Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қазақтың тұңғыш романы «Бақытсыз Жамал» ма әлде «Қалың мал» ма?

06.02.2023
- Қоғам, Таңдаулы
0
2.6k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Көпшілік оқырман «Қазақ әдебиетіндегі тұңғыш роман «Бақытсыз Жамал» десе, ал кейбірі «Қалың мал» деп жатады. Тіпті ішінара Тайыр Жомартбаевтың «Қыз көрелік» романы алғаш жарыққа шыққан дейтіндер де кездесіп қалады.

Алайда, ақиқаты қалай? Әдебиет сыншылары, ғалымдар не дейді? Соны оқып көрелік…

Міржақыптың өмірін зерттеп, ақын туралы мол ақпарат қалдырған публицист-жазушы, аудармашы, сыншы-әдебиетші, ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Жұмағали Ысмағұлов «Бақытсыз Жамалдың» шығу тарихын баяндай келе, сөзінің ақырын: «…1910 жылы Қазандағы Каримовтар баспасынан «Бақытсыз Жамал» деген атпен басылып шығады. Қазақ әдебиеті тарихындағы тұңғыш роман дүниеге осылай келеді», –  деп аяқтайды [1].

Ал ақын, драматург, әдебиет зерттеушісі, ғалым, филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының халық жазушысы Әбділдә Тәжібаев: «Міржақып Дулатовтың ендігі бір аса ірі еңбегі қазақ әдебиетіндегі тұңғыш рет жазылған «Бақытсыз Жамал» романы. Бұл ХХ  ғасырдың алғашқы жылдарында жазылып, 1910 жылы Қазанда басылып шықты. Сөйтіп біз қазақтың жазба поэзиясының басы Абай десек, қазақ әдебиетінде бірінші роман жазған М. Дулатов екенін көрдік», – дейді [2].

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Қазақстанда 11 жаңа петроглиф табылды

Қазақстанда 11 жаңа петроглиф табылды

03.12.2025

Ғалым, филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі Серік Қирабаев: «Қалың мал» – жазылған мезгілі жағынан, қазақтың жазба әдебиеті тарихындағы алғашқы романдардың бірі болып саналады. Оның алдында 1910 жылы басылған М. Дулатовтың «Бақытсыз Жамалы» ғана бар. Спандияр Көбеевтің «Қалың мал» романы 1913 жылы Қазан қаласында ағайынды Каримовтардың баспаханасында басылып шықты», – дейді [3].

Яғни, «Қалың мал» 1913 жылы басылып шыққанда, «Бақытсыз Жамал» 1910 жылы оқырмандар қолына тиіп те үлгерген болатын.

Ал жазушы Спандияр Көбеевтің өзі: «…Мен осы ойымды жүзеге асыру мақсатымен 1911 жылдан бастап «Қалың мал» романын жазуға кірістім», – дейд [4].

Иә, расымен де Міржақып қазақ әдебиетіндегі тұңғыш романның авторы боп есімі алтын әріптермен жазылған азамат. Соның ізімен іле-шала дүниеге келген «Қыз көрелік» (1912), «Қалың мал» (1913), «Мұңлы Мәриям» (1914 ж), «Қамар сұлу» (1914) романдары қазақ әдебиетіндегі өз орындары бар ерекше туындылар.

Ал Сәбит Мұқанов өзінің «ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті» деген оқулық  еңбегінде: «Бақытсыз Жамалға» еліктеп «Мұңлы Мәриям» (Мұхаметсәлім Кәшімұлының) сияқты романдар (1914 жылы) шықты», – дейді [5].

Байқасаңыз, «Қалың мал» (1913) туындысы – қазақ әдебиеті тарихындағы екінші емес, тіпті үшінші роман екен. Одан бұрын Тайыр Жомартбаевтың «Қыз көрелік» романы 1912 жылы басылып шығыпты.

Ал академик Серік Қирабаевтың оны тілге тиек етпеуін, елемеуін «Қыз көрелік» романының көлемі мен құрылымдық ерекшелігіне  байланысты болар деп ой түйдім. Не десек те, «Бақытсыз Жамалдың» тұңғыш роман екені даусыз.

Нұрлыбек САБЫРҒАЛИЕВ,

Халықаралық журналистер одағының мүшесі

Әдебиеттер:

[1] Міржақып Дулатұлы. Алты томдық шығармалар жинағы. 1 том 10 бет. Алматы. Мектеп. 2013 ж.

[2] «Бес арыс». Құрастырған Дидахмет Әшімханов. 464 бет. Алматы. Жалын. 1992 ж.

[3] Серік Қирабаев, Сегіз томдық шығармалар жинағы. 1 том 78 бет. Алматы. Қазығұрт. 2007 ж.

[4] Спандияр Көбеев. «Орындалған арман». 106 бет.

[5] Міржақып Дулатұлы. Алты томдық шығармалар жинағы. 1 том 358 бет. Алматы. Мектеп. 2013 ж.

Таңбалар: Қазақ әдебиеті
Бөлісу63Твитерге40Бөлісу9Бөлісу

Ұқсас мақалалар

«Алқа» әдеби клубында жасанды интеллектің әдебиетке әсері талқыланды
Жаңалықтар

«Алқа» әдеби клубында жасанды интеллектің әдебиетке әсері талқыланды

22.11.2025
Эстон әдебиеті бұрышы ашылды
Жаңалықтар

Эстон әдебиеті бұрышы ашылды

18.11.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Жастарға Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) өмір жолы баяндалды

«Жаңа Қазақстан»: Жастар "Жаңа адамдар" ұйымын құрды

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

03.12.2025
Қазақстанда 11 жаңа петроглиф табылды
Жаңалықтар

Қазақстанда 11 жаңа петроглиф табылды

03.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00