Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Пайғамбар (с.ғ.с.) жасамаған нәрсе бидғат па?

31.05.2022
- Сұрақ-жауап, Таңдаулы
0
497
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

«Бидғат» – араб тілінде «жаңалық, жаңа нәрсе» деген мағнаны білдіреді. Бидғатқа байланысты Алла Елшісі былай дейді: «Расында ең жақсы сөз Алланың кітабы және ең жақсы туралық Мухаммедтің туралығы (оған алланың салауаты мен сәлемі болсын), істердің ең жаманы – ойлап табылғаны және әрбір (дінде негізі жоқ) жаңалық адасу» [1].

Тағы бір хадисте дінде негізі-рұқсаты жоқ жаңалық және дінде негізі-рұқсаты бар жаңалық жайлы былай дейді: «Кім дінімізде діннен болмаған жаңалықты жасаса, ол қабылданбайды» [2].

Тағы бір хадисте: «Кім исламда жақсы сүннет бастаса, онда сауабын алады және артынан ілескендердің де сауабын алады, бір-бірінен сауабы кемітілмейді. Ал кім исламда жаман сүннет бастаса, онда күнәсын алады және артынан ілескендердің де күнасын алады, бір-бірінен күнасы кемітілмейді» [3].

Имам Ибн Хажар жоғарыдағы хадистерді жинақтап: «Діннің негізінде жоқ нәрсені бидғат дейді. Ал жаңадан пайда болған істі шариғатта қолдайтын дәлелі болса ол бидғат саналмайды» [4], деп тұжырымдаған.

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025

Демек, Пайғамбарымыз (оған алланың салауаты мен сәлемі болсын) істемеген бір іс кейіннен туындап жатса, оның асылына қаралады. Егер туындаған жаңа нәрсенің негізіне қатысты шариғи дереккөздерінде (Құран, сүннет, ижмағ, қияс), қағидаттарында рұқсат етілген дәлел болса, онда оны орындауға болады.

Мысалы, мәуліт мерекесін атап өту. Себебі мұнда мәуліт шәріп жырынан үзінділер, Құран, салауат және дұғалар оқылады. Мәулітте Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірбаяны, ахлақ-әдебі жайында уағыз-насихаттар айтылады. Бұл істердің әрқайсының дінімізде негізі бар. Сондай-ақ тарауық намазын бір имаммен оқу, Құранды кітап күйінде жинау, медреселер ашу, жұма намазының екінші азаны, намаздан кейін жамағатпен зікір тарту т.б. [5]

Алайда жаңадан туындаған нәрсенің діннің негізінде ешбір дерегі болмаса, ол адасушылыққа алып баратын бидғат саналады. Мысалы, қабір азабын мойындамау, сахабаның бірін пасыққа шығару, адасқан топтарға кіру т.б.

Қорыта айтқанда, Пайғамбарымыз (оған алланың салауаты мен сәлемі болсын) істемеген және кейіннен пайда болған нәрселердің барлығы адасушылық емес. Егер де Пайғамбарымыз істемеген нәрсенің бәрі адасушылық болса, онда Осман (Алла ол кісіге риза болсын) өзінің халифалық тұсында жұма намазына екінші азанды айтқызуы адасушылық болып табылар еді. Бірақ бұл шешімді бүкіл сахабалар бірауыздан құптаған [6].

Елбек Тасболатұлы,

Алматы қаласы бойынша пәтуаға жауапты маман

[1] Муслим, № 867.

[2] Бухари, №2697.

[3] Муслим, №3033.

[4] Фәтху әл-Бари, 13/253.

[5] әл-Бидғату фил мафхуми әл-ислами әд-дақиқ, 17.

[6] әл-Бидғату фил мафхуми әл-ислами әд-дақиқ, 9-20.

Қайнар көзі: fatua.kz
Таңбалар: адасубидғатсүннет
Бөлісу12Твитерге8Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Адасқан шәкірт
Ғибратты әңгімелер

Адасқан шәкірт

19.07.2025
Адасу мен ақиқаттың арасы
Видео

Адасу мен ақиқаттың арасы

23.06.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Ойын арқылы ой дамиды

Ойын арқылы ой дамиды

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00