Жұма, 10 Қазан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Жат ағымға тән негізгі белгілер

22.08.2022
- Ағымдар ақиқаты, Таңдаулы
0
408
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

ХХІ ғасырда интернеттің дамуымен қатар, виртуалды әлемдегі теріс деструктивті ағымдардың да белсенділігі артып отыр. Бұрын көше кезіп өз сенімдерін таратқан олар бүгінде толықтай ғаламторға көшті десе болады. Дегенмен, белгілері өзгерген жоқ. Оларды тану үшін адамға дін ғұламасы болу керек емес. Жат ағымдардың негізгі белгілерін тани білсе, кез келген адам теріс идеологияны таратқан дінбұзарлардың қақпанынан аман қалмақ.

Шынтуайтында, бүгінде жат ағымға кіру қиын емес: бұл процесс көбіне көшеде, үйіңіздің жанында немесе интернетте бейтаныс адаммен өмір туралы қарапайым әңгімеден басталады. Мамандардың айтуынша, көбінесе адамдар діни ағымдарға өмірі қиындыққа толған кезде кіріп кетеді екен. Оны деструктивті діни ағым өкілдері жақсы меңгеріп алған. Әсіресе қыз балалардың WhatsApp-та, басқа да желілерде статусқа қойған суреттерінен, жазбаларынан оның қандай күйде жүргенін тап басып анықтай алады. Өмірде қиыншылық көріп жүрген адам болса, сектанттар оны әңгімеге тартып, қамқорлық көрсеткен болып, жақсы адам ретінде бауырына тарта бастайды. Бұл, әрине, кез келген адамға жақсы әсер қалдыратыны белгілі.

Кез келген адамда жат ағымдарға қатысты белгілі бір күмән болғанымен, деструктивті ағым өкілдері өздерінің пысықталған және дайындалған сөздері және дәлелдерімен адамның бойындағы күмәннің бәрін көкке ұшырады. Осылай жаңадан қосылған адам сыни ойлаудан қалып, өзге шындықтарды қабылдамайтын күйге түседі. Олар басқа дәлелдерді, сенімдерді, көзқарастарды қарауға немесе оқуға қорқады. Сондықтан олар кітапханаларға бармайды, теледидар көрмейді, газет оқымайды, әлеуметтік желілерде белсенді емес. Нәтижесінде, жаңадан келген адам тек өзіне айтылған мәліметті көреді, басқа айтылғанның бәрін теріске шығарады.

Деструктивті діни ағым өкілдері әлемдегі басқа адамдардың бәріне теріс көзқараста болады. Тіпті отбасы мүшелерінің, достарының, басқа да жақындарының күнәларын тізбектеп, мазақ етеді, олардың адамдық қадір-қасиетін төмендетеді, екінші дәрежелі адамдарға жатқызады. Нәтижесінде олармен жақын қарым-қатынасты шектеу, тіпті үзуге дейін барады.

Израиль мен ХАМАС арасындағы бітім қашан басталады

Израиль мен ХАМАС арасындағы бітім қашан басталады

09.10.2025
Ауғанстанда бірқатар әлеуметтік желілерге кіруге шектеу қойылды

Ауғанстанда бірқатар әлеуметтік желілерге кіруге шектеу қойылды

09.10.2025

Жат ағым мүшелерінен отаншылдық сезімді көру қиын; әнұран айтуға және мемлекеттік органдарда жұмыс істеуге, әскерге баруға болмайды дейді; мемлекеттік билікті мойындамайды; ресми мерекелерге қатысуға тыйым салады, заңдарға бағынбауға шақырады.

Олар тек өздерінің ғана ақиқат жолда екендіктеріне сенімді және солар ғана жұмаққа баратынын айтады. Басқа дәстүрлі діндерді дұрыс емес, ойдан шығарылған, «шайтанның өнімі» деп қаралайды.

«Нұр Мүбарак» университетінің ұстазы, белгілі исламтанушы Жалғас Садуахасұлы деструктивті діни ағымдардың мынадай белгілерін айтады:

«Жат діни идеологиялардың барлығы да алғашқы кезде адамға жылы күліп, гуманистік, ізгілік, адамгершілік ойларды көп айтып, сырт көзге жақсы көрінуге тырысады. Бұл бар болғаны азаматтардың басын айналдырып, өз қатарларына тарту үшін пайдаланатын бүркенішті реңк екенін естен шығармаған жөн.

