Сейсенбі, 17 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Отбасы және қоғамдағы мәселе

08.09.2023
- Мақалалар
0
197
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Ұлт болашағы мен мемлекет тұғырында отбасы – ең басты құндылық. Бала­ның қалыптасуы да, ұрпақтың өсіп өркендеуі де отбасынан бастала­ды. Осы бағытта отбасы құн­ды­лық­та­рын сақтап қалу маңызды.

Жаңа ғасыр талабы тәрбиеде кеткен ағаттықтың салдарын саралауға емес, қоғамдық орта ықпалымен қа­лып­­тасатын адами қасиеттерді дәріптеуге, қылмыстық құқық бұзу­шы­лық­тың алдын алуға, ең бастысы, бала­ның қоғамдағы орнын түсіне отырып, кә­ме­лет­ке толмаған балалардың құқы­ғын қор­ғауға бағытталуға тиіс қой.

Негізінен отбасының рөлі төмендеген кезде бала сыртқы орта­ның әсеріне бейім болады. Дала мен өзге орта ережелері басымдық алғанда ата-ананың тәлімі азайып, абырой-беделі кеми бастайтыны шындық. Біз жастармен жас­тар тілінде диалогқа шыға отырып, заман міндеттеген қарым-қатынас платформасын таңдауымыз керек. Бүгінгі әлеуметтік же­лілер, қоғамдық институттар халық дәстүрін жастар санасына қолжетімді ерекше маз­мұнда жеткізуге дайын болса ғана ұрпақтар арасында байланыс, яғни са­бақ­тастық орнауы мүмкін.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы N 56 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссия құрылды. Онда Қазақстандағы отбасылардың келесідей өзекті мәселелеріне тоқталып, мемлекеттік саясат оны шешуге бағытталатыны жазылған.

Артық тамақтану ағзаға қалай әсер етеді?

Артық тамақтану ағзаға қалай әсер етеді?

17.03.2026
Мешітті нұрландырған сахаба

Мешітті нұрландырған сахаба

16.03.2026

Ажырасу және некесіз бала туу үрдісінің өсуі, толық емес отбасылар санының артуы, алимент төлеудегі проблемалар, «азаматтық» және кейбір этникалық топтар өкілдері арасында туысқандық некелер, діни мекемелер арқылы неке қию, қыз алып қашу және оларды күштеп тұрмысқа беру оқиғалары, ерлер мен әйелдердің репродуктивті денсаулығы мәселесі, қаламаған жүктілікті үзу жағдайлары, ерте жастан некеге тұру, кәмелет жасына толмағандардың жүкті болуы, ерте жастан аборт жасату проблемалары, отбасындағы зорлық-зомбылық және қатыгездік жағдайлары т.б. мемлекет және қоғам болып жұмылуды қажет ететін түйіткілді мәселелер бар. Демографиялық жағдайды жақсарту территориясы үлкен, халқы аз Қазақстан үшін маңызды мәселе.

Елімізде ерлі-зайыптылардың ажырасу фактілері көбейіп келеді. Статистика деректері әрбір үшінші отбасының ажырасатынын дәлелдейді. Мысалы 2011 жылы 160,5 мың некенің 44,9 мыңы ажырасса (28%), 2015 жылы 148,7 мың некенің 53,3 мыңы ажырасқан (35%). Ал бүгінгі таңда бұл көрсеткіш 40 пайызға дейін жетіп отыр.

Айта кетерлік мәселе, кәмелет жасына толмаған балалары бар отбасылардың шаңырағы жиі шайқалады. Яғни, әкесіз немесе анасыз өсіп жатқан балалардың саны көбейіп келеді. Бұл жекелеген отбасының емес тұтас ұлттың басты проблемаларының бірі. Толық емес отбасында тәрбиеленген бала көбінесе психологиялық, материалдық, моральдық тұрғыдан кедергілерге тап болады.

«Ұрпақтар және гендер» зерттеуінің 2019 жылғы деректеріне сәйкес, 18-29 жастағы адамдардың жартысынан азында (42,4%) серігі бар, бұл жалпы халыққа қарағанда төмен. Сонымен қатар, елордалық өңірлерде (Нұр-Сұлтан және Алматы) серіксіз жастардың үлесі айтарлықтай жоғары, бұл елордалық және алматылық жастардың үйлі болуды кейінге қалдыра отырып, білім алуға және мансап қууға көбірек көңіл бөлетініне байланысты болса керек.

Қазақстанда отбасылардың ажырасу фактілерінің себебі бірнеше. Осы салада жүргізілген әлеуметтік зерттеу жұмыстарын шолу арқылы отбасының бұзылуына жеткізетін бірнеше ішкі және сыртқы себептерге тоқтала кетуді жөн көрдік.

Бірінші себеп – ата-ана, жақын айналаның отбасы ісіне араласуы немесе сыртқы пікірлердің отбасындағы эмоционалдық көңіл-күйге кері әсері. Бұл әсіресе жас отбасылардың некеге тұрғаннан кейін көп уақыт өтпей ажырасуларына ықпал ететін фактор. Қазақта бұған қарсы «Ерлі зайыптының арасына есі кеткен түседі» деген тәмсіл бар.

Екінші себеп – әлеуметтік жағдайдың ықпалы, яғни баспананың қолжетімсіздігі, жалақының аздығы, тұрақты жұмыстың болмауы сияқты жағдайлар. Тапқан қаражаты баспанадан, азық-түлік пен киім-кешек алу сияқты тұрмыстық қажеттіліктен аспайтын отбасылар өмірді одан әрі бірге жалғастырудың мотивациясын жоғалтып жатады.

Үшінші себеп – сезімге адалдықтың, құрметтің болмауы. Жастық жалынмен үйленіп, кейіннен жауапсыздықпен жұбайының көзіне шөп салатын жағдайлар да отбасының шырқын бұзатын факторлардың ең бастыларына жатады.

Төртінші себеп – денсаулық мәселесіне қатысты. Көп отбасы шаңырақ құрғаннан кейін баланың өмірге келуіне асығады. Алайда денсаулық жағдайына байланысты (белсіздік) бала көтере алмау проблемасы көп отбасының ажырасуына себеп болуда. Қазіргі таңда жастар арасында белсіздік проблемасы кең етек жайып келеді. Бұл да ұлттың деңгейдегі дабыл қағатын мәселе.

Балжан Әбдіраш

Таңбалар: отбасы
Бөлісу5Твитерге3Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Отбасын және әйелдерді қолдаудың қандай мемлекеттік шараларын білесіз?
Сұрақ-жауап

Әйелдермен қарым-қатынасымыз қандай болу қажет?

17.03.2026
Семья – фундамент личности
Қоғам

Отбасы құндылығы – бұлжымас қағидат

23.02.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Елімізде 80 мыңға жуық жастар деструктивті ағымның топтарына кірген

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    121027 бөлісті
    Бөлісу 48411 Твитерге 30257
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1600 бөлісті
    Бөлісу 640 Твитерге 400

Соңғы жарияланымдар

Отбасын және әйелдерді қолдаудың қандай мемлекеттік шараларын білесіз?
Сұрақ-жауап

Әйелдермен қарым-қатынасымыз қандай болу қажет?

17.03.2026
Құран хатым дұғасын жасады
Жаңалықтар

Құран хатым дұғасын жасады

17.03.2026
Орталық референдум комиссиясы: Жаңа Конституция қабылданды
Жаңалықтар

Орталық референдум комиссиясы: Жаңа Конституция қабылданды

17.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00