Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Рухани келісім – бірліктің берік негізі

18.10.2023
- Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі, Жаңалықтар, Таңдаулы
0
100
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Кеше елордамызда қала әкімдігі, Өркениетаралық және конфессияаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы және Астана қаласы діндерді зерттеу орталығының бірлесіп ұйымдастыруымен Рухани келісім күніне арналған халықаралық конференция өтті.

1992 жылы Алматы қаласында Бірінші дүниежүзілік рухани келісім конгрессі өткен болатын. Сол жиын соңында манифест қабылданып, конгресстің ашылған күнін, яғни 18 қазанды «Рухани келісім күні» деп жариялау ұсынылды. Бұл түрлі шиеленістер мен қақтығыстарға мораторий жариялау, татуласу жолдарын іздеу, адамдар арасындағы өзара түсіністік орнату, жақындарыңа мейірім мен жәрдем беру күні ретінде күнтізбеге енді. Сол кезден бері елімізде жыл сайын Рухани келісім күні атап өтіліп келеді.

«Рухани келісім – қазіргі қоғамдық татулық пен бірліктің негізі» тақырыбында өткен халықаралық конференцияға мемлекеттік органдардың, дипломатиялық корпустардың өкілдері, діни қайраткерлер, отандық және халықаралық сарапшылар қатысып, сөз сөйледі. Жиынды жүргізген Рухани келісім күнінің бастамашысы, еліміздің еңбек сіңірген қайраткері, композитор Төлеген Мұхамеджанов бүкіл әлемдегі және еліміздегі тыныштық пен бейбітшіліктің гүлденуі үшін бірлік пен ынтымаққа шақыратын осындай атаулы күндердің маңызы зор екеніне тоқталды.

– Бұл мерекенің тарихы 1992 жылдан бастау алады. Сол іс-шараға тұңғыш рет барлық діндердің, бітімгершілік қозғалыстар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, руханият пен адам өмірінің мәселелеріне алаңдайтын белгілі ғалымдар мен мәдениет қайраткерлері қатысып, бір үстел басында пікір алмасты. Міне, 30 жылдан астам уақыттан бері елімізде 18 қазан өзара түсіністік пен рухани үндестік мейрамы ретінде атап өтіліп келеді. Мемлекет басшысы «Қазақстан барлық күрделі мәселені БҰҰ Жарғысы негізінде үстел басындағы келіссөздер арқылы шешуге шақырады. Біз пікірталастарды күшпен, қорқытумен немесе санкция салу арқылы шешу мүмкін еместігіне сенімдіміз» деп атап өткен болатын. Қазіргі күні дәстүрлі діндер гуманистік идеялардың сақтаушысы болып отыр. Адамзат баласын татуластыруда да дін қайраткерлерінің ықпалы орасан. Біздің елімізде 100-ден астам ұлт және 18 конфессия өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Әрқайсының өз тілі, діні, дәстүрі бар. Біздің бірлігіміз – барлық жетістігіміздің кілті, – деді ол.

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025

Астана қалалық мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов елімізде діни сенім еркіндігіне кепілдік берілгендігін атап өтті. «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деген нақыл сөз қанша ғасыр өтсе де өз мәнін жоғалтпай келеді. Қазақ жерінде бас қосқан барлық ұлт өкілдері осы нақылды басшылыққа алып, бірліқ пен ынтымақтың ерен үлгісін сақтап отыр. Рухани келісім – біздің баға жетпес байлығымыз. Еліміздің экономикалық-әлеуметтік дамуы жерімізді мекендеген халықтардың достығына тікелей байланысты. Белгісіздік белең алған қазіргі заманда бүгінгі басқосудың айрықша мәні бар» деп атап өтті ол.

Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов рухани келісімнің еліміз үшін маңызын айта келе, бір апта бұрын ғана елордамызда өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының ХХІ отырысы барысында көтерілген маңызды бастамаларға тоқталды. Сондай-ақ ол еліміздің дін саласында жүргізіліп жатқан келелі істер туралы кеңінен әңгімеледі.

Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен мемлекет тарапынан түрлі дін өкілдері қатысатын маңызды жиындарға, соның ішінде әлемдік діндер съезіне, басқа да халықаралық іс-шаралар мен қайырымдылық акцияларына айрықша көңіл бөлініп отырғанын жеткізді. Өйткені халықты бірлікке шақыруда, өзара түсіністікке үндеуде дін қайраткерлерінің рөлі орасан. «Бұл бізден зайырлы мемлекет ретіндегі сипатымызды сақтай отырып, діни бірлестіктермен тығыз жұмыс істеуді талап етеді», деп атап өтті.

Өркениетаралық және конфессияаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының басқарма төрағасы Болат Сәрсенбаев жуырда Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының отырысына тоқталып, 23 елден келген дін мамандарының әлемдегі бейбітшілікті сақтауға үн қосқандығын тілге тиек етті. «Бұл жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырысымен дайындалған Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің 2023-2033 жылдарға арналған даму тұжырымдамасын елімізде және шетелде кеңінен насихаттаудың маңыздылығы айтылды. Ғаламдық қатерлер мен халықаралық қауіпсіздік негіздерінің шайқалған заманында Қазақстан Республикасы түрлі өркениеттерді, мәдениеттер мен халықтарды жақындастыруда дін факторын алға тартуға өз үлесін қосып келеді. Сонымен қатар әлемдік діндер съезі түрінде өз тәжірибесін әлемге таратуға қадам жасайды. 20 жылдан бері үзбей өтіп келе жатқан осынау іргелі жиын арқылы еліміз өзара тіл табысу мен үн қатысудың үлгісін көрсетті» деді ол.

Халықаралық конференция барысында еліміздегі діни бірлестіктер өкілдері, БҰҰ тұрақты үйлестірушісі Скендер Сыла, БҰҰ Даму бағдарламасының еліміздегі тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниа, Үндістанның Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Нагендра Прасад, т.б. қонақтар сөз алып, ойларын ортағас алды. Конференция жұмысы аяқталғаннан кейін Бейбітшілік және келісім сарайының «Опера» залында салтанатты концерт өтті.

Ескендір ЗҰЛҚАРНАЙ

Таңбалар: басты тақырыпдінаралық диалогрухани келісім күні
Бөлісу2Твитерге2Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

03.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Қос кітап тұсаукесері

Қос кітап тұсаукесері

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00