Дүйсенбі, 16 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Салт-дәстүр ұғымының құрылымы

05.06.2023
- Қоғам, Таңдаулы
0
868
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Жаһандану кезеңінде өз тарихынан алыстаған елдердің ұлттық қауіпсіздігі мен рухани саласына кері әсерін тигізетін терең әлеуметтік-мәдени дағдарыстар орын алуда. Дағдарыс қоғамның барлық салаларын деструктивті ақпараттармен толтырып, адамдардың күнделікті өмірдегі санасы мен мінез-құлықтарын өзгертуде. Бұл өзгерістердің бір себебі дамыған елдерге дамушы елдер еліктейді, бірақ, дамушы елдер дамыған елдердің ғылыми технологиялық жетістіктерін емес, бұқаралық мәдениет тудырған мәнсіз дүниелерін соқыр көшіріп, өздерінің ежелден келе жатқан құндылықтарын тәрк етуінде.

Құндылықтарға фольклор, салт‑дәстүр, әдет‑ғұрып т.б. жатады. Осы құндылықтардан ұлттық рух қалыптасады. Ұлттық рух – өткінші әдеттерге бағынбайтын ерекше сала. Ұлттық рух ұғымы діл (менталитет) деп те аталады.

Халықтың мәдениетін қарастырғанда алдымен оның салт-дәстүр жүйесіне ерекше мән беру қажет. Салт-дәстүр ұлттық ерекшеліктің маңызды элементі әрі ұлттық бірегейліктің тарихи‑мәдени және рухани‑әлеуметтік қырын қамтитын құрамдас бөлігі.

Дәстүрдің тарихи-мәдени қыры оның сан мыңдаған жылдар бойы ежелгі дәуірден бүгінге дейін жалғасын тауып ұлттық болмыс, тұрмыс тіршілікпен біте қайнасса, ал рухани-әлеуметтік қыры идеялық және практикалық маңызымен салаласып келіп, бүгінгі күнге дейін жалғасын табуда.

Маятастағы Балуан тас көтеру оқиғасы

Маятастағы Балуан тас көтеру оқиғасы

16.03.2026
Кемелер кептелісі немесе Ормуз бұғазындағы дүрбелең

Кемелер кептелісі немесе Ормуз бұғазындағы дүрбелең

15.03.2026

Салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптың ұлттық рухты қалыптастырудағы рөлі мен маңызы ерекше.

Әдет және ғұрып ұғымдары күнделiктi өмiр-тiршiлiк пен салттарды атқару барысында бір жүйеге түскен, ұлттық таным негізінде орындалатын нормалар мен талаптар.

Этностың әдет-ғұрпынан тыс, сырттан, өзге халықтан енген мәдени құбылыстарда бірте-бірте әдетке айналып отырады.

Салт – сырттанда, ұлттың өз ішінен де шығатын, белгілі бір нормалардың жеке-жеке көрінісі бола отырып, тұрмыста үш-төрт ұрпақ бойы қолданыста болып, ұлттық таным‑талғаммен үндесе келе, белгілі бір деңгейде мәдени-әлеуметтік тұғырды иеленіп, жалпылама ұғым – дәстүр ауқымына еніп, орнығып ұлттың шынайы рухани-мәдени, әлеуметтік-практикалық имманентті болмысына сәйкестенеді.

Дәстүр ұғымының «сабақтастық», «мәдени мұра», «төлтумалық», «ерекшелік» түсініктерімен тығыз байланысты.

«Сабақтастық» – тарихи мәдени тәжірибе процесіндегі жаңа мен ескі арасындағы объективті байланыс. Бұл байланыс тұтастықты қамтамасыз етеді және мәдениеттің үдемелі дамуының алғышарты.

Испан ғалымы Х. Ортега и Гассет «Бұқараның көтерілісі» кітабының алғысөзінде сабақтастықты адам баласының алғашқы құқығы және адамның мәнін анықтайтына құндылық екеніне ерекше назар аударған.

