Көлдің жағалауында жарықтың сөнуі, байланыс пен жолдардың болмауы, заңсыз такси жүргізушілер қаупі сынды проблемалар бар. «Атамекен» ҚР ҰКП сарапшылары Алакөл көлінің жағалауында бірнеше күн болып, кәсіпкерлермен сұхбаттасты.
Таксистер басып алған
«Інжу» демалыс базасының иесі Елена Асылбекова мен жұбайы проблемаларды айтудан қорқады. Үржарға авиарейстер жүргізілмейді – жергілікті әуежай әлі күнге дейін реконструкциялауға жабық. Пойызға билеттер жоқ, бірақ егер жолыңыз болса, заңсыз такси жүргізушілерінің қызметіне жүгінуге болады.
«Жергілікті халықтың өз тәртібі мен заңы бар. Былтыр әріптестіміздің көлігін тартып алды, оны таныс тауып, әйтеуір үш күнде қайтарып алды. 2019 жылы біз өзіміз канадалықтарды қонақ қылдық. Сонда шетелдіктер таң қалды, таксистер сөмкелерін қолынан жұлып, өз таксиіне отырғызбақ болып, зәресін алған», – деді кәсіпкер.
Таксистер микроавтобустардың жұмысына кедергі келтіреді, күш көрсетіп, дөңгелектердің желін шығарып тастайды. Заңсыз такси қызметімен күресу пайдасыз, құқық қорғау органдарының ескертуіне назар аудармайды. Теміржол станциясының Жетісу облысында орналасуы жағдайды қиындатады, оны туристер де, Абай облысының кәсіпкерлері де қолданады.
«Демалыс маусымы аяқталмағанша арыз жазбаймын. Автобус жұргізушілері біздің туристерді тасудан бас тартуы мүмкін», – деді Елена Асылбекова.
Бұл проблеманы «Айгерім» демалыс базасының иесі Айгерім Омаралинова да растады.
«Бізге бір рет ескертті, қорқытты, содан кейін біз өз туристерімізге тасымал қызметін көрсетуді тоқтаттық»,– деді ол.
Кәсіпкерлер осы мәселеге қатысты тасымалдаушылар, құқық қорғау органдары және әкімдікпен 2021 жылы кездесті. Содан кейін тараптар шағымдармен алмасты, ымараға келді. Кәсіпкерлер жанжалды таусылды деп ойлады. Бірақ 2022 жылы станциядағы жағдай қайталанды.
Бүгінде кәсіпкерлер қонақтарды қарсы алмайды, өйткені таксистерден қорқады.
Түйткіл жылдар бойы шешілмей келеді
Алакөлде кәсіпкерлер қызмет көрсетудің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге тырысады: тамақтану қызметі, жақсы санитариялық торап пен ыстық су бар бөлме, тіпті интернет ұсыну, бірақ нәтиже аз.
Жетісу облысы жағынан жағалауда орналасқан «AQUAMARINE resort» демалыс базасының иесі Инна Дорош жағалауда 2017 жылдан бастап жұмыс істейді. Осы уақыт ішінде аумақта электр қуаты тұрақсыз, әлі күнге дейін орталық сумен жабдықтау, кәріз және қалыпты интернетпен қамту жоқ.
«Біз суды өзіміз тартық, кәріз құбырын жүргіздік. Біздің жеке қосалқы электр станциямыз және жеке электрик маманымыз бар. Сондықтан қонақтарымыз жарықсыз, шаммен отырмайды. Бірақ бізге келген кезде «Бағалар Түркиядан да қымбат!» деп шағымданады. Орташа базалар өздерін біз сияқты инфрақұрылыммен қамтамасыз ете алмайды. Сондқытан басқа базаларда тұрақсыздық бар. Атап айтқанда өрт қауіпсіздігі проблемалары, өйткені қонақтар шаммен отырады, тоңазытқыштар сөніп, жартылай дайын өнімдер бір-біріне жабысып, балмұздақ еріп кетеді. Сондықтан қызметке шағымдар түседі. Айына бір рет тұрмыстық техниканы «Камазға» тиеп, Алматыда жөндеуге алып келеміз», — деп атап өтті кәсіпкер.
Егер электр қуатының проблемасы шешілсе, онда базаларда техниканың бүлінуі, қолма-қол ақшасыз есеп айырысу және интернетті пайдалану мәселелері автоматты түрде алынып тасталады.
«Бір мәселе басқа мәселелерді тудырады. Біз биліктен ақша сұрамаймыз, несие де қажет емес, бізге тұрақты жұмыс істейтін электр қуатын беріңіз. Қазір жарықты сөндіреді, «Қазақтелеком» интернет беруді тоқтатады. Ал қонақтар қазір төлем карталарымен келеді, ал біз терминалды пайдалана алмаймыз. Менде бір әйел демалды, ол асханада тұрып, баласын тамақтандыра алмаймын деп айқайлады. Ең жақын банкомат 70 шақырым жерде орналасқан», – деді Инна Дорош.
2021 жылы Халық банкі демалыс аймағында банкомат орнатуды жоспарлады, бірақ нәтижесінде бұл бастаманы жүзеге асыра алмады. Абай облысында да электр қуатына қатысты проблема бар.
