Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

ҚМДБ: Рухани мәуліт кеші өтті

25.09.2023
- Жаңалықтар, Таңдаулы
0
96
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Алматыда  «Ізгілік жаршысы – Мұхаммед (ﷺ)» тақырыбында рухани мәуліт кеші өтті. Адамзаттың ардақтысы Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүниеге келген мәуліт айының құрметіне өткен рухани кешке Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысты.

Елімізде еңбек күнімен тұспа-тұс келген кеште ҚМДБ Төрағасы жиналған көпшілікті мүбәрак мәуліт айымен құттықтап, адамдарды Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) насихаттаған ізгілік жолына, адамгерлішілік пен еңбекқорлыққа, сондай-ақ Құран Кәрімді құрметтеуге шақырды.

«Асыл дініміз Исламда ізгі амал жасаудың маңызы өте үлкен. Ізгі амал деп жеке адамға немесе қоғамға пайда алып келетін, өзгелердің жағдайының жақсаруына ықпал ететін амалды атаймыз. Қасиетті Құранның көптеген аяттарында: «Расында иман етіп әрі ізгі амал жасағандар», – деп, иманмен қатар ізгі амал жасау бірге айтылады. Бұл аяттар Алла Тағалаға иман етіп, ақыреттен үміті бар жан үшін игі амал жасаудың қаншалықты үлкен маңызға ие екендігін көрсетеді.

Алла Тағала біздерді ізгілікке бұйырумен қатар, қалай ізгі адам болуымызды үлгі етіп көрсету үшін сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаны (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) пайғамбар етіп жіберді. Пайғамбарымыз да, қасиетті Құран да барлық иман еткен әлем мұсылмандары үшін өте қастерлі. Өкінішке қарай қазіргі таңда мұсылмандардың осы қастерлі ұғымына тіл тигізіп жатқандар да табылуда. Осыған орай Президентіміз күні кеше ғана Біріккен ұлттар ұйымында сөйлеген сөзінде: «Жуырда қасиетті кітаптарға құрметсіздік таныту актілері болды. Біз осы жағдайға алаңдаушылық білдіреміз. Исламға және басқа да діндерге қатысты жасалған мұндай тағылық әрекеттерден еркіндіктің, сөз бостандығының және демократияның нышаны білінбейді. Құран секілді қасиетті кітаптардың бәрі вандализмнен құқықтық тұрғыда қорғалуға тиіс», – деп, әлемдік деңгейде өте өзекті мәселені қозғады. Біз бұл айтылған сөздерге толығымен қосыламыз» деді Бас мүфти.

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025

Зиялы қауым өкілдері, ақсақалдар мен мешіт жамағаты, имамдар мен қала тұрғындары қатысқан кеште ақын, сазгер Жәкен Омаров Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірбаянынан Меккенің азат етілуін қазақ тілінде жырлады. Мәулітке арналған мерекелік шарада «Өнер қырандары» театры сахналық қойылымдар қойды. Эстрада әншілері иләһи әндер мен термелер орындап, Пайғамбарға деген сағыныштарын әнмен жеткізді.

Сонымен қатар Пайғамбар сүннетін өміріне темірқазық етіп өсіп келе жатқан жас жеткіншектер Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жайлы өлеңдер оқыды. Шара соңында Мәуліт рухани кешінің билеттерінен түскен қаражатты Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы көпшіліктің алдында мұқтаж кісілерге табыстады.

Не арқылы: https://www.muftyat.kz/
Таңбалар: мәуліт кеші
Бөлісу2Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Түркістанда мәуліт кеші өтті
Жаңалықтар

Түркістанда мәуліт кеші өтті

01.10.2025
Астанада рухани мәуліт кеші өтті
Жаңалықтар

Астанада рухани мәуліт кеші өтті

30.09.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

«Досымның жағдайынан неге хабарсызбын...?»

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00