Жұма, 22 Тамыз, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Дін таласқа мәжбүр емес

13.09.2022
- Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі, Ислам, Таңдаулы
0
192
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Қазақ елордасында өтетін Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының съезі тарих еншісіне айналғанда, «осы бас­қосу Қазақстанға не береді?» деп ойланатын­дар бар.

Сұрақ қойған да, ойланған да жақсы. Құдай ойсыздықтан сақтасын. «Биылғы VІІ съезге 50-ден аса елден 100-ге тарта дін қайраткерлері, мамандары қатысып, бүгінгі сын-қатерлер туралы толғанады» деген мәліметтің өзі Қазақ елі абыройына қызмет етеді.

Жалпы, «Бұлұт болған айды ашқан, Мұнар болған күнді ашқан» Қазтуған заманынан бұрын да, кейін де сенім мен рухани көзқарас текетіресі «арасын өтіп бұзып дін ашқан» тәжірибе аз емес.

Халықтың тамаша пәлсапасы – «Ай ортақ, күн ортақ, жақсы ортақ». Жаратқанды тануға байланысты сондай бір жақсының рәмізі – Лев Толстой. Ол ХІХ-ХХ ғасыр тоғы­сында бір аудармасымен Еуропа көркем тәжі секілді Францияны, екі ортаға дәнекер Ре­сей­ді, Азияның дала көкбөрісі Қазақ жұртын түйіс­тіріп жіберді. Бұл – сенім мен танымдағы жаңа күннің басы еді.

Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы діндер съезіне қатысады

Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы діндер съезіне қатысады

22.08.2025
Бірлік – басты құндылық

Бірлік – басты құндылық

22.08.2025

Сөз Лев Толстойдың Бернарден де Сен-Пьер (1737-1814) ныспылы француз жазушысынан тәржімелеген «Суратская кофейня» (түпнұсқада «Le café du Surate») атты әңгіме туралы. Еуропа қаламгері 1791 жылы жазса, орыс классигі оны 1887 жылы қаңтарда аударған. Біз үшін маңыздысы – Алаш көшбасшысы Әлихан Бөкейхан осы әлемдік үздік әңгімені араға 13 жыл салып, 1900 жылы «Сурат кофейнесі» деген атпен тәр­жімелеп «Дала уалаятының газетіне» жария­лағаны (№ 10-11), 1913 жылы «Қазақ» газеті дү­ниеге келген  № 1 санынан бастап үш нөмірге «Дін таласы (Сурат кофеханасы)» деген атаумен толықтырып басқаны.

Л.Толстой 1887 жылы  Г.Чертковке жолдаған хатында: «Она выражает ту же мысль о том, что в разные веры веруем, а под одним богом ходим», дейді.

Алаш қайраткері тәржімесінің соңында: «Бұл сөз адам баласының бәріне ағайыншылық көзбен қараған орыстың ұлығ философы Толстой сөзінен алынды. Ол Бернарден де Сен-Пьер дегеннің сөзінен алған екен. Басқалар да Толстой көзімен қараса, осы күні Балқанда судай ағып, төгіліп жатқан қанға орын болмас еді» деп түсініктеме берген. Ә.Бөкейханның бұл сөзі арада 122 жыл өтсе де көкейкесті естіледі.

Ұлт баспасөзінің елдік әлеуетті материалдармен бірге «Дін таласы» аудармасымен ашылуы – ашықтық пен зайырлықты көрсетеді. Мұны Шәкәрім ақын мына ойға сыйдырған: «Ақылмен нанбай иман жоқ, Ойлаудан ақыл тыйған жоқ». Әлихан осы пайымды жаңаша қырынан дамытып: «Бостандық, теңдік, туысқандық – 18 ғасырдан бері жарыққа шыққан таза пікір. Мұны майданға салған – Франция жұртының саяси ерлері. Осы үш түрдің бәрі біздің Шариғаттан (Құран), Інжілден, Будда оқуынан, Л.Н.Толстой философиясынан табылады, көзі ашық талапты ер ізденсе», деп жазады.

