Жұма, 9 Мамыр, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Сарапшы: 15-20 жылдан кейін Орталық Азия Одағы құрылуы мүмкін

25.09.2023
- Жаңалықтар, Таңдаулы
0
Фото: https://russiancouncil.ru/

Фото: https://russiancouncil.ru/

42
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Назарбаев Университетінде қазақстандық және америкалық алдыңғы қатарлы сарапшылар Орталық Азиядағы Оксус Қоғамының «Kazakhstan Futures» бағдарламасы аясында жүргізген зерттеу нәтижесін таныстырды. Талқыланған тақырыптардың бірі – Орталық Азияның бес мемлекетінің жаңа одақ құра алу мүмкіндігі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оксус қоғамы – Вашингтонда негізі қаланған, Орталық Азияның басқа әлеммен академиялық алмасуына жәрдемдесумен айналысатын коммерциялық емес ұйым. Биыл ақпанда ұйым ОА елдерінің мәселелерін зерттейтін сарапшыларды біріктіріп, «Kazakhstan Futures» бағдарламасын шығарды. Мақсаты – АҚШ пен Қазақстанның қарым-қатынасын жақсарту.

Назарбаев университетінің ректоры, доктор Илесанми Адесида сөз сөйлеп, бағдарламаның маңызына тоқталып өтті.

«Біздің университет көптеген бағыт бойынша жұмыс істейді, оның ішіне ел болашағын жарқын ететін Қазақстан көшбасшыларын жасау кіреді. Мұнда сарапшылар орнын толтыруға тырысып жатқан олқылық бар. Ол – бұл өңірді және елді халықаралық тұрғыдан көрсететін зерттеулер. Орталық Азия әлемнің алдыңғы қатарында талқыланып, Қазақстан, Тәжікстан мен Түрікменстанды бүкіл әлем тану үшін осы миссияға жетуіміз керек», – деді доктор Илесанми Адесида.

Осы бағдарлама аясында Назарбаев Университеті Мемлекеттік саясат Жоғары мектебінде профессордың ассистенті Жәнібек Арынов қазақстандық және америкалық зерттеушілермен бірлесіп, ОА елдерінің серіктестігіне талдау жасаған.

Немістер Қошқарбаевты неге білмейді?

Немістер Қошқарбаевты неге білмейді?

09.05.2025
Жеңістің 80 жылдығын көрген майдангерлер

Жеңістің 80 жылдығын көрген майдангерлер

09.05.2025

«Біз ОА елдері арасында серіктестік пен серпіннің артуында жақсы үрдіс бар екенін байқадық. Орталық Азия – әлемдегі байланысы ең төмен аймақ. Бұрын бізде мүддесі осы жерде тоғысатын түрлі алып державалардың үлкен ойыны туралы нарративтердің бәрі болды. Ал ОА елдері осы үлкен күштерді тең ұстауға тырысқанымен, қысымға қарсы тұратын қауқары жоқ», – деп есептейді Жәнібек Арынов.

Сондай-ақ сарапшы кейінгі 7 жылда қоғамда Еуропалық Одақ тәрізді Орталық Азияның бес елінен құралған жаңа одақ құру мүмкіндігі талқыланып жүргенін атап өтті.

«Мәселе өте көп, серіктестікті жалғастыра беру керек. Егер осы серпін тоқтамай, жалғаса берсе – 15-20 жылдан кейін мұндай ұйым құрылуы әбден мүмкін. Алдағы бес жылда мұндай оқиға болады деп айта алмаймын. Бізде жартылай ресми келісімдер бар. Мәселен, Душанбеде Арал теңізіне қатысты келісімге қол қойылды. Меніңше, мұндай платформалар – бастамасы ғана. Еуропалық Одақ – мен үшін ең үздік үлгі. Мен бұл үлгіге тамсанамын. Десе де, ЕО та бір түнде құрылған жоқ. Оларға да ондаған жыл қажет болды. Олар кодекстен бастады, осындай деңгейге жетті», – деді зерттеуші.

«Kazakhstan Futures» бағдарламасы Қазақстандағы АҚШ елшілігінің Жария дипломатия бөлімінің қолдауымен жүзеге асатынын айта кетейік.

Қайнар көзі: inform.kz
Таңбалар: орта азиясаясат
Бөлісу1Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Қ. Тоқаев: Орталық Азия бейбітшілік пен гүлденудің ауқымды аймағы болуы тиіс
Жаңалықтар

Қ. Тоқаев: Орталық Азия бейбітшілік пен гүлденудің ауқымды аймағы болуы тиіс

21.07.2022
Шолпан-Атада Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV Консультативтік кездесуі басталады
Жаңалықтар

Шолпан-Атада Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV Консультативтік кездесуі басталады

21.07.2022
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Әлемде алғаш рет жартылай су астында болатын мешіт ашылады

Әлемде алғаш рет жартылай су астында болатын мешіт ашылады

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    73728 бөлісті
    Бөлісу 29491 Твитерге 18432
  • Сәби шағында қайтыс болған бала ата-анасына шапағатшы бола ма?

    2456 бөлісті
    Бөлісу 982 Твитерге 614
  • Баланы қай жаста сүндеттеген дұрыс?

    541 бөлісті
    Бөлісу 216 Твитерге 135

Соңғы жарияланымдар

Немістер Қошқарбаевты неге білмейді?
Қоғам

Немістер Қошқарбаевты неге білмейді?

09.05.2025
Жеңістің 80 жылдығын көрген майдангерлер
Қоғам

Жеңістің 80 жылдығын көрген майдангерлер

09.05.2025
Елімізде қанша соғыс ардагері қалды?
Инфографика

Елімізде қанша соғыс ардагері қалды?

09.05.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

      Update Required Flash plugin
      -
      00:00
      00:00
        Сұрақ қою
        Сұрақ қою