Сәрсенбі, 18 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Дінде алимент төлеу жайында не айтылған?

20.06.2023
- Ислам, Таңдаулы
0
254
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Алимент дегеніміз – бір адам оны алуға құқығы бар екінші адамға беруге міндетті ақшалай немесе материалдық қаражат. Алименттің көп таралғаны – баланы асырауға төленетін төлемдер. Шариғатымызда алимент деген түсінік болмағанымен нәпақамен қамтамасыз ету ұғымы бар. Яғни отағасының жауапкершілігіндегі жандарды қажетті нәрселермен (азық-түлік, дәрі-дәрмек, киім-кешек, баспана т.б.) қамтамасыз ету.

Кішкентай балалардың нәпақасы белгілі бір жасқа жеткенге дейін әкеге жүктеледі. Нәпақаға баланың тамағы, киімі, ауырса емдетуі секілді шығындар жатады. Тіпті кәмелет жасына жетіп, оқуы немесе мүгедек болуы себепті жұмыс істеуге мүмкіндігі болмаса, әкесі баласын нәпақамен қамтамасыз етуі керек. Ал қыз баланы тұрмысқа шыққанға дейін бағып-қағады.

Әкесі ажырасып кетсе де баласының алдындағы жауапкершілік пен міндеттен босамайды. Ғиддат мерзімі аяқталғанға дейін әйеліне, белгілі бір жасқа жеткенге дейін балаларына нәпақа беріп отырады. Алла Тағала бұл жайында: «Бала емізетін аналарды ас-ауқат және киім-кешекпен қоғамдағы ғұрыпқа сай жақсылап қамтамасыз ету – бала әкесінің міндеті. Ешкімге шамасынан тыс міндет жүктелмейді», – деген («Бақара» сүресі, 233-аят).

Имам ибн Мунзир: «Әкенің кішкентай балаларына нәпақасын беруге тиіс екенін бүкіл ғалымдар бірауыздан қолдаған. Өйткені бала – адамның бауыр еті. Өзінің тәнін азықтандыруы тиіс болғанындай, баласын да тамақтандыру – оған міндет», – деген.

Радикалды көзқарас – қоғам тұрақтылығына төнген қауіп

18.03.2026
Астанада ат спортынан ел чемпионаты өтеді

Астанада ат спортынан ел чемпионаты өтеді

18.03.2026

Әкесінің жұмыс істеуге шамасы жетіп тұрса, балаларының нәпақасы оның мойнында болады. Нәпақаны әр әке жағдайына қарап береді. Алла Тағала Құранда: «Ауқатты адам (қолына қараған әйел, бала-шағасына) ауқатына қарай (мол) нәпақа берсін. Ал ризық-несібесі шектеулі болған адам Алланың өзіне нәсіп еткен жағдайына қарай нәпақа берсін», – деген («Талақ» сүресі, 7-аят).

Әрбір ата-ана балаға жауапты, перзент оларға аманат. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Бәрің де бақташысыңдар, бәрің де қоластындағыларға жауаптысыңдар. Әмірші – адамдарға бақташы, өзінің қоластындағыларға жауапты. Ер адам – отбасына бақташы, өзінің қоластындағыларға жауапты. Әйел – күйеуінің үйіне және баласына бақташы әрі соларға жауапты», – деген. Сондықтан ажырасқан күнде де әкенің балаларын асырап, бағуы (алимент төлеуі) оған жақсы тәрбие беруі шариғат бойынша міндет. Оны төлеуден қашу, табысын жасырып, аз мөлшерде төлеу – күнә. Ер адамдар осы күнәсі үшін бұл дүниеде заң алдында, ақыретте Алла алдында жауап береді.

Медет ҚҰРМАШҰЛЫ,

«Иман» журналы, №2, 2023 жыл

Таңбалар: алиментбасты тақырыпдінислам
Бөлісу6Твитерге4Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Орталық референдум комиссиясы: Жаңа Конституция қабылданды
Жаңалықтар

Орталық референдум комиссиясы: Жаңа Конституция қабылданды

17.03.2026
Еxit poll: Халықтың 86,7 пайызы жаңа Ата заңды қолдады
Жаңалықтар

Еxit poll: Халықтың 86,7 пайызы жаңа Ата заңды қолдады

16.03.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Тəубеге келтірген түс

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    121106 бөлісті
    Бөлісу 48442 Твитерге 30277
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1600 бөлісті
    Бөлісу 640 Твитерге 400

Соңғы жарияланымдар

Ағымдар ақиқаты

Радикалды көзқарас – қоғам тұрақтылығына төнген қауіп

18.03.2026
Астанада ат спортынан ел чемпионаты өтеді
Жаңалықтар

Астанада ат спортынан ел чемпионаты өтеді

18.03.2026
Ақтөбе: «Ел үлесі пәтерге» жобасы аясында 8 баспана кілті табысталды
Жаңалықтар

Ақтөбе: «Ел үлесі пәтерге» жобасы аясында 8 баспана кілті табысталды

18.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00