Сенбі, 10 Мамыр, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қазақстан халқы тілдері күніне «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» атты іс-шара өтті

25.09.2023
- Қоғам, Таңдаулы
0
431
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

2023 жылғы 22 қыркүйекте сағат 11.00-де Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығының Мәжіліс залында Құжат айналымы және материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының ұйымдастыруымен «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» атты Қазақстан халқы тілдері күніне арналған іс-шара болып өтті.

Іс-шараға басшылық, Орталық ұжымы және құрметті қонақ ретінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік тілді дамыту басқармасының бас сарапшылары Бәкірова Назгүл Серікқызы және Әбдікеева Жұпар Сағатқызы қатысты. Әнұран ойналғаннан кейін, іс-шараны жүргізген Дәрілік заттарды жетілдіру басқармасының маманы Сәбира Қасабаева іс-шараны салтанатты түрде ашып, жиылған қауымның назарын тақырыпқа бұрды. Алғашқы құттықтау сөзді Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы Басқармасы төрайымының орынбасары Табаров Әділет Берікболұлына  ұсынды.  Басшы тілдің маңызы, мерекелік күннің мағынасы туралы сөз қозғап, барлық ұжым мүшелерін айтулы мерекемен құттықтады.

Келесі құттықтау сөзді сөйлеген Басқарма төрайымының орынбасары Темекова Зарина Мұхтарқызы Орталық қызметкерлерін айтулы мерекемен құттықтап, әр ұлттың ана тілінің, салт-дәстүрінің өзі үшін қастерлі екенін еске салып өтті. Өзі шығарған өлең шумақтарын жатқа айтып, мәнерлеп оқу сайысына үлкен шабытпен және даярлықпен қатысуға келіп отырған Кәсіпорын қызметкерлерінің көшін бастады.

Келесі құттықтау сөз салтанатты жиынның қадірлі қонағы – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік тілді дамыту басқармасының бас сарапшысы Бәкірова Назгүл Серікқызына ұсынылды. Жауапты маман, өз кезегінде, Орталық қызметкерлерін тіл мерекесімен құттықтап, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тарапынан да мемлекеттік тіл қамқорлыққа алынып отырғанын, ағымдағы уақытта жүзеге асырылып жатқан іс-шаралар туралы да айтып өтті.

Ақын Темірхан Медетбек өмірден озды

Ақын Темірхан Медетбек өмірден озды

10.05.2025
Немістер Қошқарбаевты неге білмейді?

Немістер Қошқарбаевты неге білмейді?

09.05.2025

Тіл туралы бейнеүзінді көрсетілгеннен кейін Орталықтың мемлекеттік тілді енгізу жөніндегі бас маманы Кенжегүл Мақанқызы «Мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашпақ» атты баяндамасымен көпшіліктің көкірек көзінің оянуына септігін тигізіп, ұлы хакім Абайдың өлең өнеріне қойған талабын баса айтып, өлеңнің қадірін кетіретін басты себептердің бірі – «бөтен сөзбен сөз арасын бұлғау» екенін түсіндіріп кетті. Осы орайда, сөз, сөйлем құрылысына, көркем тілді қолдануға қойлатын басты талаптарды қоса айтты. Баяндама тақырыпқа сәйкес презентациямен сүйемелденді.

Кезек мәнерлеп оқу сайысына келгенде, әр қызметкер жоғары дайындықпен қатысып, бірінен-бірі үздік шықты.

Атап айтсақ, Сыртқы кешенді бағалау басқармасының бас маманы Имаділова Гүлмира Мэлсқызы Тұманбай Молдағалиевтің «Үйретеді кім оған ана тілін?» өлеңін және көпшіліктің сұрауымен Омар Хаямның «Все что видим мы, видимость только одна» өлеңін орыс тілінде жатқа айтты. Денсаулық сақтау саласындағы кадр ресурстарының ұлттық обсерваторияның бас мамандары Өмірхан Жансая Бақытқызы Мұқағали Мақатаевтың «Үш бақытым» атты өлеңін, ал Бисағалиева Әлия Төлегенқызы ағылшын тілінде тіл туралы «Language» өлеңін  мәнерлеп жатқа айтты. Денсаулық сақтау саласындағы статистикалық байқау басқармасының бас маманы Қозбаев Дархан Тоболұлы  ағылшын тілінде Shawn James-тің  «That’s Life» әнін орындап, тыңдаушылардың ризашылығына бөленді. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың формулярлық жүйесін және кәсіби сараптамасын дамыту басқармасының бас маманы Ақерке Оспанова Басқарма қызметкерлерімен бірігіп, жас әнші Мархаба Сәбидің «Қазақша» әнін гитарамен орындады. Мұхтар Шахановтың «Төрт ана» өлеңін Кенжегүл Мақанқызы мәнерлеп жатқа айтты.

Үш тілді білу – заман талабы. Үштілділік бәсекеге қабілетті елдер қатарына апарар басты баспалдақтардың бірі болып табылады. Осы орайда, Орталық қызметкерлері өздерінің бүгінгі заман талабына сай сегіз қырлы, бір сырлы екендіктерін көрсетті.

Іс-шараны қорытындылай келе, Басқарма төрайымының орынбасары Табаров Әділет Берікболұлы іс-шараға белсенді қатысқан ұжым мүшелерін алғыс хаттармен марапаттап, Шөмішбай Сариевтің, Тұманбай Молдағалиевтің, т.б. қазақ ақындарының өлеңдер жинағын және « Тойбастар» гүлін сыйға табыстады. Көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған іс-шара қатысушылардың естелікке суретке түсуімен аяқталды.

Лайым, қазақ тілін қолданушылар қатары көбейіп, жылдан-жылға мемлекеттік тіліміздің мәртебесі арта берсін!

К. Мақан

Бөлісу10Твитерге7Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Ақын Темірхан Медетбек өмірден озды
Жаңалықтар

Ақын Темірхан Медетбек өмірден озды

10.05.2025
Немістер Қошқарбаевты неге білмейді?
Қоғам

Немістер Қошқарбаевты неге білмейді?

09.05.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Как принять Ислам и стать мусульманином?

Дінді ойыншыққа айналдырмайық

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    73981 бөлісті
    Бөлісу 29592 Твитерге 18495
  • Сәби шағында қайтыс болған бала ата-анасына шапағатшы бола ма?

    2458 бөлісті
    Бөлісу 983 Твитерге 615

Соңғы жарияланымдар

Ақын Темірхан Медетбек өмірден озды
Жаңалықтар

Ақын Темірхан Медетбек өмірден озды

10.05.2025
Немістер Қошқарбаевты неге білмейді?
Қоғам

Немістер Қошқарбаевты неге білмейді?

09.05.2025
Жеңістің 80 жылдығын көрген майдангерлер
Қоғам

Жеңістің 80 жылдығын көрген майдангерлер

09.05.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

      Update Required Flash plugin
      -
      00:00
      00:00
        Сұрақ қою
        Сұрақ қою