Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Шетел сериалдарының қоғамдық санаға зияны

12.01.2022
- Қоғам
0
428
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Бүгінгі жаһандану заманы қазақ ұлтының алдына зор жауапкершілік жүктеп отыр. «Ата-бабаларымыз ғасырлар бойы аттың жалында, түйенің қомында, мұз жастанып, қар жамылып, тар жол тайғақ кешіп жүріп сақтап қалған ұлттық құндылықтарымыз келешек ұрпақтың санасына орнығып, өмірлік ұстанымына айнала ма?» деген сұраққа жауап беру қиындап бара жатыр.

Сан алуан көзқарастар қақтығысы орын алған қазіргідей уақытта ұлттың ұлт болып қалуы – ұлттық тәрбиемізді, құндылықтарымызды, мәдениетіміз, тіліміз бен ділімізді берік ұстансақ қана мүмкін.

Қазіргі күні интернет қолжетімдігі мен көптеген телеарналардан қаптап кеткен шетел сериалдары қоғамдық санаға әсер ете ме? Әлбетте, бұл сұрақтың көптеген адамды толғандырып жүргені рас. Мен өз ойымды төмендегідей жеткізіп көрейін…

Меніңше, осы сериалдардың қоғамдық санаға теріс ықпалы орасан. Мысалы, сериалдар телеарналарымызды жаулап алғанға дейінгі халықтың рухани хал-ахуалы, киіну үрдісі, жүріс-тұрысы қазіргіден өзгешелеу болғаны шындық. Яғни, оны шығарушылар елеусіз жүріп-ақ халықтың салт-санасын өзгертуге харекет жасап жатыр деген сөз. Сөзім дәлелді болуы үшін сериалдан тапқан «пайдаларымызды» рет-ретімен баяндап көрейін.

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

22.11.2025
Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

21.11.2025

Біріншіден, киім кию үлгіміз жүз сексен градусқа өзгерді. (Әсіресе қара көз қарындастарымыздың). Бұл сөзіме ешкім дау айта қоймас. Сериалдардың қайсыбірін көрсеңіз де, бас-аяғы бір метр шықпайтын, жоғары тартсаң төмені, төмен тартсаң жоғарысы ашылып қалатын бір жапырақ шүберекті (киім деуге аузың бармайды) іле салып, әрілі-берлі өз тәндерін жарқыратып жүрген қыздарды көресің. (Ұшпаққа жеткендей мәз болып жүретіндерін қайтерсің?!) Осындай бақытты жандарды көрген біздің қыздарымыз «мәдениет деген осы екен» деп түсініп, оларға еліктеуде. Осы келеңсіздік бұдан ары жалғаса берсе, төл мәдениетімізден біртіндеп жұрдай болатынымызды ескеріп жатқан кісі жоқ.

Екіншіден, сүйістің алуан түрін үйретіп жатыр. Кеңестік дәуірдегі киноларда мұндай тұрпайы көріністер атымен болмайтын. Тіпті, он алтыға толмаған жасөспірімдерді кей фильмдерге кіргізбейтін. Кейіндері теледидар арқылы осындай фильмдер көрсетіле бастағанда қатар отырған ата-анамыздан ұялып, олардың сүйіскеніне өзіміз кінәлідай басқа арнаға бұратынбыз немесе көрші бөлмеге кететінбіз.

Ал қазір қай арнаны ашсаң да, қаптап жүрген сериалдар қоғамға жат қылықтарды ашықтан-ашық көрсетіп, дәріптеп жатыр. «Бір қызымнан бір қызым сорақы» демекші, тіпті анайы көрініс көрсетуден жарысқа түскен бе деп қаласың. Балалар да осыған әбден үйретіп алған, баяғы біз секілді қысылмайды. Қайта, шулап отырған баланың өзі тынышталып, киноның ішіне кіріп кетердей болады…

Үшіншіден, мұның барлығы жүйкеге кері әсер ететін нәрсе. Онсыз да, күндіз-түні «қара қазан мен сары баланың» қамын ойлап әбден жүйкелері тозған ата-ана өз машахаты аз болғандай, сериал кейіпкерлерінің де «отбасылық проблемаларын» ойлап, сары уайымға түсіп жүргені…

Сериал көріп отырған кезде аузыңнан байқамай бір сөз шықса, «шаруам бітті» дей бер. Киноның қызығына елігіп, кейіпкерлерге жаны ашып қиналып отырған қатын-балаң:  «Туу… мынаны-ай! Тыныш отыршы! Дәл қызық жеріне келгенде қыстырылысатыны?! Өмірі осы… Даусын қаттырақ шығаршы-ей!» – деп өзіңді жағадан ала кетеді. Бітті. Еріксіз аузыңа құм құйылып, сен де экранға мөлиесің. Ал егер осындай кезде кенеттен жарық өшсе, жарық беруге жауапты мекеме қызметкерлерінің сүйегі баяғыда қурап қалған ата-бабаларынан бастап, тірі жүрген әке-шешелеріне дейін дымы қалмай сөгіледі…

Төртіншіден, Алла Тағаланың бізге өлшеп берген алтын уақытын ысырап етудеміз. Өлшеулі өмірдің үштен бірі ұйқымен өтсе, қалған екісін сериалдармен өткізіп жүрміз! Өзіңіз ойлап көріңіз. Мәселен, таңертең бір арнадан басталған сериал бітсе, құдды уәделесіп қойғандай келесі бір арна екіншісін бастайды. Әйтеуір, көрермен назарын бір сәт болса да босатпау міндет пе деймін. Кей-кейде «бұл не деген батпан құйрық» шетел сериалдарын тәулік бойы үзіліссіз, демалыссыз, ақы-пұлсыз неге көрсетіп жатыр деген ойға қаласың.

Бесіншіден, осы сериалдар отбасындағы шүйіркені құртатын пәленің нағыз өзі. Олай дейтінім, екі арнадағы сериал бір уақытқа дөп келгенде, «қызықтың көкесі» басталады…

Жалпы, осы сериалдардың ғана емес, адамды соғысқа, қанішерлікке, айуандыққа үйрететін шетел атыс-шабыстарының зияны шаш етектен екені шындық. Бұрын қорқынышты фильмдердегі құбыжықтарды, өлген адамдарды көріп, денемізді кірпідей жиырушы едік. Сұмдық көрініс көпке дейін өшпей, тіпті түсімізге де енетін. Ал қазіргі жеткіншектерден бұлардың біреуін байқамайсың. Өйткені, мұндай көріністі күнде көріп жүргендіктен әбден еттері өліп кеткен.

Бәлкім, сериалдардың қоғамға пайдалы жақтары бар болар?! Бірақ оны өзім көрмедім…

Жаһандану кезінде ел жат жұрттың ықпалына бейсаналы түрде ілесіп кеткенін аңғармай келеді.

Бүгінгі қоғамда өзекті мәселеге айналып, ұлттық тәрбиемізге ойсырата соққы беріп жатқан осындай келеңсіздіктерге етіміз үйреніп, қалыпты нәрседей қабылдау – түбі ұлттық құндылықтарымыздан айырылуға әкелері анық!

Алмас ҚҰЛЫМБЕТОВ,

дінтанушы

Таңбалар: басты тақырыпсалт-дәстүр
Бөлісу10Твитерге7Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

03.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Алматының екі ауданы лаңкестерден тазартылды

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00