Дүйсенбі, 16 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Алва Робинсон, түрколог-журналист (АҚШ): Қазақ мәдениетінің әсерімен тұлға болып қалыптасып келемін

08.04.2022
- Сұхбат, Таңдаулы
0
168
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Хьюстон (АҚШ, Техас) қаласында тұра­тын түрколог Алва Робинсон қа­зақ әдебиеті мен мәдениетінің тарихын біз­ден артық білмесе, кем білмейді. Бас­тауыш сыныпта оқып жүрген кезінде түр­кітілдес халықтардың қалайша көш­пен­ділер салтын ұстанғанына қызыққан ол Америкаға оқуға келген қазақтар, түр­­­ікмендер, өзбектермен дос болып, өмі­рін түркологиямен байланыстырғанын айтады. Магистрлік диссертациясын жоқтау жырының мәнін түсінуге арнаған Алва қазір докторантурада «Құтты білік» пен «Диуани лұғат ат-түрік» еңбектеріндегі ма­қалдарды зерттеп жүр. Одан бөлек, Aramco world журналында түркітілдес ха­лық­тар туралы қалам тербейтін редак­тор қызметін атқарады. «Тұлға болып қа­лыптасуыма қазақтардың қосқан үлесі зор» ­деп ағынан жарылған Алваға хабар­ла­сып, әңгімеге тартқан едік.

– Әлеуметтік желіде түркі елдерінің, со­ның ішінде қазақ мәдениеті мен әд­е­биеті туралы пост жазып, аме­ри­ка­лық­тарға насихаттап жүрген сізді әу бас­та сол жақта жұмыс істеп жүрген Орта Азия тумасы деп ойлаған едім, бірақ қа­телесіппін. Біздің мәдениетке қы­зы­ғуыңызға не түрткі болды? Өзіңіз тура­лы бірер сөз айта кетсеңіз.

– Аты-жөнім – Алва Робинсон. Техас шта­тының тумасымын. Өмір бойы осы штат­қа қарасты Хьюстон қаласында тұрып ке­ле­мін. Бойымда мексикалық, америкалық және не­міс ұлтының қаны бар. Ал түркі елдерінің мә­дениетіне қызығуымды айтар болсам, ол со­нау бала кезден басталған. Оқушы кезімде жер­гілікті газеттің қиындыларынан қазақ­тар, өзбектер, қырғыздар, түрікмендер тура­лы деректер оқитынмын. Әсіресе, олардың көш­пенді өмір салтын ұстанғанын оқыға­ным­да, күллі халықтың қалай көшіп-қонып жүре­тінін, палаткада қалай тұратынын түсіну қиын­­ға соқты. Шынымды айтсам, бастап­қы­да мұның барлығы оғаш көрінді.

Бірақ көш­пен­ді атануға не себеп болғанын іздеп жүріп оқығанда бұл тақырыпқа қызығушылығым оя­на бастады. Жоғары сыныпқа көшкен кез­де КСРО құрамында болған елдердің діні тура­лы презентация әзірледім. Сол кезде Ор­та Азия елдері туралы зерттеу жүргізіп, бұ­ған көп уақытымды арнадым. Содан соң Хьюс­тонда тұратын түрікмендермен та­ны­сып, дос болдым. Олар өздері ұстанатын дәс­түрлердің нюанстарын түсіндіріп, түркі әле­мінің есігін ашты. Сырттан келген қо­нақ­тың асты-үстіне түсіп күту, дастарқанға ша­­қыру, асты құрметтеуді үйретті. Сосын 2002 жылдары осында оқуға келген қазақ, өз­бек­тер жастарымен таныстым.

Маятастағы Балуан тас көтеру оқиғасы

Маятастағы Балуан тас көтеру оқиғасы

16.03.2026
Кемелер кептелісі немесе Ормуз бұғазындағы дүрбелең

Кемелер кептелісі немесе Ормуз бұғазындағы дүрбелең

15.03.2026

Дәл сол жыл­дары біздің қаладағы университетке «Бо­лашақ» бағдарламасымен оқуға түскен қа­зақтар саны көп болды. Студент қазақ­тар­мен араласқанға дейін түркі елдерінің мә­де­ниеті туралы түсінігім болса да, олардан да көп нәрсе үйрендім. Жалпы, түркі елдерінің қа­ра­пайымдылығы таңғалдырмай қой­май­ды. Әсіресе, оларға тән ерекше қасиет – үл­кен­дердің көзіне тіке қарап сөйлемеуі, олармен екі қолмен аман­дасуына тәнті болдым. «Құтты білік» даста­нын оқыған кезде ойыма Хьюстондағы дос­тарымнан үйренген әдеп-ғұрыптар есіме ора­лады. Жалпылама айтсам, әр ұлттың ма­ған бергені көп болды. Асырып айтқаным емес, бірақ олармен араласу арқылы тұлға болу­ды үйрендім. Соның ішінде қазақтар тура­лы сөз етер болсам, олардың бас қосқан кез­де үлкендерге ерекше құрмет көрсетуі, ру­хани әлемді, ән мен күйді қадірлеуі таң­ғалдырды.

