Сейсенбі, 23 Қыркүйек, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Есімнің естісін қою – міндет

30.01.2023
- Қоғам, Таңдаулы
0
113
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

«Жақсы сөз – жарым ырыс» демекші, адамға қойылған есім де оның тағдырына тікелей әсер етеді екен. Яғни қойылған есім оның болашағына бағдарлама болады. Шариғатта да есім қоюдың маңызды екені меңзелген.

Психолог Әлия Ишниязова әрбір ата-ана баласына есім қоярда өзіне жүктелер жауапкершілікті жете сезініп, байыппен қарап, он ойланып барып қана жүрегі қалаған есімді таңдағаны дұрыс екенін айтады.

– Себебі ғалымдардың пайымдауынша, қойылған есімдердің адам өміріне әсері өте ерекше. Осы тұста өз көзқарасым бойынша сәбилерді, күнделікті өмірде араласатын адамдарды неғұрлым көркем есімдермен атаған сайын адамның да, баланың да тұла бойы соған сәйкес көркемделе түседі, – дейді ол.

Психологтың пайымынша, есіміне байланысты жанына жағатын жылы лебіздер мен тілектер айтылған сайын адамның рухани жан-дүниесі көтеріліп, психологиясына әсер етпей қоймайды. Сол арқылы адам жетістіктерге жетіп, шыңдарды бағындырады екен.

Иманды интернеттен іздегендер

Иманды интернеттен іздегендер

23.09.2025
«Өмір ағашы»: бірлік пен үндестіктің символы

«Өмір ағашы»: бірлік пен үндестіктің символы

23.09.2025

Психология жан туралы ғылым болғандықтан, танымдық процестердің өсуін, дамуын, қалыптасуын әлі де жан-жақты зерттеуде. Сондықтан адам есімінен бастап оның толық өмірін бір-бірімен байланыстырады.

 

Ал шариғат не дейді?

 

Исламда «Әке мен шешенің баласының алдында үш міндеті бар: туғанда жақсы ат қою, дінге тәрбиелеу, үйлендіру». Бұл туралы хадисте айтылған. Шариғат заңы бойынша, жаңа туған нәрестеге үш күннің ішінде азан шақырып ат қою керек. Басқа дүниеде жан мен тәні адасып қалмасын деп сәбидің құлағына есімін үш рет айқайлап айтады.

Заман талабына сай адамға қойылатын есім де өзгеріп отырады. Кеңес заманында қазақтың арасында орысша есімдер кездесе бастаса, бүгінде діни есімдерді қою сәнге айналуда.

Бұл жөнінде Діни басқармадағы Уағыз-насихат бөлімінің басшысы Батыржан Берденұлы екі нәрсеге көңіл аудару керек екендігін айтады.

–  Біріншіден, мәселе сол ғалымдар секілді мықты тұлға, тақуа болсын деген ниетпен қойып жатады. Ел ішінде есімі танымал дана тұлғалар да жетерлік. Сол адамдардың есімін қойсақ та бұл жерде ұтылмаймыз.

Екіншіден, қазір мынандай мәселе бар. Тіпті ересек адамдар арасында ислам жолына түскеннен кейін азан шақырып қойған есімдерін өздері ұнатқан діни есімдерге өзгерткендер жетерлік. Мысалы Кәрім, Нұрбек, Бауыржан деген атын Омар, Осман, Юсуф деп ауыстырғандарды да кездестірдім. «Неге өзгерттің?» деп сұрағанымда «Мұсылман болдым» деген секілді жауап алдым.

Дүниеге келгенде қойған есімнің мән-мағынасы жақсы болса, ауыстырудың қажеті жоқ. Ең бастысы мұсылман адам намазына, құлшылығына берік болып, дінді дұрыс ұстанып, жүрегін дұрыс тәрбиелесе, одан артық ештеңе қажет емес. Осындай жағдайда біз жастарға ислам дінін дұрыс насихаттай білуіміз керек, – дейді дінтанушы.

 

Балаға есімінен қарағанда берілген тәрбиесі көбірек әсер етеді

 

Ал украиналық психоаналитик, клиникалық психология маманы Наталья Трутенко сәбиге қойылған есімнен бұрын ата-анасының тәрбиесі көбірек әсер ететінін айтады. Осы тұста маман франциялық әріптестерінің пікірін мысалға келтірді.

– Франция психоаналитиктерінің айтуынша, жұптар бейсаналы деңгейде болашақ сәбилерінің образын алдын ала ойластырып қояды. Әсіресе, әйел қауымы жатырындағы сәбидің болашағын көз алдына көбірек елестетеді. Тіпті ата-аналардың сәбилеріне берген есімдеріне қарап, олардың перзенттеріне қандай үміт артқандарын білуге болады.

Мұның барлығы балаға әсер етпей қоймайды. Себебі, бала «сорғыш» секілді ата-анасының айтқандарын саналы және бейсаналы деңгейде өзіне сіңіріп отырады. Балада сыни көзқарас бірден дамымайтындықтан, көпке дейін ата-анасының орынсыз қалауларына қарсы шыға алмайды. Мысалы, мінезіне лайық есім қойылмаса, бала құрдастарынан өзін кем санайды. Ата-анасы баласын бар қалпында қабылдаған кезде ғана кейінгілер сезімдерін еркін көрсетіп, мүмкіндіктерді пайдаланып, бақытты болады. Яғни есімде тұрған ешнәрсе жоқ. Бастысы – ата-анасының баласына деген қарым-қатынасы, – дейді маман.

Бауыржан Момышұлы атамыз: «Адамға дүниеге келгенде берілетін есім оған өмір жолында бағыт сілтейтін жарық жұлдыз іспетті: өмір бойы жанында болатын алғашқы және қасиетті белгілердің бірі», – деген екен.

Демек, ата-ананың балаға жақсы есім беруі – тұлға болып қалыптасуына тікелей әсер етеді деуге негіз бар.

Балжан ӘБДІРАШ

Таңбалар: Есім қоюпсихология
Бөлісу5Твитерге3Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Интернеттегі психологиялық арбау
Видео

Интернеттегі психологиялық арбау

29.07.2025
Ислам діні психология ғылымына қарсы ма?
Сұрақ-жауап

Ислам діні психология ғылымына қарсы ма?

17.09.2024
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Қазақстандық дін ғалымы халықаралық премияға ие болды

Қазақстандық дін ғалымы халықаралық премияға ие болды

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Иманды интернеттен іздегендер
Видео

Иманды интернеттен іздегендер

23.09.2025
Шұлыққа мәсіх тартуға бола ма?
Сұрақ-жауап

Шұлыққа мәсіх тартуға бола ма?

23.09.2025
«Өмір ағашы»: бірлік пен үндестіктің символы
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі

«Өмір ағашы»: бірлік пен үндестіктің символы

23.09.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

      Update Required Flash plugin
      -
      00:00
      00:00
        Сұрақ қою
        Сұрақ қою