Жұма, 19 Қыркүйек, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

20 миллионыншы болып туған 5 сәби кімдер?

16.11.2023
- Жаңалықтар, Таңдаулы
0
216
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Ұлытауда туған Томирис

Қазақстан халқының санын 20 миллионыншы болып толықтырған сәбидің бірі – Ұлытау облысының Жезқазған қаласында дүниеге келген. 20 миллионыншы тұрғын Ақылбек Томирис Сұңғатқызы үйінің тұңғышы, ата-әжесінің алғашқы немересі.

Ақылбек Томирис Сұңғатқызы 14 қараша таңғы сағат 8:10-да дүниеге келген. Томиристің анасы Молдашева Әйкерім 19 жасында, әкесі Сейтжан Сұңғат 20 жасында ата-ана атанды. Жас отбасының отау құрғанына − 1 жыл болған.

Хуситтер Израильді балистикалық зымырандармен және дрондармен атқылады

Хуситтер Израильді балистикалық зымырандармен және дрондармен атқылады

19.09.2025
Отбасы – ұлттың ұстыны

Отбасы – ұлттың ұстыны

19.09.2025

«АСС Сериктес» ЖШС өрт сөндірушісі болып жұмыс істейтін Сейтжан Сұңғат тұңғыштарының тәуелсіз ел тарихында қалғанына аса қуанышты екенін жеткізді.

«Мұндай сүйінші хабар болады деп күтпедік. Десе де Томирисіміздің тарихтың бөлшегі болғанына қуаныштымыз. Бастысы дені сау болып өссін», деді жезқазғандық 20 миллионыншы тұрғынның әкесі.

Атырауда туған Мұхаммад

Еліміздің 20 миллионыншы тұрғыны атанған бес сәбидің бірі Атырау қаласында өмірге келді. Жұмағазиевтер отбасындағы тұңғыш сәбидің есімі – Мұхаммад. Кеше Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов қалалық перинаталдық орталыққа барып, ақжолтай қуанышқа кенелген отбасыны құттықтады. Сәбидің туу туралы куәлігін ата-анасына табыс етті.

«Отбасы банк» АҚ облыстық филиалының директоры Нұржан Мұғалімов Жұмағазиевтер отбасына 2 млн теңгенің сертификатын табыс етті. Бұл қаржыны баланың болашақтағы қажеттілігі үшін банк депозитіне салып, Мұхаммадтың оқуына немесе баспана алуына пайдаланады.

Мұхаммад Қосай 14 қарашада дүниеге келді. Бойы – 54 см, салмағы – 3 660 грамм. Тарихи сәтте қуанышын жасыра алмаған әкесі Берік Жұмағазиев пен анасы Айдана Оразымбетова көрсетілген құрмет үшін ризашылық білдірді.

«Таңертең әлеуметтік желіде еліміздің 20 миллионыншы азаматы өмірге келді деген жаңалықты оқыдым. Іштей менің де ұлым осылардың қатарында ғой деп ойладым. Дәл сол сәтте жұбайым хабарласып, қуанышты жаңалықпен бөлісті. Біздің төрт жылдан бері аңсап күткен сәбиіміз өзінің несібесін елінің берекесімен бірге әкелді. Болашақта Отанын сүйген, еліне, ұлтына адал қызмет ететін перзент болса екен деген тілегім бар», деді Берік Жұмағазиев.

Түркістанда туған Әлімхан

Еліміздің 20 миллионыншы тұрғыны атанған 5 баланың бірі Түркістан облысының Жетісай ауданында дүниеге келді.

«Асықата» ауруханасында босанған 35 жастағы Гүлмира Ізтілеуова отбасымен кеңесе келе, ұлға Әлімхан деп ат қойыпты. Бұл Шакеновтер отбасындағы төртінші бала. Бес құрсақ көтерген ананың, өкінішке қарай, бір сәбиі шетінеп кеткен екен.

Дүние есігін ашқан кездегі салмағы – 3400 грамм, бойы 51 сантиметр болған Әлімханның анасы Гүлмира «Жеңіс» жалпы орта мектебінде биология пәнінің мұғалімі болса, әкесі Ерғалидың тұрақты жұмысы жоқ. Әзірге жас отбасы «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасымен шалғайдағы ауылдарға баруды ниет етіп отыр. Үш ұл мен қыздың атасы Асқар және әжесі Оңалайдың да қуанышында шек жоқ. Отбасындағы үшінші баланың ел халқының санын жиырма миллионға жеткізіп, бүкіл елді қуантқанын мақтан етеді.

