең ұрпаққа ешқандай зиянын тигізбейді. Керісінше, баланың таным көкжиегін кеңейтуге ықпал етеді. Ақпаратты барынша ата-анасынан естіп өскен дұрыс. Себебі, қазіргі таңда, әлеуметтік желілерде ақпарат ағынын ұстап тұру мүмкін емес. Кейбір ата-аналар балаларына теледидар көрсетпей, мемлекеттік маңызы бар мерекелерді тойлауға қарсылық білдіріп, қазіргі таңда өздерінің діни ұстанымдары үшін екпе салдыруға да рұқсат етпейтіндерді кездестіріп жатамыз. Бұл да өз кезегінде адасушылыққа алып келетін факторлардың бірі.

Көп ата-аналар балаларына дін туралы айтпайды. Кәмілеттік жасқа толып, үйінен жыраққа шыққан балада дін туралы түсінік толық қалыптаспаған. Әрине, осындай адамдар деструктивті немесе дәстүрлі емес діни ағым өкілдері үшін оңай олжа. Сондықтан, адамның алғашқы мектебі – ол үйі. Сөзімді қорытындылай келе, бала тәрбиелеуде белгілі бір формула жоқ. Бірақ, ата-ана бала үшін бағыт-бағдар көрсетуші болып табылады.

Дидар Исаұлы

Діндерді зерттеу орталығының дінтанушы маманы

Таңбалар: отбасытәрбие
Бөлісу6Твитерге4Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Ихсан – рухани тәрбие өзегі
Жаңалықтар

Ихсан – рухани тәрбие өзегі

22.11.2025
Отбасы – қоғамның алтын діңгегі
Қоғам

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі

22.10.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Матуриди мұралары және қазіргі дәуір

Матуриди мұралары және қазіргі дәуір

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00