Жексенбі, 14 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Саңыраулар да рухани уағыз тыңдағысы келеді, бірақ…

15.06.2023
- Қоғам, Таңдаулы
0
143
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Жамбыл облысы әкімдігінің дін проблемаларын зерттеу орталығы зерделеу жұмыстарын атқару барысында республикамыздың саңырау азаматтарының діни және рухани тәрбие алуға деген құштарлығы бар екендігі және осы мәселеде олардың мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың тарапынан атқарылып жатқан ақпараттық-түсіндіру іс-шараларынан тыс қалып жатқандығы анықталды.  

Атап айтқанда, республика бойынша 10 мыңнан аса саңырау (басым бөлігі қазақ ұлтты) бар болса, оның ішінде Жамбыл облысында – 700, ал Тараз қаласында – 400-ден аса саңырау тұрғындар бар екен.

Оның ішінде «Қазақ саңыраулар қоғамының Тараз оқу-өндірістік кәсіпорны» мекемесінде тігінші ретінде 20 саңырау әйел жұмыс істеуде, ал қалған саңыраулар әртүрлі жұмыстар істеп, өз күндерін көруде.

Саңыраулармен орыс тілді сурдоаудармашы арқылы кездесу барысында олардың дінге бет бұрғысы келетінін, оның ішінде Ислам бағытында, бірақ қол әліппесін қолданып, олармен саңырау тілінде сөйлесе алатын діни қызметкерлердің жоқтығы алға тартады. Сонымен қатар, өмірде кездескен қиын жағдайларда кеңес алатын қол әліппесін білетін психологтардың жоқтың қасы екенін де атап өтті.

Арман Әсенов: Сарбаз бесаспап болуы керек

Арман Әсенов: Сарбаз бесаспап болуы керек

12.12.2025
Міржақып шығармашылығы талқыланды

Міржақып шығармашылығы талқыланды

11.12.2025

Сұхбат барысында, олардың арасында басқа дәстүрлі емес діни миссионерлердің қол әліппесін қолдана отырып ұйымдарына белсенді тартып жүргендері де анықталды. Бірақ, саңыраулардың басым бөлігі қазақ ұлтты болғандықтан ата-бабасы ұстанған Ислам дініне бет бұрғысы келеді, алайда қол әліппесін білетін, уағыз айтатын имамдар мен әлеуметтік желіде саңыраулар тілінде, болмаса сурдоаударма мен сүйемелденген уағыздардың жоқтығын айтады.

Конституциямызда «Әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы. Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқығы бар» деген қағидаралар бекітілген. Сонымен қатар, «Діни қызмет және діни бірлестіктер» туралы Заңында «Әркімнің ар-ождан бостандығына құқығы бар» деп көрсетілген.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойғаны бәрімізге мәлім. Әлемдік тәжірибеде «рeople-first language» деген түсінік бар, яғни, бірінші кезекте оның адам баласы екеніне мән беріліп, кейін оның ауру-сырқаты жөнінде айтылуы қажет. Сондай-ақ, оңалту, мүгедектіктің алдын алу және осы бағыттағы атқарылып жатқан қызметтерді біріздендіру мақсатында «абилитация» түсінігі енгізілді. Абилитацияның сапалы ұйымдастырылуы, медициналық реабилитациядағы ем-домның сапасын едәуір көтеретін әлеуметтік-психологиялық, медициналық көмек. Бұл норма Біріккен Ұлттар Ұймының конвенциясына сәйкес.

Осыған орай, елімізде тұратын саңыраулар қаракөз бауырларымыздың рухани және мәдени мұқтаждықтарын қанағаттандыру және олардың арасында деструктивті діни ағымдардың ықпалдың алдын алу мақсатында, қол әліппесін білетін екі тілді[1] (орыс және қазақ) Ислам бағытындағы діни қызметкер мен психолог дайындау және әлеуметтік желіде саңыраулар тілінде, болмаса сурдоаударма мен сүйемелденген дәстүрлі дінімізге баулитын уағыздарды орналастыру (ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті мен Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы мүмкіндіктерін пайлана отырып) мәселелерін мүдделі органдар тарапынан қолға алу керек деп есептейміз.

Батырбек АТАМҚҰЛОВ,

Жамбыл облыстық «Дін проблемаларын зерттеу орталығының» инспекторы

[1] Орта жастан үлкен саңыраулар ұлтына қарамай тек орыс тілін ғана біліп түсінеді, ал жастары қазақ тілінде білім алуда.

Таңбалар: басты тақырыпдіни уағызислам
Бөлісу4Твитерге2Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Ақтөбе: Имамға автокөлік уақып етілді
Жаңалықтар

Ақтөбе: Имамға автокөлік уақып етілді

09.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Ислам қатыгездікке шақыра ма?

Құн мен құндылық

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Сұрақ-жауап

Қан алдыру туралы

12.12.2025
Арман Әсенов: Сарбаз бесаспап болуы керек
Сұхбат

Арман Әсенов: Сарбаз бесаспап болуы керек

12.12.2025
Мәдениет экономиканың драйверіне қалай айналады? Депутат Күлпаршын Айдархановамен сұхбат
Сұхбат

Мәдениет экономиканың драйверіне қалай айналады? Депутат Күлпаршын Айдархановамен сұхбат

12.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00