Сенбі, 6 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Бала мен ата-ана қарым-қатынасы

08.11.2023
- Қоғам
0
504
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Отбасы – адам баласының өсіп-өнер, қаз тұрар, қанат қағар ұясы, алтын бесігі. Тәрбиенің кілті отбасының өмір тіршілігіне байланысты. Әсіресе, ата-ананың адамгершілік бейнесі балаларды тәрбиелеудің негізгі көзі.

«Қыран ұяда не көрсе, ұшқанда  соны іледі» ғой. Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап ата-ана өзерінің  негізгі борыштарын  атқаруға  кіріседі, яғни оларға тәрбиеші бола бастайды. Отбасының берік негізі міне рухани мүдденің бірлігінде болмақ. Ерте кезде балалар оқыса да, оқымаса да дін талап еткен  тұрмыс ережесін білуге, орындауға тиісті болған. Ғасырлар бойы қалыптасқан, халық дәстүрлері мен салттары болған, отбасы тәртібі солар арқылы қатаң реттеліп отырған.

Отбасының аса маңызды міндеттерінің бірі – баланы жарқын істерге, нұрлы мұраттарға тәрбиелеу екендігін естен шығарып алған қаншама ата-ана бар десеңізші. Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы туған ұясы, өз отының басындағы, ата-ана тәрбиесі. «Баланың бас ұстазы – ата-анасы» демекші отбасындағы таным, түсінік қалай қалыптасса, адамның бойында қалатын қасиет солай қалыптасады. Отбасында бала тәрбиесіне теріс ықпал ететін факторлардан ата-ана әрқашан аулақ болуы керек. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер», «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» демекші, жалпы отбасында ұл бала тәрбиесінде әкенің, қыз бала тәрбиесінде шешенің орны ерекше.

Ата-бабамыз отбасы тәрбиесінде еңбекке де көп мән беріп, ол туралы да өзіндік ойларды қалдырған. «Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған айуанның бірі боласың. Адамзаттың қамы үшін еңбек қылсаң, Алланың сүйген құлы боласың» деп отбасында баланы жастайынан еңбекке баулудың маңыздылығын жоғары қоя білген.

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

22.11.2025
Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

21.11.2025

«Ата – ана балаға сыншы». Балалардың бос уақытын дұрыс ұйымдастырып, немен айналысып жүргендігіне жіті көңіл бөлсе, мерзімдік басылымдарға жаздырып, әдеби шығармаларды оқуға жасынан дағдыландырса, кейін бармақ тістейтін оқиғалардың алдын алуға болар еді. Отбасындағы тәлім-тәрбиенің мақсаты баланың жасын, жеке ерекшелігін, психикалық процестерін ескере отырып, жарасымды жетілген ұрпақты тәрбиелеу. Аталған нысанға жету үшін отбасындағы тәрбие төмендегі міндеттерді шешеді.

Еңбек сүйгіштікке, еңбекті қажетсінуге баулу баланың күнделікті өмірін мәнді ұйымдастыру, тұрмыстағы, үй шаруашылығындағы еңбекке құлшынысын арттыру, өзіне-өзі қызмет ету дағдыларын үйрету.

Отбасы мүшелерінің өзара дұрыс қарым-қатынасын, тіл табысып түсінуін, бірін-бірі тыңдап, ата-ананы, туған-туыстарын, жасы үлкендерді сыйлап, құрмет тұтуға үйрету. Оқытудың, білім алудың, мәдени мінез-құлықтың әдет-дағдыларын қалыптастыру. Отбасындағы баланың икемділігі мен қабілетін байқап, кәсіптік жағынан бағдарлау. Баланың ақылына, күшіне біліміне сай берілген тапсырманы талапты орындауға дайын болуға үйрету. Бақылау, тексеру, бағалау.

Ата-ана күнделікті өмір тіршілігінде еңбегі, адамдық бейнелері, жақсы мінез-құлқы, дұрыс қарым – қатынасы арқылы балаға үлгі. “Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі”, “Әкеден ақыл, анадан мейрім” алады. Отбасына “Әке-асқар тау, ана бауырындағы – бұлақ, бала –жағасындағы құрақ” болып есептеледі, ата-анаға баладан жақын ешкім жоқ. Сондықтан да баласының әдепті, арлы азамат болып қалыптасуын армандайды. “Атадан жақсы ұл туса, елінің қамын жейді, атадан жаман ұл туса, елінің малын жейді”. Бірлігі мен тыныштығын, қамқорлыққа, мейрімділікке, сүйіспеншілікке негіздеп құрып, сақтап, жанұя мүшелерінің көтерінкі көңіл – күйде болуын қамтамасыз етіп отыру керек. Осылайша, отбасы мүшелерінің бір-біріне деген сенімі, сүйіспеншілігі, достық қатынастары нығая түседі, “Отбасыға қарап бала өседі, қарағайға қарап тал өседі”, – деп тегін айтылмаған.

 Гүлнара РЫСБАЕВА, 

Қызылорда облысының дін істері

басқармасы дін мәселелерін зерттеу

Бөлісу12Твитерге8Бөлісу3Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Жандәулет СҮЛЕЙМЕНОВ: Дінді теріс мүдде үшін құрал қылудың соңы жақсылыққа апармайды

Жандәулет СҮЛЕЙМЕНОВ: Дінді теріс мүдде үшін құрал қылудың соңы жақсылыққа апармайды

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00