Сәрсенбі, 28 Қаңтар, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қажылыққа бару текке ақша шашу ма?

15.11.2022
- Сұрақ-жауап, Таңдаулы
0
321
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Сұрақ: Менің көршім бар, ол кісі менің жұма күндерінде мешітке баратынымды қаламайды. Бір күні аулада отырғанымда қасыма келіп:  «Қажылыққа бару дұрыс емес, оған берген ақшаң зая кеткенмен тең» деп «кеңес» берді. Мен оған ешнәрсе айта алмадым.

Жауап: Бүгінде мұндай исламафобдық пікірді айтатындардың кім екені мәлім. Олардың мақсаты айдан анық, ол – мұсылмандардың арасына жік салу.

Исламда әрбір құлшылықтың қыры мен сыры бар. Адам оларды білмейінше «білетін» адам сияқты сөйлемеуі қажет. Сондай құлшылықтардың бірі – қажылық.

Біріншіден, қажылық – исламдағы бес парыздың бесіншісі. Өзін мұсылман санаған адам үшін қажылықты дұрыс немесе бұрыс деп талқылауға құқы жоқ. Оны Құдай Тағала парыз етті.

Дем салғанда айтылатын «куф-шуф» деген сөздердің мағынасы қандай?

Дем салғанда айтылатын «куф-шуф» деген сөздердің мағынасы қандай?

27.01.2026
Нәресте өлімі екі жылда 13%-ға төмендеді

Нәресте өлімі екі жылда 13%-ға төмендеді

27.01.2026

Ал енді қажылық қандай уақытта парыз болмақ, бұл басқа мәселе. Қажылық кедей мен міскінге, тақыр пен пақырға парыз емес. Ол денсаулығы мықты, дәулетті, қажылық сапарына барып келген аралықта отбасы жетерлік дәрежеде қамтамасыз етілген ауқатты азамат болуы қажет.

Екіншіден, Құдай Тағала жұмыр басты пенденің қажылығына мұқтаж емес, қажылық бізге керек. Қажылық адамға рухани күш пен азық береді. Мысалы, имам Мұслим мен Нәсаиде: «Бір умра келесі умраға дейінгі аралықта жасалатын күнәларды өшіреді. Қабыл болған қажылықтың қарымы тек жаннат қана», – деген хадис бар.

Қажылыққа барған адам рухани байып келеді. Бұл сияқты аят пен хадистер мұсылманға өмірдің ауыртпалығы мен машақатына қарсы күресуіне күш, жігер береді. Болашаққа үмітпен қарауына демеу болады.

Үшіншіден, қажылықтың әлеуметтік-қоғамдық маңызы жоғары. Себебі, қажылық кезінде төрткүл дүниенің төрт бұрышынан қажылар келеді. Олардың ұлты, тілі, нәсілі, мәдениеті, салты мен дәстүрі, мінезі, мансабы мен атағы және қызметі әртүрлі. Мемлекет басшысынан бастап қарапайым халыққа дейін дәулетті, кедей демей бір жерде бас түйістіріп, қасиетті Қағбаның алдында маңдайларын жерге тигізеді.

Қажылықты халықаралық деңгейдегі ең үлкен саммит, жиын немесе конференция десеңіз болады. Әлемде мұндай іс-шараны ешқандай дін атауы немесе мемлекет жасай алмай отыр. Қажылықтағы адамдар сонша айырмашылыққа қарамай бірдей ақ ихрам [қажылық барысында жамылатын ақ түсті киім] киіп жер бетіндегі бірлік пен бейбіт өмірдің, тұрақтылық пен ынтымақтың не екенін көздерімен көріп қайтады. Бұл ғибратты адам көзімен көрмейінше ешқандай ақшамен немесе туристік саяхатпен сатып ала алмайсыз.

Жалғас САДУАХАСҰЛЫ

Таңбалар: 5 парызЖалғас САДУАХАСҰЛЫқажылыққұлшылық
Бөлісу8Твитерге5Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Сәлем намазын оқу міндетті ме?
Сұрақ-жауап

Ниетің дұрыс болса, намаз оқымауға бола ма?

20.01.2026
Ғибратты әңгімелер

Ықылас жайлы

18.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Рухани жүрек

Рухани жүрек

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Дем салғанда айтылатын «куф-шуф» деген сөздердің мағынасы қандай?
Сұрақ-жауап

Дем салғанда айтылатын «куф-шуф» деген сөздердің мағынасы қандай?

27.01.2026
Нәресте өлімі екі жылда 13%-ға төмендеді
Жаңалықтар

Нәресте өлімі екі жылда 13%-ға төмендеді

27.01.2026
Сұрақ-жауап

Сұрақ: Уаһабизм ағымының шынайы мақсаты қандай?

26.01.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00