Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Сорлатқан суицид

05.03.2022
- Қоғам
0
658
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйы­мының дерегіне сүйенсек, жасөспірім­дер арасындағы суицид саны бойынша Қазақстан әлемде 12-орында тұр. ІІМ-нің мәліметінше, өткен жылы 250-ге жуық жеткіншек өз-өзіне қол салмақ болған. 164 баланың өмірін сақтап қалу мүмкін болса, 84-і қыршыннан қиылған…

Біздің қоғам суицидтің рухани дерт екенін баяғыда-ақ мойындаған. Бүгінде өлімге асық­қан боркемік буынның тағдыры мамандарды ғана емес, көпшілікті де алаңдатып отыр. Бұл дерттің себебі көп. Ал барлық се­бептің астарында жасөспірімдердің рухани «мүгедектігімен» қатар, жүректеріндегі тынышсыздығы жатыр.
Жан-жақтан ағылған қажетті-қажетсіз ақпараттар, өзгеше бір әлем іздеген жастардың моралдық-психо­логиялық тұрғыдан қолдау таппауы – осының бар­лығы құрдымға қарай итермелейді. Мәселен, психолог Светлана Богатырева: «Жа­стар мен жасөспірімдердің өз өзіне қол жұмсау себептері туралы сөйлескенде көп адам отбасының әлеуметтік жағдайын талдауға тырысады, бақытсыз махаббат, ата-аналармен қақтығыс туралы айтады. Бірақ бұл суицидтің басты себептері емес, олар тек іске қосу механизмдері. Ең басты себептің бірі – баланың психикалық денсаулығы», – дейді.

Жастықтың ең шуақты, алаңсыз әрі қызық пен қуанышқа толы шағында неге жеткін­шек өмір сүруге емес, ажалға асығады? Өмірдің мә­нін, жарық дүниенің қадірін жете түсін­бей жатып, жабығу мен жалғызсыраудың қамы­тын киюінің себебі неде? Жыл сайын осы тектес сұрақтар түрлі жиындарда тал­­қы­ланып жатады. Жастар арасындағы суи­цид­тің алын алу бойынша жасалып жат­қан іс-шаралар да, әзірленген жобалар мен қабылданған бағдарламалар да жетіп артылады. Бірақ күйзелістен арыла алмай, ақыр соңы қыршыннан қиылып жатқан жеткіншектер саны азаяр емес. Неге?

Дін өкілдері суицидті «Алладан алыс­таған адамдардың ауруы» дейді. Себебі, олар жаратушының қорғауында болмаған адамға азғырушы шайтан ойындағысын орындатады деп санайды. Ал психологтер жақындарынан жылылық сезініп, қолдау таппаған жеткіншек қана өмірлік қиындыққа төтеп бере алмай, морт сынатынын айтады. Өйткені кез кел­ген психикалық күйзелістің салдары трав­матикалық болуы, ал оның арты қайғылы жағ­дайға әкеп соғуы мүмкін. Сол себепті де мамандар ең алдымен жа­қын адамдар бір-бірінің жан дүниесіне үңіліп, қайғысы мен қуанышын бөлісіп оты­руы қажет дегенді жиі тілге тиек етеді. Сон­да ғана жастар арасындағы жабығу мен жалғызсыраудың алдын алар едік деген тұжырым жасайды.

Өткен жылдан бері ел көлемінде «Жастар арасында суицидтің алдын алу жөніндегі шара­лар кешенін әзірлеу және іске асыру» рес­пуб­ликалық жобасы іске асырылып келеді. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша Қазақ­станның тең құқық пен тең мүмкіндік институты және Азаматтық бастамаларды қол­дау орталығының ұйытқы болуымен қолға алынған ауқымды жобаның көздегені – суицид туралы ең алдымен ата-аналардың ойлары мен көзқарасын өзгерту. Неге жас­тардың өзі емес? Неліктен ата-ана? Кәсіби психологтер бұл сұраққа жауап беру кезін­де мынандай деректерді алға тартады. Еліміз­де жастар арасында тіркелетін әрбір үшінші суи­­цидке жеткіншек пен ата-ана арасындағы ұрыс-керіс пен дау-дамай түрткі болады екен. Сондай-ақ жалғыздық сезімі – 12, дос­тар­мен қарым-қатынастың үзілуі – 10, оқу орнын­дағы қақтығыстар, қолайсыз қаржы­лық жағдай 3 пайызды құраған.

Жоба шеңберінде 14 облыс пен респуб­ликалық маңызы бар 3 қалада 200-ден астам маманның қатысуымен мыңнан астам ата-ана мен қамқоршыға тренингтер өткізіліп, «Қиын қадамға барған жасөспірімдерге қа­лай көмектесуге болады? Суицидтік мінез-құлық­тың себептері мен белгілері қандай? Күн­делікті өмірде суицид туралы жиі бетпе-бет ке­летін ақпараттардың ақ-қарасын қалай ажы­ратуға болады?» деген сұрақтар бойынша әңгі­мелесулер ұйымдастырылған. Еліміздің әр өңі­рінде өткізілген осындай іс-шаралардан кейін кәсіби мамандар курс тыңдаушылары үшін суицидтің өте ауыр тақырып болғанын мойындап отыр.

Осындай тренингтердің бірінде өз-өзіне қол жұмсамақ болған жеткіншектің анасы психологтен «Баламның бойында бұл дерт енді мәңгі қала ма?» деп сұрап­ты. С.Богатырева қоғамда суицидке қатыс­ты кең таралған миф­тің бірі осы дейді. Пси­хологтің айтуынша, суи­цид жасауға тырысу – бұл көмекке ша­қыру деген сөз. Демек, ең бірінші ата-ана ұл-қызының жанөдүниесін түсінуге барынша тырысуы қажет. Өйткені ынтымағы жарасқан, бір-біріне деген жылылығы мен мейірімі ортай­маған отбасында дүниеге келіп, ата-ана махаббатына малынып өскен жас ажалға емес, алға қарай ұмтылары анық. Өмір көрмей жатып ажалға асыққан ­жастар ең алдымен жақынының жылылығы­на, жүрегінің иманына зәру себебі.

Бану ӘДІЛЖАН

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

22.11.2025
Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

21.11.2025
Таңбалар: басты тақырыпсуицид
Бөлісу16Твитерге10Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

03.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

"Халал – шариғат талабы" кітабы жарық көрді

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00