Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Данышпан қожа

24.05.2023
- Ислам, Таңдаулы
0
309
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Ол – Қ.А.Ясауидің бел шәкірті, әл-Хазинидің жеткізуіне қарағанда Әзірет Сұлтанның бірінші халифасы еді. Толық аты жөні: Суфи Мұхаммед Данышманд Зарнұқи. Халық арасында «Данышпан қожа» деген атпен танымал.

Сафи ад-дин Орын Қойлақының «Насабнама» атты шежіресінде: «…Суфи Мухаммед Данышманд Қожа Ахмад Ясауиның хизматларында 40 йыл хилуат қылды. Андан кейін шайх Ахмед бабам Суфи Мухаммад Данышманд атама ижазат берді: «Барғыл, Отрарда суфра туткил», – деп айтады. Суфи Мухаммед Данышманд Отрарда 40 йыл суфра тутди», менің ұлы бабам Әзірет Сұлтан інісі менің атам Данышпан Қожаға: – Әй, Данышпан 40 жыл менің дәрет суымды жылытып, менімен бірге қартаятын болдың ғой. Сен Отырарға барып өз мектебіңді аш, суфра тұт деді, сөйтіп 300 қызыл алтынға жер сатып әперді» деп айтылады.

«Насабнамадағы» бұл дерекке қарағанда, Данышпан қожа ХІІ ғ. аяғында Отырар қаласында сопылардың көшбасшысы болған. Моңғол әскері келгенде ол өзі туған қаласына арашашы болып, өз еркімен қақпа есігін ашуға көндіріп, тұрғындарын аман алып қалған. Шыңғыс хан Зарнұқты «Құтты балық» қаласы атап Данышпан қожа есімін қосқан. «Насабнама» нұсқаларында Данышпан қожаның 93 жыл өмір сүргені жазылады.

Деректерде Данышпан қожа кереметімен дінге сенбейтін кәпірлермен соғысқа Маңғыстауға тауға мініп барған. Қазір ол жерде «Данышпан» деген тау бар.

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Қазақстанда 11 жаңа петроглиф табылды

Қазақстанда 11 жаңа петроглиф табылды

03.12.2025

Данышпан қожаның соңында қалған үлкен еңбегі – Қожа Ахмет Ясауидің айтқандарын жинақтап қағазға түсіріп, «Көңілдің айнасы» (мират-ул кулуб) атты рисала. Осы еңбектің бір нұсқасы Швецияның Упсала қаласындағы университет кітапханасының ескі жазбалар қорында сақталуы тұр. Ол Түркияда қазіргі қазақ тіліне аударылып 2000 жылы жарық көрді. «Мират-ул кулубтың» Ташкент нұсқасын 2002 жылы шығыстанушы Надирхан Хасан ғылыми айналымға енгізді. Ал «Көңілдің айнасы» трактатының әлі ғылыми айналымға енбеген Алматы және Лоһор нұсқалары бар.

Данышпан қожа 70 жыл Қыдырмен (ғ.с.) бірге сұхбаттас болады және бір муриді (шәкірті) Суксук Қожа (ғ.с.) Қ.А.Ясауидің қасында жүріп 12 жыл Аллаға құлшылық етеді. Аңыздарға қарағанда, ол 112 жыл өмір сүреді, үш мың шәкірт тәрбиелейді. Аңыз бойынша, бұлтқа мініп Қағбаға барған. Зарнұқта (Оқсызда) туған Данышпан қожа Отырарда қайтыс болады. Мазары Отырардағы Сопы-ханада. Бұл Сопыхананың жер-суы 300 қызыл алтынға сатып алынған.

Данышпан қожаға ел билеушілерінің бірі адал қызметі үшін «9 атаңнан бергі адал мүлкің болар» деп басы Өгіз тауынан, аяғы Қарашыққа дейінгі жерді береді. Отырар қаласының шахристанында Сопы қақпасы деп аталатын батысқа қараған қақпа орны бар. Ал Отырардан 3 км оңтүстік батыста төрткүл түрінде салынған мазар орны «Сопы Данышманд» деп аталады. «Сопы Данышпан» атты шағын төбешік Арыстанбаб кесенесі мен Отырартөбе арасында, тас жолдың күншығыс жиегіне жақын тұр. Бұл жер Данышпан қожаның жерленген орны.

Мұхан ИСАХАН

Таңбалар: басты тақырыпМұхан Исаханотырар
Бөлісу8Твитерге5Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

03.12.2025
Палестина Президентінің дін істері жөніндегі кеңесшісін қабылдады
Жаңалықтар

Палестина Президентінің дін істері жөніндегі кеңесшісін қабылдады

02.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Халал сертификаттарын келісу рәсімдерін жеделдету орынды – Смайылов

Халал сертификаттарын келісу рәсімдерін жеделдету орынды – Смайылов

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

03.12.2025
Қазақстанда 11 жаңа петроглиф табылды
Жаңалықтар

Қазақстанда 11 жаңа петроглиф табылды

03.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00