Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Берілген нығмет бағыңыз ба, сорыңыз ба?

20.10.2023
- Ислам, Таңдаулы
0
368
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Нығмет – сөздік мағынасы «молшылықта және амандықта болу» және зат есім ретінде «материалдық және рухани мүмкіндіктердің мол болуы» дегенді білдіреді (Лисану л-Араби, «НИҒ» бабы). Ибнул Жәузи нығметті «Адамдардың әл-ауқаты мен бақытын қамтамасыз ететін заңды нәрсе» деп анықтама берсе, Сәйид Шәриф әл-Журжани оны «Белгілі бір нәрсені мақсатты немесе бағасын ескермей жасалған жақсылық» деп түсіндіреді. Құран Кәрімде сексен тоғыз рет «Нығмет» сөзі айтылған. Соның бірінде Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) те нығмет ретінде айтылған.

Жалпылама алғанда «Нығмет» жақсылық, молшылық, амандық деген мағынада қолданылған. Алла пендесіне кейбір нәрселерді беру арқылы жақсылық жасағанындай, кей уақытта бермеу арқылы да шексіз жақсылық жасайды. Адам баласы «Нығмет» дегенде Алланың берген нәрселерін ғана есіне алады. Алланы жақынырақ танып, шариғи түсінік пен діннің мақсатын меңгерген адамдар нығмет туралы ойлағанда, Алланың бермеген нәрселерін де негізге ала отырып ойлайды. Алла Тағала басқаларға берген кейбір нәрселерін бізге бермеу арқылы бізге одан үлкен нығметтерді беретінін біз біле бермейміз! Ендеше, Раббымыздың «Әй, иман келтіргендер! Алланың сендерге берген нығметін еске алыңдар» (Ахзаб 33/9) аятын оқығанда, Алланың бізге берген нығметтерін ғана емес, Алланың бізге бермеу арқылы жасаған жақсылықтарын да ойлайық.

Тақырыпты нақтылау мақсатында Құран қиссаларынан мына мысалды келтіруді жөн көрдік: Мұса пайғамбарымыздың заманында Қарынбай деген бай адам өмір сүрген. Алла тарапынан бұл адамға өте көп байлық берілген. Байлығын былай қойғанда, қазынасының кілтін бір қауім болып зорға алып жүретін болған. Бір күні халықтың алдына бар даңқымен шыққанда, дүниесін көзімен көрген кейбір адамдар: «Бұл Қарынбай қандай бақытты, бізге де оған берілген дүниелер берілсе ғой», – дейді. Бұны естіген білім иелері: «Ұят, Алланың саған берген сыйы бұдан да жақсырақ», – деді. Оларды айыптады.

Күндердің бір күнінде Қарынбай қазынасымен бірге жер жұтып қойғанда (көмілгенде), кеше ғана оның орнында болғысы келгендер былай дей бастады: «Мәссаған, Алла тағала мол нығметін [тек жақсыларға ғана емес, сынақ жасау мақсатында барлығына береді] қалағанына мол, қалағанына аз береді екен ғой. Егер Алла (Қарынбайға берген мол қазынасынан) бізге де берсе, қазір бізді де жер жұтып қояр еді» (Қасас сүресі 79-82 аяттар)

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025

Қорытынды: Алла бергендермен қоса бермеу арқылы да пендесіне жақсылық жасайды екен. Бұндай түсінікте болудың өзі бір бақыт. Бұндай бақытты көре алмау не болмаса көріп тұрып мән бермеу – пенделіктен. Жоқтан бар етіп жаратқан Раббымыз бізге берген нығметтерін түсініп, шүкір етуді нәсіп етсін.

Исатай БЕРДАЛИЕВ,

Ислам Құқық ғылымдарының (PhD) докторы

Таңбалар: Исатай Бердалиевнығмет
Бөлісу9Твитерге6Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Алланың нығметтеріне шүкіршілік етпеудің салдары қандай?
Сұрақ-жауап

Алланың нығметтеріне шүкіршілік етпеудің салдары қандай?

21.08.2025
Уважение к Священному Корану в Исламе
Ислам

Өз амалымен мақтану – Алланың нығметін ұмыту

12.06.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Мысыр мүфтиімен кездесті

Мысыр мүфтиімен кездесті

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00