Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Стресс пен үрей адамдардың санасын жаулап алды – Психолог кеңесі

21.01.2022
- Жаңалықтар
0
394
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Жыл басында елімізде болған тәртіпсіздіктер тұрғындардың жүйкесіне әсерін тигізбей  қоймады. Өзгерістерді қабылдамау  «синдромы» мен үрей туындауы қалыпты жағдай. Осындай жағдайға душар болған адамдар ішкі күйін тыныштандырып, қалыпты өмір сүру қалпына қалай келе алады? Біз оны психолог маманы Лимана Қойшиевадан сұрап білдік.

Соңғы кезде елімізде болған өзгерістер аясында стресс пен үрей адамдардың санасын жаулап алды. Бұл бір адамның қорқынышы емес, көпшіліктің қорқынышы болып есептеледі. Себебі күнделікті жаңалықтарды телеарналардан, интернет пен әлеуметтік желіден көрді. Осылайша, дүрбелең мен үрей вирус сияқты топтық үрейге ұласты, – дейді психолог.

Лимана Қойшиеваның айтуынша, одан қорғана алатын адамдар да болады.

Дұрыс талдау жасай алатындар өзіне қажет ақпаратты саралап алады. Ал кей жағдайда адамдар анализ жасамай алып-қашпа әңгімелерге сену арқылы ішкі тыныштығын бұзып алатын жағдайлар да кездеседі. Әрине, ондай адамдар іштей күйзеліске кетеді. Ол қалай көрініс табады? Ұйқысыздық пен тамаққа тәбеті жоғалуы мүмкін. Ешбір істі бастауға зауқы болмай, үнемі бірдеңенің болуын күтіп отырғандай күй кешеді. Күтпеген жерден бірдеңе болып қалатындай, жасап жатқан дүнесінің барлығы мағынасын жоғалтқандай сезімде болады, – дейді маман.

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025

Психологтің айтуынша, оған осындай күйзеліске түскен адамдар өңірлерден хабарласқан.

Маған Ақтөбеден, Алматы қалалаларынан адамдар хабарласып жатыр. Оларға онлайн кеңес беріп жатырмын. Олар ұйқысыздық, тамақ өтпей жатқанын және алаңдаушылық, үрей бар екенін айтады. Тіпті Алматыдағы көшеге шыққанның өзінде бір оқыс оқиға болып қала ма деген үрей бар екенін жеткізеді. Осы күйден арылғылары келеді. Бізге сол оқиғадан қалай да болса  шығу керек. Ол қорқынышты қалай сейілтуге болады? Ол үшін ең алдымен назарды өзіміз сүйетін дүниеге бағыттауымыз керек. Жаңалық пен интернеттегі жаңалықты, негативті ақпаратты оқуды тыю керек. Таза ауаға шығып, жиі серуендеу керек, – дейді Қойшиева.

Маманның айтуынша, тұрғындар өздері сүйетін іспен тұрақты айналысса да болады.

Бисермен әдемі оюлар жасау, тоқыма тоқу, сурет салуды қолға алуға болады. Мысалы, үйдің жиһаздарының орнын ауыстыру, гардеробты қайта қарау сынды көптен бері жасағың келіп жүрген іспен айналысу керек. Оған бар ойыңды бағыттап, жан-тәніңмен беріліп істеген абзал. Мен маман болсам да, маған хабарласатындар тек негатив ақпарат айтады. «Болашақ қалай болады, төңкеріс бола ма, әрі қарай не істейміз?» деген үрейін өзгеге таңады, – дейді психолог.

Лимана Қойшиева атағандай, кейбір адам  ол туралы тіпті естігісі де келмейді.

Қазір өмірінде болып жатқан күнделікті отбасылық істермен айналысуын жалғастыра  береді. Өмірдің әрбір сәтінен ләззат алып, тек жақсы дүниені ғана сіңіреді. Мысалы, маған хабарласып қара аспанды төндіретіндерді бірден тоқтатамын. Ол тақырыпты талқыламайтынымды айтып, оның өткен шақта қалғанын ескертемін. Қазір оның қызығушылығы қандай? Немен айналысқысы келеді? Осы сынды бағытқа өтуімізді сұраймын, – дейді ол.

Сондай-ақ психолог бойын үрей билегендер қозғалысты арттыру қажетін айтады.

Фитнеске, моншаға, қозғалысты арттыруға көп көңіл бөлу қажет. Яғни, тәнге көңіл бөлу керек. Оған қоса позитивті кітап оқуға болады. Жақсы музыка қойып билеп, кино да көруге болады. Егер біз осы шақта өз эмоциямызды басқарып, жақсы-көңіл күйді сақтап қала алсақ, негативке бой алдырмаймыз. Осы жағдайға қатысты хабарласқан адамдарың барын ескере отырып, біз әріптестерімізбен бірге күнде әртүрлі онлайн кездесулер өткізіп тұрамыз. Бүгін мысалы арт-терапияны жүзеге асырдық. Тікелей эфирде сурет салдық, – деді Қойшиева.

Маманның айтуынша, арт-терапия, сурет салу адамға тыныштық сыйлайды.

Таңбалар: психолог
Бөлісу10Твитерге6Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Психолог анименің бала психикасына зияны бар-жоғын айтты
Жаңалықтар

Стресс адам денсаулығына теріс әсер етеді- Психолог

24.07.2023
Баланы ұрып-соғу арқылы тәрбиелеуге бола ма?
Қоғам

Баланы ұрып-соғу арқылы тәрбиелеуге бола ма?

18.01.2023
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Алматыда құпия түрде жерленген лаңкестердің тұлғасы анықталды

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00