Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

ҚМДБ «Жібек Жолы» мекемесімен келісімді тоқтатуға қатысты мәлімдеме жасады

02.02.2023
- Жаңалықтар, Таңдаулы
0
290
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

«Жібек Жолы» қайырымдылық мекемелері қауымдастығымен 2021 жылдың 26 қазанында жасалған екіжақты Келісімнің 2023 жылдың 26 қаңтарында тоқтатылуының нақты себептері мен негіздемелеріне қатысты қоғамда туындаған сұрақтарға байланысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мәлімдейді:

ҚМДБ Қазақстанда діни тұрақтылық пен қоғамдық келісімді сақтау және нығайту мақсатында Ислам дінінің дәстүрлі рухани құндылықтарын қоғамда насихаттап, ағарту қызметін атқарып келе жатқан республикалық діни бірлестік. Өз қызметін ҚМДБ дін саласындағы қазақстандық заңнамаға сай атқарады.

Жоғарыдағы Келісім, 2020 жылдың қарашасында заңға сай болмауы себепті ҚМДБ тарапынан біржақты тоқтатылған. Бұл Келісім 2019 жылдың 19 шілдесінде «Жібек Жолы» қауымдыстығының бастамасы бойынша ҚМДБ-мен екіжақты Меморандумның орнына жасалған болатын.

Аталмыш Келісімнің 2019 жылы болған Меморандумнан айырмашылығы мен ерекшелігін ашып айтсақ, тараптар қандай да бір діни-миссионерлік амалдарды «Жібек Жолы» қауымдыстығының қайырымдылық мекемелерінде жүргізбеу туралы міндеттемені өздеріне жүктеп алған болатын.

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025

Яғни, ҚМДБ мен «Жібек Жолы» қауымдастығымен болған аталмыш екіжақты Келісімге сай қауымдастық тәрбиеленушілері ҚМДБ мешіттері жанындағы діни сауат ашу курстарында біздің имамдардан дәстүрлі исламдық діни ілімді үйренуі керек еді.

Қайырымдылық мекемелердің тәрбиеленушілеріне ыңғайлы болу үшін өңірлердегі бұл мекемелерге жақын орналасқан мешіттердің діни сауат ашу курстарына қатысуға ҚМДБ тарапынан барынша мүмкіндік жасалды.

Алайда, «Жібек Жолы» қауымдастығы тарапынан аталмыш Келісімнің негізгі талаптарын орындамау бірнеше рет қайталанды. Атап айтсақ, осы қауымдастыққа қарасты қайырымдылық мекемелердің ғимараттарында тәрбиеленушілерге діни сабақтарды кедергісіз жүргізуге қол жеткізу мақсатында имамдармен өзара келісуге және мұның заңға қайшы еместігін негіздеп беруге әрекеттер жасалған.

Келісім аясында қойылған заңды талаптарды орындамай, мемлекетіміздің заңдарын құрметтемегені үшін «Жібек Жолы» қауымдастығының қызметіне қатысты сенімсіздік туындады.

«Жібек Жолы» қауымдастығына деген сенімсіздік жақында БАҚ-та таралған жаңалықтардан кейін өрши түсті. Қауымдастыққа қарасты қайырымдылық мекемелердегі заңсыздықтар полиция тарапынан анықталып, діни алауыздыққа қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Бұдан бөлек, ақпараттық алаңда «Жібек Жолы» қауымдастығының «медресе» шәкірттеріне деген сылтаумен садақа жинаумен айналысқаны туралы мәліметтер тарады. Бұл іс-әрекеттерге ҚМДБ-ның қатысы бар деген қате ой-пікірлер қоғамға таралуда.

Осы ретте, бұл қауымдастықтың «медресе» деп қате аталатын қайырымдылық мекемелері немесе пансионаттары Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Орал, Павлодар, Тараз қалаларында, Алматы облысының Үшқоңыр ауылында және Түркістан облысының Сарыағаш кентінде қызмет жасайтын ҚМДБ-ға қарасты 9 ресми медресе-колледждерге қатысы жоқ деп мәлімдейміз.

ҚМДБ Қазақстан азаматтарын, соның ішінде кәмелетке толмаған жасөспірімдерді мәжбүрлі түрде дінге тартуға немесе олардың рухани дамуына кедергі келтіруге ешкімнің құқығы жоқ екенін мәлімдейді. «Жібек Жолы» қауымдастығына қарасты қайырымдылық мекемелерінің тәрбиеленушілері өзге де Қазақстан азаматтары секілді қандай да бір шектеусіз өз еріктерімен ҚМДБ мешіттері жанындағы діни сауат ашу курстарына қатыса алады. Бұған қандай да бір Меморандумдар мен Келісімдерді жасау қажет емес.

Не арқылы: https://www.muftyat.kz/
Таңбалар: ҚМДБ
Бөлісу7Твитерге4Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

ҚМДБ: ЖИ этикасына қатысты дөңгелек үстел
Жаңалықтар

ҚМДБ: ЖИ этикасына қатысты дөңгелек үстел

20.11.2025
ҚМДБ: Жаңа бөлім басшысы тағайындалды
Жаңалықтар

ҚМДБ: Жаңа бөлім басшысы тағайындалды

18.11.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
«Қазақ» газетіне 110 жыл

«Қазақ» газетіне 110 жыл

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00