Қылмыстық атқару саласының Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №68 мемлекеттік мекемесінде эстремизм-терроризм баптары бойынша істі болған азаматтр оқшауланған аймақта ұсталынады. Мекеменің арнайы теологиялық оңалту жұмысын ұйымдастыру тобының аға инспекторы, әділет аға лейтенанты Рузиев Рашид: «Біз бұл топтағы сотталғандармен, келген сәттен бастап жеке жұмыс жасаймыз. Алдымен 15 күн карантиндік бөлімде болғанда психолог мамандармен бірлесе отырып, мінез-құлқы, көңіл күйі сараланып барып, нақты бір адамға қатысты жұмыс жоспары бекітіледі. Жұмысымызды ҚАЖ мекемелеріндегі сотталған адамдармен теологиялық оңалту жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды бекіту туралы ҚР ІІМ 2020 ж 26 наурыздағы № 247 бұйрығы негізіне сүйене отырып атқарамыз» дейді.
2015 жылы қолданысқа енгізілген Қылмыстық атқару кодексінің 13-бабы, 6-тармағына сәйкес, діни қызметшімен кездесуге ниет білдірген сотталған мекеме әкімшілігіне жазбаша өтінішпен жүгіне алады. Соған орай, мекеме әкiмшiлiгi алдағы күнтізбелік жылға әділет органдарында тіркелген дiни бiрлестiктер өкiлдерiнiң мекемелерге бару кестесiн бекітеді.
«Жыл басынан бері 84 рет жеке теологиялық қабылдаулар өткіздім. Бұдан бөлек, қаламыздағы Сырдария, Айтбай Ишан, Құдыс Ишан, Төлен ата мешіт имамдарымен 45 рет, Қоғамдық Ақниет ақпараттық қорының насихаттау және оңалту орталығы өкілдерімен 14 мәрте, Қызылорда облысы Дін істері басқармасының дін мәселелерін зерттеу орталығы КММ теолог мамандары 26 рет кездесу ұйымдастырылды. Республикалық РАНТ мүшесі Ақтөбе қаласының мешіт имамы Н. Күзембаев келіп, 6 сотталғанды жеке қабылдады.
Дінді тар қабылдауға негізделген олардың бұрынғы дүниетанымының қателігін түсіндіру мақсатында әртүрлі мәдени және спорттық іс-шаралар мен әдеби кештер мен интеллуалды жарыстар ұйымдастырып тұрамыз.
Биыл сәуірде Асыл-Мұра Орда қоғамдық қоры экстремизммен күресте кешенді жұмыс жасау барысында, 22 діни кітапты сыйға тартты. Бүгінгі таңда теология бөлмесінде сотталғандардың діни сауатын арттыруға арналған 255 діни кітап бар. Бұдан бөлек, мерекелерге орай ұйымдастырылған спорттық іс-шараларда осы қор мамандары ынталандыру мақсатында 2 рет Тарлан төлем карталарын әкеліп таратты. Сондай-ақ, «Анаға апарар жол», «Ұлы дала таңы» «Томирис» «Көшпенділер» киносы көрсетілді.
Осындай қарқынды жұмыс нәтежиесінде, жыл басынан бері 4-сотталған азамат теріс діни көзқарасынан арылып,оң бағытқа бейімделді» деді ол.