Сәрсенбі, 25 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Наурызды тойлау Исламға дейін бастау алған

21.03.2023
- Қоғам, Таңдаулы
0
282
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Күні ертең соң жер ананы ерекше жылуға, адамзатты мейірімге бөлейтін Ұлыстың ұлы күні – әз-Наурыз мерекесі тойланады. Наурызды тек қазақ жұртшылығы ғана емес, күллі түркі халықтары атап өтеді. Халқымыз бұрынғы замандардан бері осынау мерекені ерекше көңіл күймен қарсы алып, жақсылықтың нышаны ретінде қабылдаған.

Бұл Жаңа жылдың бастауы – қыстың қыспағынан шығып, жердің жаңаруынан бастама алады. Әз Наурыз – алты ай қыс артынан жер-жаһанға жан бітіріп, тіршілік тынысын кеңітетін  күн. Бұл күн – жаңарған табиғатпен бірге өміріміз, жан-дүниеміз жаңғыратын, ой-ниетіміз бен жүрегіміз тазаратын күн. Сондай-ақ кешірім мен түсіністіктің, үміт пен сенімнің, ізгілік пен мейірімнің мерекесі. Бұл күні табиғат пен қоғамда ұлы өзгерістер орын алып, теңдікке, жақсылыққа, жаңаруға қарай қадам жасалады.

Біз елімізге белгілі дін мамандарынан Наурыз мерекесінің шығу төркіні және оның исламмен байланысы туралы сұрап білген едік.

Исламтанушы Абдусамат Қасымның айтуынша, Наурыз мейрамы сонау парсылар тарихынан басталады.

Ағаш отырғызу шарасына қатысты

Ағаш отырғызу шарасына қатысты

23.03.2026
Наурызды тойлау Исламға дейін бастау алған

Наурыз қандай мереке?

20.03.2026

– Ислам діні келмей тұрып отқа табынушы парсы халқы Наурыз мейрамын жаңа жыл ретінде тойлайтын. Кейінірек иран жеріне мұсылмандар аяқ басқан соң аталмыш үрдіс мұсылмандардың арасында жайыла бастады. Тіпті, Үмеяттардың халифалығы кезеңінде аса қаніпезерлігімен танылған Хажжаж ибн Юсуф әс-Сақафи оны ресми мейрам ретінде бекітсе, шиизмді дәріптейтін Фатимиттердің дәуірінде мұсылмандар мекендейтін аймақтарда тойлана бастаған. Аббаси халифасы Мүтәуәккил Алланың наурыз мейрамын жақсы көргендігі тарих кітаптарында айтылады, – дейді исламтанушы.

Ал филология ғылымдарының кандидаты Айнұр Әбдірәсілқызы Наурыздың исламмен немесе басқа дінмен тікелей байланысы болмағанымен, халықтық жыр-аңыздар әз-Наурызды топан су тартылып, Нұх пайғамбардың кемесі тоқтаған кезеңмен байланыстырады.

– Құрғаққа шыққанда Нұхтың кемесінде әр азық-түлік түрінен бір-ақ уыстан қалған екен, солардың бәрін қосып, бір қазанға қайнатып ас пісіріпті. Наурыз көжені жеті түрлі дәмнен жасау содан қалыпты дейді қазақ аңызы. Мұсылман шығыс жұртының бірқатарында наурыз көжеге ұқсас дәм бар. «Наурызнаманың» көне нұсқалары да көптеген мұсылман халықтарында кездеседі. Кез келген жиынды Алладан тілек тілемей бастамайтын да аяқтамайтын халқымыз Наурызда да өлілердің рухына құран бағыштап, Алладан тілек тілесіп, бұл мерекені мызғымас рухани дәстүрге айналдырған. Сондықтан болар, наурыз көжені оңтүстікте «құдайы көже» деп те атай береді, – дейді Айнұр ханым.

