Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Дәстүріңді сақтау – елдігіңді сатпау

09.03.2023
- Қоғам, Таңдаулы
0
504
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Салт-дәстүр ұлт үшін ғасырдан-ғасырға созылған жазылмаған дала заңы, сол ұлттың географиялық, климаттық ортасына сай қалыптасқан рухани әрі мәдени өмірінің негізгі бөлігі. Салт-дәстүр ұлттың ұзақ уақыт бойы заман талабына сай дамып, өмірлік тәжірибелермен толықтырылған, әрі ұлт ретінде өзін сақтап қалуы үшін қажетті рухани институт ретінде қалыптасқан өмірлік заңдылықтар мен ережелер жиыны.

Бұл талаптар мен ережелер қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерінің өн-бойынан халықтың қуанышы мен қайғысын, білімі мен мәдениетін, тәрбиесі мен тағылымын, ұлттық болмысы мен бітімін, өткені мен бүгінін, тіптен келешегін де берік ұстағандығын озық салт-дәстүрлеріне қарап елестетуге болады.

Біз ең әуелі кез келген ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптың астарына үңілер болсақ, барлығында ұлттың ұлт болуы үшін қызмет ететін ерекше бір пайдалы функция жатқанын көреміз. Сәби өмірге келген сәттен бастап шілдехана өткізу, бесікке салу, азан шақырып ат қою, тұсау кесу, сүндет той, тоқымқағары мен тілашары, тай үйретіп, тақпақ айтып, домбыра шертіп, өлең айтқаны, айтыстарға қатысып жұрттың айызын қандырғанына дейін, тіптен қыз балаға тән құда түсу мен сырға салудың, келін түсіріп, беташар жасаудың, ата-аналарға, үлкендерге жас келіндердің иіліп сәлем салуының, жігіттердің амандасқанда басын иіп, кеудесіне қолын қойып сәлем беруі, келіндердің қайын жұртының жасы үлкен, кіші болсын барлығының атын тергеп, оларды тура атын айтпай, өзі ең жақсы көретін атаулармен шақыруының астарында адам баласына ең керекті аса зор әдептіліктің асқар шыңы тұрса, әрбір адамның жасына, жынысына, ортасына, жұмысына, руына қарай кербездігі мен дала гүлдеріндей түрлі-түсті киімдері, таққан әсем бұйымдары мен ұлттық киімдерінің оюлары, бәрі-бәрі ешбір дінге, ешбір мазхабқа, ешбір қоғамдық заңдылыққа қайшы келер тұстары жоқ.

Алла Тағала қасиетті Құранда намазды бір тілде оқуды әмір еткенімен бір тілде дұға етуді, бір тілде қарым-қатынас жасап, бір тілде сөйлеуді, бір киіммен, бір дәстүрмен өмір сүруді әмір етпеген. Ол туралы Пайғамбар (с.а.с.) бір хадисінде былай дейді: «Шын мәнінде, Алла Тағала сендердің сыртқы дене-бітімдеріңе не түр-тұрпаттарыңа емес, жүректерің мен амалдарыңа қарайды», – деген. Хадистен Алла Тағалаға сүйікті құл болу бір ұлттың киімі мен дәстүрінің керемет немесе нашарлығына байланысты емес екендігін көре аламыз. Мәселе салт-дәстүрді заман талабына сай дұрыс дін мен ділге, ғылым мен білімге қызмет еттіре алуда екен.

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025

Қазақ ұлтының қай қырынан қарасақ та, ислам дінінің шариғат талаптарына сай келмейтін ешқандай бір салты мен дәстүрі жоқ. Қандай да бір салт пен дәстүрдің түбірін қазбаласақ, Құранның аяттарының үкімі мен Пайғамбардың (с.а.с) хадисі немесе сүннеті шығатыны белгілі.

Ендеше қазақ ұлтын бір дене деп елестетсек, ұлттық салт-дәстүрлеріміз – адам жаны сияқты, оның рухани күші. Қанша жерден дене мықты, күшті, қуатты, қарны тоқ болғанымен оны басқарып, әрекетке келтіретін рухы сау болмаса, ауру дененің мықты болғанынан не пайда? Тура осындай қазіргі заманда өзін қазақ санайтын, ақшалы, қайратты, күшті, мансабы жоғары адамдар болуы мүмкін, алайда өн-бойларында қазақы болмысты титтей де белгісі жоқ, ұлттық дәстүрдің не екенін білмегені былай тұрсын, оған мұрнын шүйіріп қарайтындар бой көрсете бастады.

«Тегін білмеу тексіздіктің белгісі» деп қараған бабалар тәмсіліне жүгінер болсақ, өз ұлтының тегі мен тарихын, өткені мен бүгініне көз жүгіртіп, заман көшіне сай ұлттық құндылықтарға ие бола алған адам ғана өз ұлтын мақтаныш тұта алады, болмаса Б. Момышұлының сөзімен айтқанда «Өз ұлтын сыйламау және оны мақтаныш етпеу – сатқындық», – дегендей, мейлі ғылым немесе дін жағынан, немесе ақша мен атақ жағынан жетістікке жетсе де, бәрібір өз халқының ұлттық құндылықтарын сыйламаса, білмесе, оны мақтаныш етіп, әлеуметтік өмірде оны қолданбаса, ол ұлттың тілімен сөйлеп, ділімен жүрмесе, оны сол ұлттың өкілі деп қараудың өзі асығыстық.

Қазіргі адамзат баласына, әсіресе қазақ ұлтына заман көшіне ұлттық болмысымызды жоғалтпай ілесудің жалғыз жолы – ұлттық құндылықтарымыз болып саналатын салт-дәстүрлерімізді алтындай қадірлеп, адамзат қоғамының дамуына интеграцияға түсуіміз керек. Егер керісінше дәстүрімізді менсінбей, өзгенің тозығын озық санап, соларға еліктеп, барымызға қанағат етпесек, бөтен бір халықтың құрамына біртіндеп сіңіп, жұтылып кету қауіпіне ұшырап, ұлттық ерекшелігімізден жұрдай болған дүбара бір халық боларымыз белгілі.

А. СЕЙДУӘЛІ,

теолог маман

Таңбалар: әдет-ғұрыпбасты тақырыпдін мен дәстүрсалт-дәстүртәуелсіздікұлттық құндылықтар
Бөлісу12Твитерге8Бөлісу5Бөлісу

Ұқсас мақалалар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

03.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Малайзия Швецияға 20 мың Құран жібереді

Малайзия Швецияға 20 мың Құран жібереді

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00