Көбі ұңғымалардан суды пайдаланады, ал кейбір кәсіпкерді жергілікті атқарушы органдар суды төгіп, қаптап, сатпаса да, жер қойнауын пайдаланушылар ретінде есепке тұруға міндеттейді.
Демалыс орындарынан тыс жерлерде де проблемалар бар: жағажай аймағын аяқталмаған абаттандыру, тротуарлар, жолдар, жарықтандыру кенжелеп тұр, қоқыс тау болып үйілген және әрдайым жұмыс істемейтін дәретханалар, құтқарушылардың болмауы.
Ең бастысы – су көлігі мәселесі. Катамарандар, қайықтар мен скутер иелері демалушылармен бірге тікелей жағаға жүзеді. Көлде жұмыс істейтін кәсіпкерлер жергілікті әкімдікте айлақ салуға уәде бергендерін айтты, бірақ ол әлі салынбады.
13 жыл ішінде жағалауды соққыдан сақтайтын толқын басқы пайда болған жоқ.
Аида Кунгожинованың «Рассвет» демалыс базасы әрдайым қызыл аймақта бола бермеген. Көл жыл сайын жағалау сызығын жуып, ұлғайып келеді. 2007 жылы кәсіпкер бірден әрқайсысында 4 нөмір бар 9 үйден айырылды.
2009 жылы облыста Қабанбай ауылының маңында көл жағасын нығайту аясында алғашқы су бұрғышының құрылысы басталды. Барлығы «Ларсен» типті болат шпунтты қадалардан тік қабырғалар түрінде 14 толқын басқы салу жоспарланған болатын. Жобаның жалпы құны 3,8 млрд теңгені құрайды.
«Жоба іске аспады. Мердігер жай ғана кетіп қалды, соңғы деректер бойынша «Ларсен» шпунттарының бір бөлігі Аякөзде жатыр. Әкімдік оларды бері шығара алмайды, қымбатқа түседі. Қазіргі кезде Арбат алаңын жалғастыру жоспарланған, бірақ онда жағалауды су шайып жатқан жоқ. Бізге назар аударылмайды, біздің база орналасқан жер учаскесін 10 жыл бойы су шайып жатыр, үйлер суға батып кетіп, 2019 жылы жағалауды бекіту жұмысын өзіміз бастап кеттік»,– деді кәсіпкер.
Кәсіпкер 3 жыл бойы жағаны нығайтуға жыл сайын 9-12 млн жұмсап келеді. Алдымен олар Мақаншыға барады, жол бойынша тастарды жинап, өз аумағына әкеледі. Бір көлік кәсіпкерге 70-90 мың теңгеге айналады.
«Біз интернеттен қарадық, басқа елдерге бардық, олардың тәжірибесін зерттедік. Қазір шамамен 25 машина бар. Менің 120 метрім үшін 3 толқын басқы керек, сондықтан мен біртіндеп себемін. Асхананың су астына кететінін түсінген кезде құбырлар сатып алып, кесіп, жерге қағып, шағын алаң жасадық», – дейді кәсіпкер.
Сонымен қатар, кәсіпкерлер шпунт сатып ала алмайды, оның тоннасы шамамен 1600 евро тұрады. Бірақ кәсіпкерлер әкімдікке 2009 жылы сатып алынған шпунттарды Аякөзден алып, барлығын өздері орнатуға көмектесуге әзір.
«Біреуінен ешқандай пайда жоқ, оларды әр 100 м сайын жүргізу керек, егер бізге осы шпунттар берілсе, бәрін өзіміз жасауға дайынбыз. Әкімдіктің есептеуінше, 30 млн шығару керек, демек, бұл шамамен 3 мың тонна», — деп атап өтті Аида Күнғожинова.
«Атамекен» ҰКП мамандарының айтуынша кәчікерлердің проблемалары шешілмей, жылдан жылға өзекті болып барады. «ҰКП сарапшылары, ешкімге хабарламай, Алакөл көлінің жағалауына барып, барлық проблеманы өз көзімен көріп қайтты.
«Алакөл жағалауында мемлекетке тұрақты табыс пен салық әкелетін жыл бойғы курорттық аймақты дамытуға әлеует бар. Мұндай аң аулау, балық аулау, тауға шығу, экологиялық маршруттар, сауықтыру туризмі және басқа да демалысты ұйымдастыруға болады. Бірақ мемлекеттік органдардың курорттық аймақтарды дамытуға деген қызығушылығының төмендігі, Алакөлдің инфрақұрылымын жақсарту бойынша жоспарлы, жүйелі жұмыстың толық болмауы процесті тежейді. Республикалық деңгейде жиналып, мәселелерді талқылап қана қоймай, оларды шешу жолдарын іздеу керек деп санаймыз. Сондай-ақ, Абай облысы Үржар ауданының ЖАО-на қатысты тәртіптік ықпал ету шараларын қабылдау қажет», – деп атап өтті «Атамекен» ҚР ҰКП Туризм департаменті директорының орынбасары Совет Әлиев.
Кәсіпкерлер палатасы бизнес-қоғамдастықтың барлық мәселесін жазып, Премьер-министр Әлихан Смайыловтың атына хат жолдайды.