Сейсенбі, 17 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Саудиядағы келіссөз: Қажылық бағасына жеңілдіктер жасала ма?

11.05.2022
- Жаңалықтар, Таңдаулы
0
366
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған делегация жұмыс сапарымен Сауд Арабия Корольдігіне келді. Делегация жұмыс сапарын САК Қажылық және ұмра министрі Тауфик ибн Фаузан ар-Рабиа мырзамен кездесуден бастады.

Кездесуде биылғы қажылықты ұйымдастыру мәселелері сөз болды. Бас мүфти Қазақстан мұсылмандарының сәлемін жеткізіп, делегацияға көрсеткен құрметі үшін ризашылығын білдірді.

Кездесуде Наурызбай қажы Тағанұлы қазақстандық қажыларға барынша қолайлы жағдай жасау бойынша өз ұсынысын жеткізді. Оның ішінде ең маңыздысы қажыларды жеткізетін әуе тасымалының тиімді бағада болуы турасында келіссөздер жүргізілді. Өйткені чартерлік әуе рейстерінің бағасы қазақстандық қажылар үшін қымбатқа соғуда.

«Екі жылдық пандемиялық үзілістен кейін үлкен қажылықтың қайта басталғанына қуаныштымыз. Қазақстан мұсылмандарына қажылығын қолайлы өтеу үшін жасалып жатқан мүмкіндіктер үшін алғыс айтамыз. Ендігі мақсат қажыларға қажетті жағдай жасау. Осы бағытта өзіңіз басқарып отырған министрлікпен келісімге келе отырып, екіжақты жұмыс жүргізу» деді Бас мүфти.

Артық тамақтану ағзаға қалай әсер етеді?

Артық тамақтану ағзаға қалай әсер етеді?

17.03.2026
Қадірі жоғары түн

Қадірі жоғары түн

16.03.2026

Ал өз кезегінде САК Қажылық және ұмра министрі Тауфик ибн Фаузан ар-Рабиа қазақстандық қажыларға барынша қолдау көрсететінін айтты.

«Қазақстан мұсылмандарына менен де дұғай сәлем жолдаңыз. Мен Қазақстанда бірер жыл бұрын іссапармен болдым. Өзіңіз бастап келген ҚМДБ делегациясымен кездескеніме қуаныштымын. Үлкен қажылық барысында қолдауға әзірміз» деді  министр мырза.

Қажылар үшін 50/50 чартерлік әуе тасымалының қымбатқа түсуіне байланысты жеңілдіктер жасау туралы Бас мүфтидің өтінішіне қатысты Қажылық және ұмра министрі Тауфик ибн Фаузан ар-Рабиа бұл тек қана Қазақстанға емес, бүкіл әлемге қойылған талап екенін және үшінші мемлекет арқылы тұрақты рейспен тасымалдауға рұқсат жоқ екенін айтты. Дегенмен бұл мәселеге қатысты тікелей өкілетті және жауапты САК Азаматтық авиация Бас ұйымы (GACA) арқылы шешу үшін келіссөздер жүргізуге қолайлы жағдай жасалатынын атап өтті. Сондай-ақ екіжақты кездесу барысында биыл Қазақстаннан 3 000 адам қажылық парызын өтейтіні туралы келісілді.

Сонымен қатар Сауд Арабия тарапы Қазақстанға берілген ресми 3 мың қажылық орындарынан тыс бөлек САК аумағына қажылық маусымында ешкімнің кіруіне жол берілмейтіндігін ашып айтты.

Бүгінгі Қажылық және ұмра министрімен болған кездесуге ҚМДБ делегациясы және Жиддадағы Бас консул Талғат Шалданбай қатысты.

Қайнар көзі: muftyat.kz
Таңбалар: 5 парызбасты тақырыпқажылықНаурызбай қажы ТағанұлыСауд Арабиясы
Бөлісу9Твитерге6Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Еxit poll: Халықтың 86,7 пайызы жаңа Ата заңды қолдады
Жаңалықтар

Еxit poll: Халықтың 86,7 пайызы жаңа Ата заңды қолдады

16.03.2026
Жаңалықтар

Қазақстанда жалпыұлттық Наурызнама онкүндігі басталды

14.03.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Nickelodeon телеарнасы қазақ тілінде көрсетіле бастады

Nickelodeon телеарнасы қазақ тілінде көрсетіле бастады

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    121015 бөлісті
    Бөлісу 48406 Твитерге 30254
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1599 бөлісті
    Бөлісу 640 Твитерге 400

Соңғы жарияланымдар

Артық тамақтану ағзаға қалай әсер етеді?
Қоғам

Артық тамақтану ағзаға қалай әсер етеді?

17.03.2026
Қадірі жоғары түн
Видео

Қадірі жоғары түн

16.03.2026
Мақсат – конфессияаралық диалогты нығайту
Жаңалықтар

Мақсат – конфессияаралық диалогты нығайту

16.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00