Жексенбі, 15 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Жерлеу рәсімдерін бірізділікке түсіру қажеттілігі талқыланды

18.10.2022
- Жаңалықтар, Таңдаулы
0
228
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласында «Зират және зиярат мәдениеті» тақырыбындағы жерлеу рәсімдерін бір ізге түсіру форумы өтті. Форумға ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат қажы Ағыбайұлы, Ақтөбе облысының бас имамы Серікжан Еншібайұлы, Ақтөбе облысы дін істері басқармасының басшысы Әлімбек Жәнібекұлы, зиялы қауым өкілдері, ҚМДБ Ақсақалдар кеңесінің мүшелері, облыстық ардагерлер кеңесінің мүшелері және Қ.Жұбанов университетінің оқытушылары т.б қатысты.

Наиб мүфти Ершат қажы Ағыбайұлы: «Жерлеу рәсімдері кезінде барынша шариғат шеңберінен шықпаған абзал. Мазар тұрғызып бәсекелесу, ысырап пен мақтан марқұмға ешқандай абырой әпермейді. Мұндай жарыстың дүние салған адамға тигізер сауабы болмайды. Сондықтан әр нәрсені өз әдебімен атқарған дұрыс. ҚМДБ бұл бағытта «Зират жəне зиярат мəдениеті» құжатын дайындаған болатын. Жерлеу рәсімдерін бір ізге түсіру мақсатында дайындалған бұл құжат зират тұрғызу мен зиярат жасаудың, кесене салудың жалпыға ортақ, бірыңғай мәдениетін қалыптастыруды көздейді. Құжатта көрсетілгендей, зират көтерудің өз мәдениеті бар. Әрине, қайтыс болған кісінің есімі мен жатқан жері белгілі болсын деген мақсатпен басына құлпытас қойған дұрыс. Алайда, зират басына үлкен ескерткіштер, сәнді қоршаулар, мүсін кеуделер тұрғызу марқұмға ешқандай пайда бермейді», – деп бүгінгі күннің өзекті мәселесін талдап өтті.

Облыстың бас имамы Серікжан Еншібайұлы: «Бүгінгі таңда жерлеу рәсімдері үлкен бизнеске айналғаны баршамызға белгілі. Себебі кейбір азаматтар марқұмның басын көтеруге ақшаны аямайды. Ондай адамдар зәулім ескерткіш пен мазар салу арқылы жаралы жанына дауа іздеп жатады. Бір адамның бейітіне ондаған үйдің құрылысына жететін қаржы жұмсау секілді қисынға келмейтін іс-әрекеттер жасап жатады. Аталған мәселені біріздендіру, ысырапшылдыққа жол бермеу мақсатында ҚМДБ Бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен жерлеу рәсімдерін және зират көтеру мәдениетін бір жүйеге келтіру жұмыстары республика аумағында басталуда. Осы орайда Ақтөбе облысында атқарылатын жұмыстар бойынша жиналып отырмыз» деп форумның маңыздылығын атап өтті.

С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің президенті, ҚМДБ Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Бекежан Аханұлы өңірдегі жерлеу рәсімдерін бірізділікке түсіру туралы ұсынысын талқыға салса, «Бақытжан» мешіті Ақсақалдар алқасының мүшесі, өңірдегі көптеген мешіттердің салынуына мұрындық болған дін жанашыры Сағынай қажы Құсайынов ақсақал зират жəне зиярат мəдениетін қалыптастырудағы олқылықтың алдын алу мәселелеріне жіті назар аудару керектігін алға тартты. Қ.Жұбанов университетінің проректоры, тарихшы Рахым Ағыбайұлы жерлеу рәсімдеріне тарихи сараптама жасады. Ал облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Шаңғұтов т.б қатысушылар форумда қарастырылып отырған тақырыптың аса өзекті екеніне тоқталды.

Референдум: 2 миллоннан астам адам дауыс берді

Референдум: 2 миллоннан астам адам дауыс берді

15.03.2026

Зекет – байлықтың қорғаны

15.03.2026

Игі басқосу барысында алдағы уақытта «QAMQOR-SHARAPAT» салттық қызмет көрсету орталығының Ақтөбе облысында жасалатын жұмыстарының жоспары таныстырылды. Форумға қатысушылар облыстың бас имамы Серікжан Еншібайұлының осы жұмысты жүргізудегі бастамасын бірауыздан қолдады.

Не арқылы: muftyat.kz
Таңбалар: жерлеу рәсіміФорум
Бөлісу6Твитерге4Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Сұрақ-жауап

Мәйіт жерленбей Құран оқу дұрыс па?

24.11.2025
Жаңалықтар

Атырауда «Sarayshyq upgrade – 2023» халықаралық жастар форумы басталды

14.09.2023
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Мұсылман әлемі фатализмнен құтылуы тиіс

Мұсылман әлемі фатализмнен құтылуы тиіс

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    120894 бөлісті
    Бөлісу 48358 Твитерге 30224
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1598 бөлісті
    Бөлісу 639 Твитерге 400

Соңғы жарияланымдар

Референдум: 2 миллоннан астам адам дауыс берді
Жаңалықтар

Референдум: 2 миллоннан астам адам дауыс берді

15.03.2026
Ислам

Зекет – байлықтың қорғаны

15.03.2026
Құлдың құлы
Ғибратты әңгімелер

Құлдың құлы

14.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00