Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ақтөбе: Тұңғыш «Ислам спорттық ойындары» өтті

11.05.2023
- Жаңалықтар, Таңдаулы
0
104
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

ҚМДБ Ақтөбе облыстық өкілдігі Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешіті және «Аңсар Байғанин» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Ақтөбе облысы жамағаты арасында «Ислам ынтымақтастық ойындары» атты пайғамбар сүннетінде келген спорттық ойындардан эстафеталық сайыстар өткті.

Жарыстың мақсаты – Алла елшісінің (Аланың оған игілігі мен сәлемі болсын) мұсылман үмбетіне насихаттаған спорт түрлерін халыққа паш етіп, оны қайта жаңғырту. Сондай-ақ жамағат арасында бірлік пен татулықты насихаттап, салауатты өмір сүру салтын дәріптеу. Пайғамбар хадисінде «Күшті мұсылман әлсіз мұсылманға қарағанда Алла Тағалаға жағымды әрі қайырлы» деген.

Пайғамбар сүннетіне негізделген спорттық ойындар 4 спорт түрінен құралды: Жүзу, жүгіру, күрес және садақ ату.

Ақтөбе облысына қарасты қалалық және аудандық мешіт жамағаттарынан құралған 150-ге жуық кісі қатысқан әр спорттық сайыста бірнеше топ құралып, команда аралық жарыс өтті.

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025

Ақтөбе қаласы «Достық» су бассейнінде өткен жүзу сайысынан жүлделі бірінші орынды алып, Алға аудандық «Хазрет Мұхаммедқазы Медіқұлұлы» мешіті командасы жеңіске жетті. Екінші орынды Хромтау аудандық «Нұр» мешіті командасы және үшінші орынды Мәртөк аудандық мешіті командасы еншіледі.

«Стрела» садақ ату клубында өткен жамағаттан шыққан мергендерден құралған садақ ату сайысында Ақтөбе қаласы, «Әзіреті Біләл» мешіті командасы бас жүлдені қанжығасына байлады. Екінші орынды Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешіті командасы, үшінші орынға Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешіті командасы жайғасты.

Белбеу күрес бойынша мешіт жамағатынан шыққан палуандар арасында 70 келіге дейін және 70 келіден жоғары салмақтар арасында өзара күш сынасу өтті.

70 келіге дейін салмақта қарсыласын базып озып, бас жүлдені Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешіті жамағаты Әлқуанышев Бағдат жеңіп алды. Қарсыласына есе берген Ақтөбе қаласы, «Әл-Латиф» мешіті жамағаты Сәрсенов Қарасай есімді азамат екінші орынды алып, Хромтау аудандық «Нұр» мешітінің жамағаты Ізмұхан Орынғали үшінші орынға қанағат тұтты.

Сонымен қатар 70 келіден жоғары салмақ бойынша алпауыттар жиналған күрес сайысында Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешіті жамағаты Пірмағамбетов Мирас бас жүлдені иеленді. Байғанин аудандық мешіті жамағаты Оралов Нұртөре екінші орынмен олжалы болды. Ақтөбе қаласы, «Досжан Хазірет» мешіті жамағаты Тәжіков Аслан үшінші орынға тұрақтады.

Эстафеталық сайыстардың соңғысы жүгіру спортынан жамағат өзара бақ сынасты. Команда аралық бәсекеде мәреге алғаш жеткен «Досжан Хазірет» мешіті жамағаты бас жүлдені ұтып алды. Үзенгілесіне басымдық берген Алға аудандық «Хазрет Мұхаммедқазы Медіқұлұлы» мешіті командасы екінші орынға бас тіреді. Үшінші орынды  Ақтөбе қаласы, «Қайырқожа» мешіті командасы қанжығасына байлады.

Облыстық деңгейде өткен «Ислам ынтымақтастық ойындары» атты пайғамбар сүннетіне негізделген спорттық сайысты қорытындылау үшін ұйымдастырушылар қатысушыларды дастархан төрінде бастарын қосып кешкілік ас берді.

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің асханасында өткен салтанатты шарада ҚМДБ Ақтөбе облысы бойынша Бас имамы Серікжан Енібайұлы және «Аңсар Байғанин» ҚБ төрағасы Тәжімұратов Айтуған Бауыржанұлы диплом және алғыс хаттар табыстап, медальдармен марапаттады. Сондай-ақ қой, марқа, тоқты, шаңсорғыш, электротолқынды пеш, тоқ шәйнек, «Мечта» дүкенінен тұрмыстық заттар сатып алуға ақшалай сертификаттар және тағы басқа бағалы сыйлықтарды сыйға тарту етті.

Бас имам Серікжан Еншібайұлы жамағатқа сүннетте келген спорттық ойындардың ерекшеліктерін айтып, сүннетке берік болуға шақырды. Облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Нұрбол Смағұлов сүннеттің мұсылман өміріндегі маңызына тоқталып, жамағатты әрқашан исламның бірлік туының астында бір болуға шақырды. Айтуған Бауыржанұлы өңіріміздегі мұсылман жамағатының екіге бөлініп, жат ағымның жетегінде кетудің зардабын ескеріп, ынтымақта болудың құнды байлық екенін тілге тиек етті.

Аудан, қаладан келген жамағат спорттық сайыстарға жоғары баға беріп, ұйымдастырушыларға үлкен алғыстарын айтты.

Ескере кетер болсақ, аталған спорттық сайыс аталған форматта еліміз бойынша алғаш рет ұйымдастырылып отыр.

Ақтөбе облыстық орталық

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу2Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Мүгедектігі бар адамдар 182 мың әлеуметтік қызмет алды

Мүгедектігі бар адамдар 182 мың әлеуметтік қызмет алды

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00