«Дін таласы» әңгімесінің мақсаты – діни таласқа нүкте қою, дүниедегі адамдарды бір-бірін сыйлауға жұмылдыру. Шығармаға Үнді жеріндегі Сурат қаласында, кісі келім-кетімі көп кофеханада өткен елеусіздеу ғана оқиға өзек болған. Бәрі де «жүйесіз оқудан миы шатасқан» парсы оқымыстысына құлы қойған «Құдай бар ма?» деген сұрақтан өрбиді. Өзі «Құдай» деп мойнындағы ағашты көрсетеді. Әңгіме-таласқа брахман, иһүди, католик, протестант, мұсылман-түрік араласады. Бәрі де «менің дінім мықты» деп, пәтуаға келе алмай шулайды. Таласқа тек «конфуций мәзһабындағы бір қытай» ғана араласпайды. Даурыққан топ енді «жөнін сен айт!», деп соған жүгінеді. Ол: «Менің байқауымша, адамдарды дін турасында бір ынтымаққа келтірмейтін – жалғыз-ақ намыс» дей келе, аспандағы күн туралы мифтік ойдан ғылыми түсінікке дейінгі пайымды басынан кешкен оқиғамен ғибраттайды.

Сөз түйіні мынау: «Күллі дүнияға симайтын ұлығ тәңіріні һәр жұрт өзінің ғибадатханасына қамағысы келеді. Оған адам салған ғибадатханалар қандай болғанымен жетер ме? Ғибадатханалардың үлгісін адамдар Құдай жасаған дүниядан алмай қайдан алды? … Бірақ көктей салынған күмбез бар ма? Теңіздей су сауыты бар ма?.. Адамның жүрегіне жазып қойған Құдайдың өз кітабындай шариғат кітабы бар ма? Жақын үшін жанын пида ететін ерлікке жететін құрбандық бар ма? Құрбандық қабыл болуына ізгі адамның шын ықылас-көңілінен артық орын бар ма? Неғұрлым Құдайды жоғары деп, биік деп, ұлық деп ұқса, соғұрлым жақсырақ танымақшы. Жақсырақ таныған сайын, Құдайға жақынырақ болмақшы. Жақын болуының мағынасы: рахметін көріп, рақымды болмақ, мейірбандығын көріп, мейірімді болмақ. Біреудің көзі соқыр, біреудің көңілі соқыр…».

Бернарден де Сен-Пьердің ақыл һәм сезім қазанында қайнап шыққан, Лев Толстой пәк жүрегіне құйылған, Әлихан Бөкейханның үйлесімге пейілді қайраткерлік намысын шыңдаған асыл сөз, таза ой – осы.

Дихан ҚАМЗАБЕКҰЛЫ

Қайнар көзі: egemen.kz
Таңбалар: Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіДихан Қамзабекұлыдіни татулық
Бөлісу5Твитерге3Бөлісу3Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы діндер съезіне қатысады
Жаңалықтар

Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы діндер съезіне қатысады

22.08.2025
Діндер мен мәдениеттер арасындағы келісімнің маңызы талқыланды
Жаңалықтар

Діндер мен мәдениеттер арасындағы келісімнің маңызы талқыланды

18.08.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің маңызы неде?

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің маңызы неде?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы діндер съезіне қатысады
Жаңалықтар

Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы діндер съезіне қатысады

22.08.2025
Лағынет айтудан қалай сақтанамыз?
Сұрақ-жауап

Лағынет айтудан қалай сақтанамыз?

22.08.2025
Бірлік – басты құндылық
Видео

Бірлік – басты құндылық

22.08.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

      Update Required Flash plugin
      -
      00:00
      00:00
        Сұрақ қою
        Сұрақ қою