Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Бейімбет МАНЕТОВ: Енгізілген түзетулер дін саласындағы заңнаманы жеңілдетеді

28.02.2022
- Мемлекет және дін
0
295
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Еліміздегі арнайы құқықтық мониторинг нәтижесі бойынша тиімсіз іске асырылған дін туралы заң баптарына өткен жылдың соңында өзгерiстер мен толықтырулар енгізілген болатын. Кейбір баптардың не себепті өзгертілгені жөнінде Дін істер комитеті дін қызметі саласындағы құқық қолдану тәжірибесі басқармасының басшысы Бейімбет Манетов айтып берді.

2011 жылғы 11 қазанда қабылданған «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңнамада «діни мазмұндағы ақпараттық материалдар» термині қолданылған. Бірақ бұл Заңда осы термин мағынасы ашылмағандықтан, құқық қорғаушы ұйымдардың және діндарлардың сынына ұшырап, өзгерту мен толықтыру жұмыстарын жасауға негіз болды.

Осыған орай «Діни мазмұндағы ақпараттық материалдар» деген келесі ұғым енгізілді – бұл кез келген материалдық жеткізгіштегі діни сипаттағы баспа, электрондық және өзге де ақпарат.

Бейімбет Манетов мырзаның айтуынша, заңға енгізілген түзетулер дін саласындағы заңнаманы жетілдіруге және оңайлатуға бағытталған. Сондай-ақ әр бастамадағы мәселені ерекше атап өту қажет екендігін тілге тиек етті.

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезі қашан өтеді?

Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшылары съездерінің маңызы

25.11.2025
Дінаралық диалог – ислам сеніміне қайшы келмейді

Ортақ құндылықтарды жақындататын көпір

25.11.2025

– Президентіміздің «Қазақстан Республикасының адам құқықтары саласындағы одан әрі шаралары туралы» Жарлығының ережелерін іске асыру жоспарында діни бірлестіктерді тіркеу тәртібі мен құруды жеңілдету және конфессияаралық өзара іс-қимылға қолайлы жағдайлар жасау бойынша түзетулер енгізу көзделген болатын. Тиісінше, түзетулер жоспардағы қолайлы жағдайлар жасау мәселелерін де қамтыды. 2021 жылдың соңында аталған заңға өзгертулер мен толықтырулар діни бірлестіктер мен азаматтық қоғам өкілдері, сарапшылармен түрлі іс-шараларда талқылану барысында басым көпшілігінен қолдау тауып өзгертілген, – дейді Бейімбет Манетов.

Басқарма басшысы аталған заңнаманы түзетудегі келесі бір мақсаттарға тоқталды:

–  ғибадат үйлерінен тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізуге рұқсат беру сипатынан хабарлама сипатына өтті. Бұл түзетудегі діни іс-шараларды тек қана діни бірлестіктер өткізеді. Сонымен қатар, түзетудегі діни іс-шараның жаназа намазы, ауызашар секілді және басқа да жеке тұлғалар өткізетін діни жоралар мен рәсімдерге мүлде қатысы жоқ. Бұл жерде тек қана діни бірлестіктердің ғибадат үйлерінен тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізу туралы хабарламарын реттеу қаралған. Ал жаназа намазы, ауызашар секілді және басқа да діни рәсімдер қолданыстағы Заңның 7-бабының 2-тармағында бөгетсіз өтетіні анық көрсетілген.

– хабарлама белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы өтініш берушіге хабарламаның қандай талаптарға сәйкес келмейтінін көрсетеді және хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш берушіге осы баптың 5-тармағында көрсетілген тәсілдердің бірімен сәйкессіздік туралы шешім жібереді. Діни бірлестік сәйкессіздік туралы шешімді алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына пысықталған хабарламаны ұсынуға құқылы.

 

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерде діни іс-шаралар өткізілгенге дейін күнтізбелік екі күннен кешіктірілмейтін мерзімде осы баптың 7-тармағында белгіленген мерзімде хабарламаның осы баптың 3 және 4-тармақтарында көзделген талаптарға сәйкессіздігі жойылмаған жағдайда хабарламаның қайтарылғаны туралы жауап жібереді.

 

Хабарламаны қайтару туралы шешім негізделген және дәлелді болуға тиіс және оған Қазақстан Республикасының заңына сәйкес шағым жасалуы мүмкін, – деді дін маманы.

Бейімбет мырза «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңына енген түзетудің келесі бір мақсатына тоқталып өтті:

– дінтану сараптамасын жүргізуге саясаттанушылар, психологтар, әлеуметтанушылар және т.б. мамандар тартылатын болады. Түзету қабылданғанға дейін тек теологтар мен дінтанушылар ғана жүргізіп келді.

Маман дінтанулық сараптамада тек «дінтану» мамандығын ғана емес, басқа да білім салаларының қажеттілігі айқындалған дейді. Осыған байланысты, діни сараптама жасауда басқа да сала мамандарының көмегіне жүгінуге тура келген. Осы арқылы қиын мәселелерді шешудің оңтайлы жолдары табылған. Яғни, «Дінтану» мамандығы жиынтық болып саналып, түрлі аспектідегі діни мағлұматтарды біріктіруге бағытталуы тиіс екендігін тілге тиек етті.

Дін қызметі саласындағы құқық қолдану тәжірибесі басқармасының басшысы  аталған Заңда өңірлік діни бірлестіктерді тіркеу талаптарының жеңілдетілгені жөнінде айтып өтті.

– Бұл түзетудегі ең маңызды жайт, 2011 жылдан бергі өңірлік діни бірлестік болып тіркелу үшін 500 азамат болуы қарастырылған талап мүлде өзгермеді. Сондай-ақ бұл жерде жаңа діни бірлестіктер құрылмайтынын түсінген жөн. Тек қана заң аясында қызмет етіп жүрген жергілікті діни бірлестіктер бірігіп, өңірлік діни бірлестік болып тіркелу үшін қарастырылған жеңілдіктер.

Бұл түзету арқылы тек әр жергілікті діни бірлестіктен 250 қатысушы қажеттігі туралы талапты алып тастау арқылы жеңілдетілген,-деді Бейімбет мырза.

Еске салсақ, дін туралы заңға өзгертулер Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін қайталануларды, олқылықтарды не болмаса ескірген заңдарға еңгізілді. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың құқық нормаларын анықтау және қабылданған нормативтік-құқықтық актілерді іске асыру тиімділігін болжау, талдау, бағалау арқылы оларды жетілдіру жөнінде ұсыныстарды тұжырымдау мақсатында құқықтық мониторинг жүргізіліп отырды.

Балжан ӘБДІРАШ

Таңбалар: басты тақырыпдінДін істер комитетізаңнаманамаз
Бөлісу7Твитерге5Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

03.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Мәзһәб жолы – сүннет жолы

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00