Айласын асырып, көздеген адамын өз қатарына қосқан соң, оған «өзіміз» деп басқа идеология құя бастайды. Оны қасындағы ағайын-туысынан, ата-анасынан, жора-жолдастарынан айырып, керек болса өмірлік жарынан ажыратып, өздерімен пікірлерес топқа, жамағатқа қосады.

Келешекте өздеріне басымен тәуелді ету мақсатында оны өз араларынан бірімен үйлендіреді. Міне, мұнан соң жат ағымның жетегінде кеткен азамат, тек сол ағымның идеологиясы үшін өмір сүріп, сол үшін күреседі. Оған жан-жағындағы өмір, қоғам қызық емес. Оны мемлекеттің мүддесі, ұлтаралық қатынас, конфессияаралық бірлік, жер байлығы, патриотизм, Отан алдындағы борыш, ата-ана алдындағы міндет, дәстүр деген сияқты көптеген маңызды дүниелер құндылығын жоғалтады.

Мұнан соң ол сол жат діни ұйым немесе ағым үшін жұмыс жасайды. Сөйтіп, тыныш әрі бейбіт өмір сүріп жатқан елдің ішіне ірітік салуға кіріседі. Діни ұйымға немесе бірлестікке, жамағатқа мүше болып кірген азаматтар үшін қоғам бұдан былай «біз» және «басқалар» болып шыға келеді. «Біз» дегені өзімен пікірлес ұйым мүшелері, ал «басқалар» дегені сіз бен біз, яғни олардың идеологиясын қолдамайтын қазақ елінің азаматтары.

Сондықтан олар мемлекет идеологиясына, бірлік саясатына қарсы. Кешеге дейін қазақ елінің жерінде өсіп-өніп, білім алып, кәсіп қылып, асын ішіп, нанын жеп келген азамат бүгінде жат елдің, теріс ағымның күйін күйттеп шыға келеді».

Осы айтылғандарды қорытындылай келе, деструктивті діни ағымдардың мынадай 10 белгісін түйіндеп атауға болады:

  1. Өздерін ғана ақиқат жолдамыз дейді;
  2. Зайырлы мемлекеттің заңдарын, билік органдарын, басқару құрылымын мойындамайды;
  3. Адамдарды ақиқат жолдағылар және адасқандар деп бөліп, дінаралық дүрдараздық тудырады;
  4. Мәзһабтарды жоққа шығарады;
  5. Белгілі бір мемлекетке немесе халыққа тән салт-дәстүрлерді мойындамайды;
  6. Зайырлы мәдени іс-шараларға бармайды, мерекелерді тойламайды;
  7. Әйелдерге қолдан-қолға өтетін бұйым ретінде қарайды, олардың құқығын таптайды;
  8. Азаматтық міндеттерден, мысалы, әскерге барудан, вакцинациядан, т.б. бас тартады;
  9. Қоғамға тән емес кейіпте болады (киімі, сақал-мұрты, т.б.).
  10. Имамдарға бағынбайды, олардың білімі жоқ деп санайды.

Осындай негізгі белгілерін білген кез келген адам жат ағымның жетегіне еріп, олардың қолшоқпарына айналмайды деп үміттенеміз!

Нұрлан ГАЗИМОВ,

Ақтау қалалық әкімдігінің Қоғамдық даму ортылығының дін мәселесі бойынша

Ақпараттық-талдау бөлімінің дінтанушы маманы 

Таңбалар: басты тақырыпваххабизмдеструктивті діни ағымдаржат діни ағымдарсалафизмсекта
Бөлісу19Твитерге12Бөлісу3Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Қарсы насихат: үдемелі үш бағыт
Видео

Қарсы насихат: үдемелі үш бағыт

07.10.2025
Жат діни ағымдардың қоғамға қаупі
Ағымдар ақиқаты

Жат ағымның алдын алу – қауіпсіз қоғам кепілі

06.10.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Хабиб Нұрмагомедов: «Құмар ойындар – нашақорлықпен бірдей ауру»

Хабиб Нұрмагомедов: "Құмар ойындар – нашақорлықпен бірдей ауру"

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Израиль мен ХАМАС арасындағы бітім қашан басталады
Қоғам

Израиль мен ХАМАС арасындағы бітім қашан басталады

09.10.2025
Ауғанстанда бірқатар әлеуметтік желілерге кіруге шектеу қойылды
Жаңалықтар

Ауғанстанда бірқатар әлеуметтік желілерге кіруге шектеу қойылды

09.10.2025
Сұрақ-жауап

Қандай жағдайларда ғұсыл алынады?

09.10.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

      Update Required Flash plugin
      -
      00:00
      00:00
        Сұрақ қою
        Сұрақ қою