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Жетісай ауданындағы «Асықата» ауруханасына арнайы барып, 20 миллионыншы тұрғынның ата-анасына Президент атынан бағалы сыйлық ұсынып, «Отбасы банк» атынан тағайындалған 2 млн теңгенің сертификатын тапсырды.

Ақмолада туған Ясина

Нәрестенің анасы Динара – мұғалім, ал әкесі Айдар Исенов энергетика саласында еңбек етеді. Түтіні түзу ұшқан шаңырақ. Дәрігерлердің айтуларына қарағанда, өмірге келген сәбидің де, құшағы гүлге толған жас ананың да денсаулығы жақсы.

Облыс әкімі Марат Ахметжанов ел Президентінің атынан кішкентайлы болған отбасын құттықтай келді. Ақ түйенің қарны жарылған қуанышқа ортақтасып, әріптестері, ет жақын туыстары, көрші-қолаң шашу шашып, бөбектің бауы берік болсын деген тілектерін айтып жатыр.

«Біздің отбасы үшін бір жағынан күтпеген қуанышты күн болды, – дейді отағасы Айдар Исенов. – Бұл екінші баламыз. Бауыр еті баламыздың бақытты болып өскенін қалаймыз. Өмірге келген әр баланың бақытты болуға хақы бар».

Қазіргі уақытта жас ана мен сәби «Авиценна-Бурабай» серіктестігінің ана мен бала бөлімшесінде.

Жетісуда туған Айсұлтан

Жетісумен қалай мақтансақ та жарасатындай. Еліміздегі 18, 19 миллионыншы тұрғындар Жетісу өңірінде дүниеге келгені белгілі. Енді, міне, 20 миллионыншы тұрғын да Талдықорғанда дүниеге келді.

2017 жылы 11 мамырда Талдықорған қаласында туған Муслима Саматқызы 18 миллионыншы тұрғын ретінде тіркелген. Одан кейін 2021 жылы 20 маусымда Жәния Азаматқызы өмір есігін ашып, Алматы облысы екіге бөлінбей тұрған тұста Жетісудың баласы саналған еді. 14 қараша күні таңғы сағат 8-де Әзімбаевтар әулетіне Айсұлтан Мұхтарұлы атты шекесі торсықтай батыр қосылды.

«Осындай үлкен мадаққа ие болып отырғанымызға әлі сене алмай тұрмын. Көпбалалы отбасы болдық. Бұл – біздің төртінші баламыз. Қуанышымда шек жоқ. Талдықорғанда 2013 жылдан бері тұрамын, өзім әскери адаммын. Туған жерім – Шымкент қаласы. Отау құрғанымызға 8 жыл болды. 3 ұл, 1 қызымыз бар. Он жылдан бері Жетісу жерінде қызмет етіп жатырмын. Ұлымның есімін өзім қойдым», дейді Айсұлтанның әкесі Мұхтар Сәбденбайұлы.

Сәбидің салмағы – 3 кг, бойы – 50 см. Анасы Диана Талғатқызының жағдайы жақсы. Қазір дәрігерлердің жеке бақылауында.

Қуанышты жаңалықты ести сала облыс әкімі Бейбіт Исабаев қалалық перзентханаға арнайы барып, жас отбасыны қуанышымен құттықтады.

Көпбалалы отбасына Президент атынан арнайы сыйлықпен қатар, «Отбасы банкінің» 2 млн теңгелік сертификаты табысталды.

Қайнар көзі: egemen.kz
Таңбалар: 20 миллионбасты тақырыпҚазақстан халқы
Бөлісу5Твитерге3Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Дінбасылар ортақ мүдде жолында күш біріктіруге дайын
Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Дінбасылар ортақ мүдде жолында күш біріктіруге дайын

18.09.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ даласында діндер мен конфессиялар жарасым тапқан
Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ даласында діндер мен конфессиялар жарасым тапқан

17.09.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Кім екенімді білмейсің бе?

Кім екенімді білмейсің бе?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Хуситтер Израильді балистикалық зымырандармен және дрондармен атқылады
Жаңалықтар

Хуситтер Израильді балистикалық зымырандармен және дрондармен атқылады

19.09.2025
Отбасы – ұлттың ұстыны
Видео

Отбасы – ұлттың ұстыны

19.09.2025
Каспийді сақтап қалу үшін не істеу керек — ғалыммен сұхбат
Сұхбат

Каспийді сақтап қалу үшін не істеу керек — ғалыммен сұхбат

19.09.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

      Update Required Flash plugin
      -
      00:00
      00:00
        Сұрақ қою
        Сұрақ қою