Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Әлем және руханият – менің көзіммен» байқауы қорытындыланды

27.05.2022
- Жаңалықтар
0
339
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Н. Назарбаев орталығында «Әлем және руханият – менің көзіммен» атты балалар сурет байқауының жүлдегерлері марапатталды.

27 мамырда Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығында «Әлем және руханият менің көзіммен» атты сурет байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті.

Байқау Н. Назарбаев орталығы тарапынан Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасы мен елордалық Суретшілер одағының қолдауымен 2022 жылғы 18 сәуір –  23 мамыр аралығында «Балалар жылы» аясында ағымдағы жылдың қыркүйегінде өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезін насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі С. Егізбаев, конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Б. Сәрсенбаев, ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Е. Оңғаров, Нұр-Сұлтан қаласындағы мәртебелі Мария Архиепархиясының Архиепископ-митрополиті Т. Пэта, Қазақстандағы Евангелиялық-лютерандық шіркеудің Архиепископы Ю. Новгородов және сондай-ақ Қазақстандағы дипломатиялық миссиялардың, БАҚ өкілдері мен елордалық мектептердің оқушылары, олардың ата-аналары мен оқытушылары қатысты.

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025

«Мемлекет Басшысы Қасым – Жомарт Тоқаев 2022 жылды балалар жылы деп жариялаған болатын. Жаңа Қазақстан «Рухани Эвересттің» шыңдарын бағындырмақ. Бүгін Қазақстан әлемге қарапайым жолмен, бірақ келісімде, жанжалсыз өмір сүруге және диалог процесінде қайшылықтарды шешуге болатынын көрсетіп отыр. Ос ыретте көпконфессиялықты сақтай отырып, бірлікке қол жеткізу маңызды. Байқаудың барлық қатысушыларын келе жатқан Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаймын», – деді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі С. Егізбаев.

Нұр-Сұлтан қаласының 28 мектебінен барлығы 78 қатысушыдан 83 жұмыс келіп түсті.

Байқаудың қазылар алқасы қатысушыларды жасына қарай 2 топқа бөлді: бірінші топта 7 жастан 10 жасқа дейінгі балалар, екінші топты 11 – 16 жас аралағындағы қатысушылар.

Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасы оқушылардың үздік жұмыстарын анықтап, оларға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыстады.

Бірінші топ жеңімпаздары:

1-орын – Ермек Нұралы Есболұлы, жұмыс атауы «Музыка в душе», №73 мектеп-лицей, 1-сынып.

2-орын – Жомарт Сая Қуанышқызы, жұмыс атауы «Наурыз мейрамы (Мерекелер)», №48 мектеп-лицей, 4-сынып.

3-орын – Биманова Дильназ Анваровна, жұмыс атауы «Единая страна», «Binom school Тұран» мектебі, 2-сынып.

Екінші топтың жүлдегерлері:

1-орын – Бейсембаева Ажар, жұмыс атауы «Әлем және руханият менің көзіммен», №68 мектеп – гимназия, 8-сынып.

2-орын – Джабраилова Амина, жұмыс атауы «Ана», № 20 мектеп, 6-сынып.

3-орын – Зинекен Жаннұр Нұрлыбекқызы, жұмыс атауы «Струны души», №72 мектеп-лицейі, 5-сынып.

Сонымен қатар Әділжан Попов «ДНК-ның пайда болуы» жұмысы қазылар алқасының арнайы сыйлығымен, Дария Әбдірахман мен Алмат Бимариям «Креативті жұмыс» номинациясы бойынша марапатталды.

Байқаудың ұйымдастырылуына орталықтың серіктестері болып табылатын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, Рим-Католик шіркеуі, Шығыс Еуропа аймағындағы Иса Мәсіхтің Соңғы замандағы Әулиелер Шіркеуі, елордалық суретшілер одағы, сондай-ақ «Kazdream Technologies» компаниясы демеушілік көмек көрсетті.

«Пандемиядан кейін алғаш рет Бейбітшілік және келісім сарайы балалардың, олардың ата-аналары мен тәлімгерлерінің қуанышына, күлкісіне толғанына қуаныштымын. Бұл іс-шара Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің идеялары балалар жүрегінде өз әсерін өалдырды деп ойлаймын. Бір жарым ай ішінде елорданың 20-дан астам мектебінен 78 қатысушыдан 80-нен астам жұмыс келіп түсті. Сайысқа түскен ең жас қатысушы небары 6 жаста. Бүгін мұнда ұсынылған суреттер топтамасы балалардың руханият пен толеранттылыққа деген көзқарасы конфессияаралық және этносаралық келісімнің қазақстандық моделінің байлығы мен бірегейлігін тағы бір рет көрсететінін дәлелдеді. Жас суретшілердің алуан түрлі туындылары көпшілікті жаңа шығармашылық жетістіктерге шабыттандыратынына сенімдімін», – деп атап өтті Орталықтың Басқарма Төрағасы Б. Сәрсенбаев.

Іс-шара соңында барлық қатысушылар мен олардың жетекшілеріне естелік сертификаттар табысталды.

Айта кету керек, ү.ж. 14-15 қыркүйекте Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезі барысында аталмыш байқауға келіп түскен суреттерден арнайы көрме өткізу жоспарланған.

Таңбалар: Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығы
Бөлісу8Твитерге5Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Рухани келісімнің бастауы мен болашағы
Жаңалықтар

Рухани келісімнің бастауы мен болашағы

17.10.2024
Съезд Хатшылығы отырысының тақырыбы талқыланды
Жаңалықтар

Съезд Хатшылығы отырысының тақырыбы талқыланды

22.08.2024
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Бірлікті ту қылған бірегей көрме

Бірлікті ту қылған бірегей көрме

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00