Сәрсенбі, 14 Мамыр, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Саяси қуғын-сүргін құрбандарына әлеуметтік көмек көрсетілді

31.05.2022
- Жаңалықтар, Таңдаулы
0
139
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

2003 жылдан бастап Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына біржолғы ақшалай өтемақы және арнайы мемлекеттік жәрдемақы ретінде 16,1 млрд теңге төленді. Биыл бұл мақсатқа 1,3 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылған, деп хабарлайды ЕХӘҚМ баспасөз қызметі.

1921-1954 жылдар аралығындағы кезеңде «халық жауларын» анықтау саясатының салдарынан Қазақстанда 100 мың адам сотталды, олардың 25 мыңы ең жоғары жазалау шарасы – ату жазасына кесілді.

Миллиондаған қазақстандық 1932-33 жылдары ашаршылықтың құрбаны болды.

Республика аумағында ГУЛАГ құрылымының ең ірі лагерлері – АЛЖИР, Степлаг, Карлаг болды. Қуғын-сүргін жылдары Қазақстан лагерлеріне 5 млн-нан астам адам жер аударылды. Кейбір мәліметтер бойынша, тұтқындардың жалпы саны бұл саннан едәуір көп.

Республикалық имамдар форумында баяндама жасады

Республикалық имамдар форумында баяндама жасады

14.05.2025
Төл тарихымызда зерттеушісін күткен тақырып көп

Төл тарихымызда зерттеушісін күткен тақырып көп

14.05.2025

1930-1940 жылдары Қазақстан миллиондаған кеңес азаматы үшін депортация орны болды. 1937 жылдың күзінде республикаға жүздеген мың кәрістер, түріктер, ирандықтар, күрдтер мен әзірбайжандар қоныс аударды. Сондай-ақ, Ұлы Отан соғысы жылдарында елге немістер, гректер, шешендер, ингуштар, қарашайлар, балқарлар, қырым татарлары және басқа да халықтар жер аударылды. Олардың саны 1 миллион 200 мыңның шамасында.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес саяси қуғын-сүргін құрбандарына және саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен деп танылған азаматтарға 2003 жылдан бастап біржолғы ақшалай өтемақы төленеді.

2003-2021 жылдар аралығында республикалық бюджеттен 2,9 млрд теңге сомасында біржолғы ақшалай өтемақы төленді. Өтемақы мөлшері 2 385 теңге мен (3/4 АЕК) 318 000 теңге (100 АЕК) аралығында. 2022 жылға республикалық бюджетте аталған мақсаттарға 2,1 млн теңге қарастырылған, – деп хабарлады ҚР ЕХӘҚМ Әлеуметтік көмек департаментінің директоры Асқар Ниязов.

Бұдан басқа, саяси қуғын-сүргін құрбандарына, сондай-ақ саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен, мүгедектігі бар немесе зейнеткерлер болып табылатын адамдарға әлеуметтік төлемдердің өзге де түрлеріне қарамастан 1,07 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (2022 жылы-3 403 теңге) арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленеді.

2005 жылдан бастап 2021 жылға дейінгі кезеңде республикалық бюджеттен 13,2 млрд теңге сомасында арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленді. 2022 жылы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлеуге 1,3 млрд теңге жоспарланған. Биылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 29 648 жаппай саяси қуғын-сүргін құрбаны және саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен азамат арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алды, – деді Асқар Ниязов.

Ақталған азаматтардың, сондай-ақ саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен деп танылған, мүгедектігі бар немесе зейнеткер болып табылатын адамдардың бірінші кезекте:

– бас бостандығынан айыру орындарында ұсталған, жазасын өтеген, басқа елді мекемендерге жіберілген, арнайы елді мекендерде еркіндігі шектеліп, мәжбүрлі еңбекпен айналысқан және мәжбүрлеп психиатриялық мекемелерде емдеуде болған уақытының үш есе мөлшерде зейнетақы алу үшін қатысу өтіліне есептелуіне;

– оларға ыңғайлы уақытта кезекті еңбек демалысын алу, сондай-ақ жылына екі аптаға дейінгі мерзімге жалақысы сақталмайтын қосымша демалыс алу;

– телефондарды бірінші кезекте орнату;

-Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған интернат-үйлерге бірінші кезекте орналастыру, оларда толық мемлекеттік қамтамасыз етуде тұру;

– протездік-ортопедиялық бұйымдармен жеңілдікпен қамтамасыз ету;

– оңалтуға байланысты мәселелер бойынша адвокаттардан тегін кеңес алуға құқығы бар.

Бұдан басқа, жергілікті атқарушы органдар жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша саяси қуғын-сүргіндерге ұшыраған және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақталған адамдарға материалдық және басқа да көмек түрлерін көрсету жөнінде жергілікті бюджеттер есебінен қосымша шаралар белгілеуге құқылы.

Жыл сайын Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай жергілікті атқарушы органдар саяси қуғын-сүргін құрбандары мен зардап шеккендерге біржолғы материалдық көмек көрсетеді.

2022 жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен 8 232 азаматқа 3 278 теңгеден 47 700 теңгеге дейінгі мөлшерде 182 млн теңге сомасында біржолғы материалдық көмек көрсетіледі.

Не арқылы: baq.kz
Таңбалар: әлеуметтік көмексаяси қуғын-сүргін
Бөлісу3Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Жалғызбасты аналарға қандай көмек қарастырылған?
Сұрақ-жауап

Жалғызбасты аналарға қандай көмек қарастырылған?

21.06.2024
Видео

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні

31.05.2024
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Пайғамбар (с.ғ.с.) жасамаған нәрсе бидғат па?

Пайғамбар (с.ғ.с.) жасамаған нәрсе бидғат па?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    75099 бөлісті
    Бөлісу 30040 Твитерге 18775
  • Сәби шағында қайтыс болған бала ата-анасына шапағатшы бола ма?

    2472 бөлісті
    Бөлісу 989 Твитерге 618
  • Төрт мәзһаб – ислам

    4807 бөлісті
    Бөлісу 1922 Твитерге 1202
  • Баланы қай жаста сүндеттеген дұрыс?

    548 бөлісті
    Бөлісу 219 Твитерге 137

Соңғы жарияланымдар

Республикалық имамдар форумында баяндама жасады
Жаңалықтар

Республикалық имамдар форумында баяндама жасады

14.05.2025
Ер кісі отбасы үшін жауапты ма?
Сұрақ-жауап

Ер кісі отбасы үшін жауапты ма?

14.05.2025
Төл тарихымызда зерттеушісін күткен тақырып көп
Сұхбат

Төл тарихымызда зерттеушісін күткен тақырып көп

14.05.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

      Update Required Flash plugin
      -
      00:00
      00:00
        Сұрақ қою
        Сұрақ қою