Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Жәннат – аналардың табанының астында

08.03.2023
- Қоғам, Таңдаулы
0
(с) qazaqytoi

(с) qazaqytoi

637
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

«Құл әке-шешесі үшін дүға етуді қойған кезде, шынымен де ырыздығы кесіледі» (Хадис шәриф, Дейлеми)

Ата-ана – ең үлкен құрметке лайық жандар. Ата-анаға ізеттілік танытпаған, құрметтемеген адам Жаратушыға қарсы шыққан болып саналады, өйткені оларға жәбір-жапа көрсетіп, ренжіткендер ерте ме, кеш пе, өздері де солардың кебін киетіні анық.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Ата-анаға жақсылық жасау намаздан, оразадан, қажылықтан, умрадан және Алла жолында жиһад етуден артық», – деген. Алла Тағала ата-анаға жақсылық жасаудың маңыздығын білдіріп, былай бұйырған: «Раббың тек өзіңе ғибадат етушілеріңді және ата-анаға жақсылық жасауларыңды қатаң түрде әмір етті» (Исра сүресі, 23 аят).

Сөзсіз, бала ата-анасының алдындағы парызын орындап, оларға құрмет көрсетуі тиіс. Ата-ана да өз кезегінде, әрине баласының тән саулығын ғана ойламай, оның рухани саулығына үлкен мән беруі қажет. Ата-ананың қадірін білмей, беттен алып, жағадан алған кей балалар – баласының рухани дамуын ескере қоймаған ата-ана «күшімен» тәрбиеленгендер болуы да ғажап емес…

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025

Осы бір тіршілік әлемінің бастауы да, арқауы да Әйел-ана ақысы әке ақысынан әлдеқайда көп, сондықтан да ең әуелі анаға жақсылық жасау парыз. Өйткені қоғам жанұядан құралатын болса, жанұяның негізі-ана. Ананы жанұяның ғана тәрбиешісі емес, қоғамның да тәрбиешісі деп қарау керек.

Анаға қатысты Пайғамбарымыздан қалған мынадай ғибратты әңгіме бар: Алқамә деген Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) көзі тірісінде құлшылыққа жан-тәнімен берілген, садақаны көп үлестіретін өте ізетті иманды жас жігіт болған екен.

Бір күні аяқ астынан Алқамә төсек тартып ауырып жатып қалады. Ауру меңдеп, халі нашарлап, бірақ тілі куәлік сөзге келмей күрмеліп қалады. Оның қатты қиналғанын көрген сахабалар пайғамбарымызға жүгіріп, мән-жайдан хабардар етті. Пайғамбар болса дереу әлгі жігіттің анасын шақырып, ұлына реніші бар-жоғын сұратты. Шешесінің реніші бар екенін естіп, Пайғамбар (с.ғ.с.): «Анасының реніші баласының тілін күрмеп тұр екен. Қане, отын жинаңдар, Алқамәны тірідей отқа жағамыз», – деп бұйырады. Ал анасы жанұшырып: «Қажеті жоқ. Баламды жаға көрмеңіз», – деп жалынады. Пайғамбар (с.ғ.с.) салихалы түрде: «Алла Тағаланың о дүниедегі азабы балаңыздың қазіргі азабынан да қатты болмақ. Егер Алла ұлыңызға разы болсын десеңіз, сіз де ақ сүтіңізді кешіп, ұлыңызға бар өкпе-ренішіңізді қойып, онымен ризалықпен қоштасыңыз», – дейді. Ана байғұс разылығын айтып, кешіргенде, ұлының тілі кәлимаға келіп, өмірден озған екен.

Ата-бабаларымыз «әйелдің қолындағы ине, жауынгердің қолындағы найза сияқты» дейді. Арлы, тәрбиелі, әрі өз ошағына берік әйелдің үйі-Жәннәттың бір борышындай болмақ. Ислам діні әйелді, ананы сыйлауға үйретуде маңызды роль атқарып келе жатырған хақ дін. Қасиетті Құранымызда ана жылуы мен дәруменге бай ана сүтінің құнарлығын турасында айқын жазылған. Иә, аналар адамды бесігінен бастап баулиды…

Өмірдің іргетасы солардың қолдарымен қаланады. Исламдағы текті әйел-аналар Хадиша анамыздың, Айша анамыздың, хазіреті Фатиманың өмір-жолдары тәрбие-тағылымы мол өшпес мұра. Алайда мұндай тәрбиеге қол жеткізуі үшін мұсылманның ең алдымен жар таңдағанда адаспағаны абзал.

Лұқман Хакім ұлына былай өсиет екен: «Ей, ұлым! Дүниеде ең бірінші өзіңе салиха әйел және салих діндар дос тап. Ол әйелдің қасына барғанда рахаттанарсың, досыңның қасында да рахаттанарсың. Бұлардың қасынан тек сауап табасың».

Ал, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Кімде-кім бір әйелге малы мен әдемілігі үшін үйленсе, ол оның малынан да, әдемілігінен де құр қалады. Ал кімде-кім діні үшін үйленсе, Алла Тағала оны әрі малмен, әрі әдемілікпен ырзықтандырады», – деген. Сондықтан да сабырлы да қанағатшыл әйел, бұл тәрбиелі де салихалы ұрпақ, ал салихалы ұрпақ Ата-ананы қадір тұта білетін, құрметке бөлейтін өнегелі де, үлгілі құл болмақ. Ал мұның бәрі, сайып келгенде, біле-білсек, сүттей ұйыған жанұя, ынтымағы жарасқан қоғам.

Ішкі дүниесінің тереңдігі, намысы мен парасаттылығы арқасында ерінің де, елінің де мерейін асыратын әйел-аналарға мәңгілік құрмет пен ізет көрсетейік әрдайым! В.Г. Белинский айтқандай, дүниеде ана махаббатынан қасиетті нәрсе жоқ.

                                                                                         Нұрлан САМАТҰЛЫ,

                                         ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілдігінің баспасөз хатшысы

Таңбалар: 8 наурызәйелдер мерекесібасты тақырып
Бөлісу15Твитерге10Бөлісу3Бөлісу

Ұқсас мақалалар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

03.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
СҚО әкімі 101 жастағы соғыс ардагерін құттықтады

СҚО әкімі 101 жастағы соғыс ардагерін құттықтады

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00