Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Саяси қуғын-сүргін құрбандарының нақты саны әлі белгісіз

31.05.2022
- Қоғам, Таңдаулы
0
473
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Көктемнің соңғы айы мамырдың 31-ші жұлдызы күллі қазақ елі аза тұтатын күн. Бұл күннің қазақ күнтізбесіне ресми енгеніне 25 жыл болды. Елбасы 1997 жылды Жалпыұлттық татулық пен саяси куғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы, сондай-ақ 31 мамыр – саяси саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні деп жариялаған болатын. 

Тәуелсіздік алған жылдардан кейін 1993 жылы 14 сәуірде жаппай қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы ҚР арнайы Заңы қабылданған. Бұл қаралы күн елімізде жыл сайын аталып өтілуде. Жылда республика бойынша әртүрлі шаралар ұйымдастырылып, ас беріледі. 1937-1939 жылдар аралығында қазақтың бас көтерер зиялысының көпшілігі қуғын-сүргін құрбанына айналды. Сол кездегі қатігез саясат нәтижесінде қуғын-сүргінге ұшырағандардың жақындары да жапа шекті. Зерттеушілер деректеріне сүйенсек, осы кезең аралығында Кеңес Одағының құрамында болған Қазақстанда 103 мың адам қуғын-сүргінге ұшыраған және 25 мың адам ату жазасына кесілген.

Сол жылдары қазақстандық ғылым, мәдениет және саясат саласының зиялы қауым өкілдері атылған. Жалпы 1930-1953 жылдар аралығында 40 миллионнан астам кеңес азаматтары репрессияға ұшырады. Қазақстан аумағында орналасқан лагерлерге корейлер, поляктар, Еділ немістері, Қырым татарлары, Кавказ халықтары және басқа да ұлт өкілдері қоныс аударған.

«Карлаг: болашақ үшін есте сақтау» ғылыми-зерттеу жобасының жетекшісі, профессор Нұрлан Орынбасарұлы осы тақырыпты жан-жақты зерттеген. Ғалымның айтуы бойынша, лагердегі тұтқындар өздерінің қатал кезеңді бастан өткізгендеріне қарамастан, өмір сүруді әрі сүюді және өз қайраткерлігін тоқтатпау миссиясын ұстанған. Олар ертеңгі күнге сенімдерін жоғалтпады және елі үшін атқарған игі істері арқылы келешек ұрпақтың есіңде мәңгі қалды.

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025

– Жалпы бұл бір күнмен ғана шектелетін іс-шаралар емес. Яғни тек қана 31 мамыр күні емес, біз жыл бойы бұл тақырыпты көтеріп, оны жан-жақты зерделей түсуге міндеттіміз деп есептеймін. Жаңа ұрпақтар аталары мен әкелерінің Отаны үшін тәу етер тәуелсіздікке жету үшін бастан кешкен зұлматты жылдарды біліп жүруі қажет. Оған қоса көптеген қиыншылықты көре отырып мақсатқа жеткенін есте ұстағандары абзал. Бұдан былай тарих беттерінде мұндай қиын жылдардың болмауы үшін әрекет еткені жөн. Осы зерттеу шараларын жүргізу барысында біздің жұмыс формаларымыздың аумағы кеңейе түсті. Біз осы тақырыптың төңірегінде көптеген конференциялар өткізіп тұрамыз. Оған қазақстандық және шетелдік зерттеуші-ғалымдарды шақырамыз. Жалпы, мұндай конференциялар тек біздің елде ғана емес, әлемнің басқа мемлекеттерінде де ұйымдастырылып тұрады. Сонымен қоса, барша жұрт хабардар болуы үшін түсірілетін деректі фильмдер мен театр сахналарында қойылатын спектакльдерге де өз тарапымыздан барлық көмектерді ұсынып тұрамыз, – дейді Нұрлан Орынбасарұлы.

Ал тарихшы Қаржаубай Сартқожаұлының айтуынша, 50-жылдардың ортасында лагерьлерде қамалған жазықсыз адамдарға қатысты үкімдерді қайта қарау мен оларды жою жөніндегі процесс басталған. Қаза тапқандар мен атылғандар ақталып, түрмедегі еріксіздер бостандыққа шығарылды.

– Саяси қуғын-сүргін құрбандарын жаппай ақтау –  1920-1950 жылдар аралығында кеңес мемлекеті жүргізген қуғындау, жазалау саясаты асқан қаталдық, шектен шыққан зұлымдық тәсілмен жүргізілгендігінің дәлелі. Кеңес үкіметінің Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарының көрсеткен саны нақты емес, өйткені 20-40-жылдары тұтқындалған мыңдаған адамдың тағдыры әлі күнге дейін белгісіз болып отыр, -деді тарихшы.

Еске салсақ, репрессия жылдары Алаш зиялылары бас қосып, империяға қарсы шықты. Олардың барлығы дерлік қудалауға ұшырап, атылды, айдалды. «Халық жаулары» деп жала жабылған арыстардың есімі халық жадында мәңгі сақталып қалмақ.

 

Балжан ӘБДІРАШ

Таңбалар: ашаршылықРепрессиясаяси қуғын-сүргін
Бөлісу11Твитерге7Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Тарихшы: Кәмпескелеу мен ашаршылықтың ақиқаты әлі толық ашылған жоқ
Сұхбат

Тарихшы: Кәмпескелеу мен ашаршылықтың ақиқаты әлі толық ашылған жоқ

10.07.2025
Ашаршылық құрбандарына құран бағыштады
Жаңалықтар

Ашаршылық құрбандарына құран бағыштады

15.09.2024
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Республикалық олимпиада жеңімпаздары «Нұр Мүбарак» грантына ие болды

Республикалық олимпиада жеңімпаздары «Нұр Мүбарак» грантына ие болды

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00