Әбу Райхан Бируни, Омар Һайям тәрізді әлем таныған тарихи тұлғалардың еңбектеріндегі Шығыс халықтарының Наурыз мейрамын қалай тойлағаны туралы деректерге назар аударсақ, парсы тілдес халықтар Наурызды бірнеше күн атап өткен. Кейбір халықтар әр жерде үлкен от жағып, отқа май құйып ырымдарын жасаған. Жаңа өнген жеті дәнге қарап болашақты болжаған. Жеті ақ кесемен дәстүрлі ұлттық көже «сумалық» ұсынған. Тозған киімдерін тастап, ескірген шыны аяқты сындырған. Бір-біріне гүл сыйлаған. Үйлерінің қабырғасына күн символын дөңгелек ою салған. Үйлеріндегі тіреу, ағашқа гүл ілген. Жамбы ату тәрізді түрлі жарыстар өткізген. Бұл күні кәрі-жас мәз болып, бір-біріне жақсы тілектер айтып жарысқан.

Дегенмен, Исламға дейінгі кейбір жорылғылар жаңа дін келгеннен кейін тарих қойнауында қалып, тек шариғатқа қайшы келмейтін тұстары ғана сақталып, ұлттық мереке ретінде тойланып келеді.

Наурыз мейрамына байланысты мынадай атаулар бар: Наурыз күні, Наурыз айы, Наурызнама, Наурызкөже, Наурыз тойы, Наурыз жыры, Наурыз жұмбақ, Наурыз бата, Наурыз тілек, Наурыз төл, Наурызкөк, Наурыз есім, Наурыз шешек, Наурызша, Әз, Қыдыр, Саумалық, Мұхаррам (тыйым), Самарқанның көк тасы.

Наурыз мерекесінің тарихы жайында аңыздар көп. Наурыздың нақты тарихы тереңде жатыр, ол өзінің бастауын мұсылмандыққа дейінгі заманнан алады. Кейбір ғалымдар бұны зороастризм мен шаманизм кезеңіне дейінгі уақытпен байланыстырады. Кейбіреулер Парсы патшасының жорықтарымен байланыстырып жүр.

Наурыз – көктем мен еңбектің, достық пен бірліктің мейрамы болумен бірге, халқымыздың салт-дәстүрлерін құрметтеп, ұлттық қасиеттерімізді бойына сіңіріп, жан-жақты дамыған өнегелі, өнерлі азамат тәрбелейтін ұлттық мейрамымыз.

 Балжан ӘБДІРАШ

Таңбалар: әз-НаурызЖаңа жыл
Бөлісу7Твитерге4Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа жыл әр азаматқа жақсылық әкелсін!
Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа жыл әр азаматқа жақсылық әкелсін!

01.01.2025
Мамандар кеңесі: Мейрам күндері қалай тамақтану керек
Қоғам

Мамандар кеңесі: Мейрам күндері қалай тамақтану керек

30.12.2023
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Ұстаған оразам ақыретте маған шапағатшы бола ала ма?

Оразаның ақыреттегі пайдасы қандай?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    121555 бөлісті
    Бөлісу 48622 Твитерге 30389
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1602 бөлісті
    Бөлісу 641 Твитерге 401
  • Ораза айт: Еліміздің қалаларындағы айт намазының уақыты

    520 бөлісті
    Бөлісу 208 Твитерге 130

Соңғы жарияланымдар

Пәкістан мен Ауғанстан текетіресі Орта Азияда жаңа сын-қатер туындатады — сарапшы
Сұхбат

Пәкістан мен Ауғанстан текетіресі Орта Азияда жаңа сын-қатер туындатады — сарапшы

25.03.2026
Ораза кестесі – 2022
Жаңалықтар

Шәууәл айының ораза кестесі (қалалар бойынша)

23.03.2026
Ағаш отырғызу шарасына қатысты
Жаңалықтар

Ағаш отырғызу шарасына қатысты

23.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00