Сондай-ақ үлгі тұтуға және кімді бол­са да ынталандыруға тұрарлық кең­пейіл­ді­лік, батылдық, шынайылық мінездеріне қа­рап қайран қалдым. Сосын халықтың ба­тыл­дығын сипаттауға да сөзім жетпейді. Мұны Желтоқсан оқиғасы кезінде ерлікпен қа­за тапқан жастарға арнап шығарған Мұх­тар Шахановтың өлеңдерінен аңғаруға бо­ла­ды. Тағы бір айта кетерлігі, сіздерде мені ерек­ше тамсандырған даналық бар. Сіз­дер­дегідей жасы үлкен кісілердің дана болуға талпынатынын басқа еш жерден көрген емес­пін. «Сен менен бір жас кішісің, мен се­нен дана болуым керек» дегенді басқа еш жер­ден байқаған емеспін. Үлкендеріңіз жас­тарға айтар ойын електен өткізіп, сөз ара­сына ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жет­кен мақал-мәтел қосып сөйлейтінін бай­қадым. Бұрын-соңды мұндайды ешқан­дай жерде көрмеген мен бұған қатты таңыр­қа­дым. Хьюстондағы қазақтар бір көшеде тұр­ды, олар сол ауданды қазақ ауылы деп атай­тын. Сол кезде айналам қазақтарға толы бол­ғанына қуанып, марқайып жүрдім.

Осын­дай ортада жүрген менің тұлға болып қалып­та­суыма қазақтар өз қолтаңбасын қалдырды. Әлі есімде, қазақтармен бірге Техас штаты­ның көптеген өңіріне жиі саяхаттайтын едік. Сондай керемет сәттерде Техастың жеріне таң-тамаша болған қазақтар Қазақстан же­рін көргендей болып, «біздің елге ұқсайды екен» деп үнемі салыстырып отыратын. Сол кезде қазақтар тек салт-дәстүр, әдеп-ғұрып, ата-бабасымен емес, жермен де бай­ла­нысы бар екенін түсіндім. Туған жері әркез есін­де. Шыны керек, оған дейін мұндай бай­қампаз халықты кездестірген емеспін. Жал­пы, түркітілдес халықтардың ішкі жан дү­ние­сі терең, тіпті мұхиттан да тұңғиық. Сон­­­дықтан олардан көп нәрсе үйренгім кел­ді. Үйреніп жүрмін де. Осылайша, өмірлік тәжірибемді байытып алсам деген мақсатым бар.

Не арқылы: turkystan.kz
Таңбалар: АҚШжурналист
Бөлісу4Твитерге3Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Таяу Шығыстағы дүрбелең: ақиқаттың ауыр жолы
Қоғам

Таяу Шығыстағы дүрбелең: ақиқаттың ауыр жолы

08.03.2026
АҚШ: Сан-Франциско шығанағы аймағының имамымен кездесті
Жаңалықтар

АҚШ: Сан-Франциско шығанағы аймағының имамымен кездесті

04.02.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Сыр имамдары Рамазан айында ішімдік сатпау акциясын бастады

Сыр имамдары Рамазан айында ішімдік сатпау акциясын бастады

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    120928 бөлісті
    Бөлісу 48371 Твитерге 30232
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1598 бөлісті
    Бөлісу 639 Твитерге 400

Соңғы жарияланымдар

Елімізде тіркелген діни бірлестіктер (2025 жылдың 4-тоқсаны)
Инфографика

Елімізде тіркелген діни бірлестіктер (2025 жылдың 4-тоқсаны)

16.03.2026
Маятастағы Балуан тас көтеру оқиғасы
Қоғам

Маятастағы Балуан тас көтеру оқиғасы

16.03.2026
Әлеуметтік желілердегі діни контентпен жасалатын манипуляциялар туралы онлайн-семинар өткізді
Жаңалықтар

Әлеуметтік желілердегі діни контентпен жасалатын манипуляциялар туралы онлайн-семинар өткізді

15.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00