Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Түйе шөккен жерге салынған мешіт

10.05.2022
- Ғибратты әңгімелер, Таңдаулы
0
Пайғамбар мешітінің алғашқы халі. Сурет ашық дереккөзден.

Пайғамбар мешітінің алғашқы халі. Сурет ашық дереккөзден.

1.1k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Ислам тарихында Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  пайғамбарымыздың Меккеден Мәдинаға көшуі «хижрет» (м.622 ж.) деп аталды. Мекке мүшріктерінің пайғамбарға және мұсылмандарға қысымы толастамағандықтан, Мекке қаласынан Мәдина қаласына көшуге мәжбүр болды. Мұсылмандар топ-топ болып, кіндік қаны тамған жерлерін, дүние-мүліктерін тастап дін үшін туып-өскен жерін қалдырып Мәдинаға көше бастады.

Адамзаттың ардақтысы болған пайғамбарымызда Алла Тағаланың әмірімен Меккеден Мәдинаға  қоныс аударды. Мәдина қаласында барша мұсылманның басын қосып, бауырластықта тіршілік кешуін қалаған пайғамбарымыз алғашқы жұмысын «мешіт салудан» бастағаны тарихтан белгілі.

Бүгінгі Мәдина қаласындағы «Пайғамбар мешіті» тарихтан мәлім болғандай, Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) түйесі шөккен орынға тұрғызылған. Мәдинаға барғанда Алла Елшісін қонақ ету үшін сахабалар бір-бірімен жарысқан екен. Сонда Пайғамбарымыз: «Түйемнің басын бос қоя беріңдер, Алланың әмірімен өзі бір жерге тоқтайды» деді. Түйе біршама жер жүріп барып, екі жетімге тиесілі бір бос орынға шөкті. Екі жетім бала ардақты сахаба Асғад бин Зурараның (р.а.) қамқорлығындағы балалар еді. Пайғамбарымыз да мешітті сол жерге салуды жөн көрді. Алла Елшісі жетім балаларды жанына шақыртып, олардан жерлерін сатып алмақ ниетін білдірген екен. Балаларда:  «Уа, Алланың Елшісі! Біз бұл жерді сізге сыйға тарту етеміз», – деді. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бұған келіспей, жердің ақысы ретінде жетім балаларға он динар берген екен.

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025

Осылайша, Алла Елшісі өзінің әрекетімен мұсылман қоғамын құруда мешіттің рөлі ерекше екенін айқындаған. Бүгінгі таңға дейін жеткен мешіттің салынуына Алла Елшісі үлкен күш-жігерін жұмсаған екен. Ислам ғалымдарының айтуынша, «Пайғамбар мешіті» ең мүбәрак үш мешіттің қатарына кіреді. Ардақты Пайғамбарымыз бір хадисінде: «Мына үш мешітке (құлшылық үшін) арнайы сапарға шығуға болады. Харам мешіті, Ақса мешіті және менің мешітім» (Бұхари).

Сондықтан қажылық өтеуге шыққан мұсылмандар бірнеше күн Мәдинада болып, Пайғамбар мешітінде құлшылық жасап, сауап алуға тырысады. Ол жерде жасалған құлшылықтарға еселеп сауап жазылады.

 Дайындаған – Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ

Таңбалар: Ғибратмешіттүйе
Бөлісу26Твитерге17Бөлісу3Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Кей мешіттерде неге жалаңаяқ намаз оқуға рұқсат бермейді?
Сұрақ-жауап

Кей мешіттерде неге жалаңаяқ намаз оқуға рұқсат бермейді?

24.11.2025
Мешіттегі құнды құжаттар көрмесі
Жаңалықтар

Мешіттегі құнды құжаттар көрмесі

19.11.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Саудиядағы келіссөз: Қажылық бағасына жеңілдіктер жасала ма?

Саудиядағы келіссөз: Қажылық бағасына жеңілдіктер жасала ма?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00