«Мұра» – бұл уақыт ағымында өзгермейтін ұрпақтардың рухани дамуының іргетасы болып табылатын рухани және материалдық мәдениет.

«Төлтумалық» өзіндік дамуға бағытталған қоғамның динамикалық принципі, оның «өмірлік ядросы». Нағыз мәдениет төлтумалығымен, бірегейлілігімен (идентичность-іdentity) дараланады. Өзінің төлтума мәдениетінен алыстаған халық А.Сейдімбектің сөзімен айтқанда «еліктеуге, қайталауға жақын болады».

«Ерекшелік» кез келген құбылыстың өзгеге ұқсамайтын өзіне тән өзгешелігін көп жағдайда локальдық (жергілікті, оқшау) нормаларды, әдет-ғұрыптарды, құндылықтар мен жүріс-тұрыс бітімдерін сипаттау барысында кең қолданылады.

Салт-дәстүрдің мәні мен әлеуметтік маңызы оның қоғамдық өмірдегі атқаратын әлеуметтік, интегративтік, реттеушілік, коммуникативтік, әлеуметтік-психологиялық, идеялық-тәрбиелік және т.б. қызметтерінен көрінеді. Дәстүр мен әдет-ғұрыптың құрылымына адамгершілік, саяси, эстетикалық, діни, идеялық мазмұн, ережелер, қалыптар (нормалар) мен принциптер, тұлғаның саяси және рухани қасиеттері – көзқарасы, сезімі, қажеттілігі мен идеалдары (арман-аңсары) кіреді.

Неміс ағартушысы И.Г. Гердер салт-дәстүрді – тіл мен мәдениеттің бастауы деп санаған. Оның пікірінше, дәстүр, жазба мәдениет пен азаматтық қоғам қалыптасқанға дейінгі аралықтағы мәдениетті тасымалдауда маңызды роль атқарған.

Фашистік идеологияның негізін салушы А. Гитлердің кеңесшісі Й.Геббельс: «Кез келген халықтың тарихын жойсаңыз, сонда ол халықтың келесі ұрпағы тобырға айналады. Екінші сатысында олар табынға айналады. Содан ол халықты қалай ұстағыңыз келсе, солай игере бересіз» – деп, ұлттың дәстүрін ұмыттыру арқылы ұлтты қалай бағындыруға болатындығын түсіндірген.

Олай болса, ұлттық болмысты сақтауда ерекше қызмет атқаратын салт‑дәстүр мен әдет‑ғұрыпты заманның талабына сай дер кезіңде бейімдеу маңызды.

 

Қарағанды техникалық университетінің

аға оқытушысы Тусупбеков Жаркын Амантаевич

 

 

Таңбалар: салт-дәстүрТанымҰлттық рух
Бөлісу21Твитерге13Бөлісу13Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Елордада қазақтың байырғы өмір салтын паш ететін көрме ашылды
Жаңалықтар

Елордада қазақтың байырғы өмір салтын паш ететін көрме ашылды

14.03.2026
Қазақы болмыс және азаматтық жауапкершілік
Қоғам

Қазақы болмыс және азаматтық жауапкершілік

24.02.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Әлеуметтік желіде қару жарнамалаған ер адам ұсталды

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    120924 бөлісті
    Бөлісу 48370 Твитерге 30231
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1598 бөлісті
    Бөлісу 639 Твитерге 400

Соңғы жарияланымдар

Елімізде тіркелген діни бірлестіктер (2025 жылдың 4-тоқсаны)
Инфографика

Елімізде тіркелген діни бірлестіктер (2025 жылдың 4-тоқсаны)

16.03.2026
Маятастағы Балуан тас көтеру оқиғасы
Қоғам

Маятастағы Балуан тас көтеру оқиғасы

16.03.2026
Әлеуметтік желілердегі діни контентпен жасалатын манипуляциялар туралы онлайн-семинар өткізді
Жаңалықтар

Әлеуметтік желілердегі діни контентпен жасалатын манипуляциялар туралы онлайн-семинар өткізді

15.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00