Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Берекені кетірген бүлік

18.01.2022
- Қоғам
0
131
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу
Ел ішінде болатын берекесіздіктен сақтану жайлы қасиетті Құран мен пайғамбарымыздың (с.ғ.с) сүннетінде нақты нұсқаулар бар. Жалпы, адам баласы барда қандай да бір толқудың болмай қалуы мүмкін емес. Оның пайда болатыны жайлы Пайғамбарымыз (с.ғ.с) хадистерінде айтып кеткен. Сондықтан да болуы мүмкін берекесіздіктен сақтану, оған əзір болу Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) сүннетінен болып табылады. Ол үшін алдымен – білім, ақыл, хикмет (даналық), дұрыс амал, сабыр, ыждаһат керек.

Имам əл-Бұхари сахих хадистер жинағының «Фитна кітабы» атты тарауында: Алла тағаланың «Сендерден тек залымдарға ғана кесірі тиіп қалмайтын берекесіздіктен (фитнадан) сақтаныңдар» («Əнфəл» сүресі, аят-25) деген аятын жəне Пайғамбарымыздың мына бір сахих хадисін «Сендер мен көріп тұрғанды көре аласыңдар ма?! Мен сендердің үйлеріңнің арасында жаңбыр сияқты фитна жүргенін көріп тұрмын» дегенін келтіреді (Бұхари, Мүслим).

Имам Науауи бұл хадисті тəпсірлегенде: бүлікті жаңбырмен теңеу – оның көпті қамтитынын білдіреді, яғни оның кесірі адамдардың барлығына тиеді, ешбір қауымды бұл кесел айналып өтпейді, деп түсіндірген. Сол сияқты имам Əбу Даудтың хадистер жинағында Пайғамбарымыздың (с.ғ.с): «Ең бақытты адам – пайда болған берекесіздікке қосылмай аман қалған жəне Алланың сынағына шыдаған адам» деген сөзін риуаят етіпті. Кез келген аурудың алдын алып емделу жақсы екенін əрбір саналы адам түсінеді. Сол сияқты, кесел басталған соң сақтанудан оның алдын алған əлдеқайда артық.

а

Осы орайда, сахаба-халиф Омар ибн əл-Хаттаб (р.а): «Надандықты көріп (бүлікті) содан сабақ алмаған адамның исламы түйіршік-түйіршік болып жойылып кетеді» деп айтқан. Жалпы, мұсылман ғалымдары берекесіздіктің зияны жайлы былай дейді:

  1. Адамдарды қызықтырады. Имам Ибн Хазм: «Берекесіздіктің гүлі ешқашан жеміс бермейді» деген. Яғни ол басталғанда гүл сияқты алдамшы кейіпте адамдарды қызықтырып өзіне тартып тұрады. Адамдар оны жақсылықтың нышаны сияқты көріп, болашақта көп жеміс беретіндей үміттенеді. Бірақ бұзылған береке ешқашан жеміс бермейді.
  2. Ақыл-есті кетіреді. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с): «Ақыл-есті кетіретін берекесіздіктер келеді. Ол келгенде бірде-бір ақыл-есі дұрыс адам таба алмай қаласыңдар» деген хадисі бар. Осы хадисті риуаят еткен мұхадис оқымыстылар «Арақ-шарап бүлік сияқты мас қылмайды, бүлікке мас болу одан да қатты ақыл-есті кетіреді» деп тəпсірлеген. Жəне кімде-кім харамды халал деп, ал халалды харам дейтін болса, ол адамның берекесіздікке ұрынғаны, деген.
  3. Жаппай жояды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) айтқан хадис-қиссада: «Бір қауым кемеге мінеді. Жартысы үстіңгі қабатта қалады да, ал екінші жартысы төменге түседі. Кеменің түбіндегілер шөлдеген сайын үстіндегілерден барып су сұрап мазаларын алады. Жоғарыдағылар ренжіп су бермей қояды. Кеменің түбіндегілер: «Кеменің астында су бар емес пе, мына жерді тесейік те, аналарды мазаламай, суды емін-еркін ішіп отыра берейік» дейді. Сөйтіп, біреуі айбалтамен кеменің түп ағашын шаба бастайды. Егер де, бұл ақымақты еркіне қалдырса, барлығы құриды, ал тоқтатса, барлығы құтылады».(Бұхари, Термези, Ахмад). Осы хадисті тəпсірлеген ибн Башир: «Бүлікшілер кеменің астыңғы қабатындағы адамдар сияқты, олардың қолындағы балтаны алыңдар» дейді.

уп

Ал қазір адамдар тілімен, саяси таяздығымен, надандығымен, əсіреұлтшылдығымен айбалтадан да қатты зиян келтіріп жатыр. Оның себебінен татулық, береке, ынтымақ жойылуы мүмкін. Себебі жалған үрей адамдарға күмəн салады, жақсы ниеттерінен қайтарады, достарды араздас тырады жəне күнəға итермелейді. Сөйте тұра осындай бүлікке ұрынған пенделер – ниетім жақсы, ұлтымның қамы, қазақтың болашағы деп ақталады һəм солай ойлайды. Бірақ олар кеменің тесіліп қалғанын түсінбейді. Кез келген амалды істемес бұрын адам ниетін дұрыстап, оның өзіне, қоғамға пайдасы мен зиянын өлшеу керек. Жалпы, демократия дегенге елітіп, кеменің бүлінуіне еркіндік беруге болмайды.

Алда-жалда бүлік басталып кетсе, ақылы бар адамдардың өзі ақымақтарды тоқтата алмайды. Сондықтан да Алла тағала «Əнфəл» сүресінің, 25-аятында: «Сендерден тек залымдарға ғана кесірі тиіп қалмайтын бүліктен сақтаныңдар» деп ақылы бар адам баласына үкім еткен. Жалпы, берекесіздік болмағаны дұрыс. Отаны мен отбасының тыныштығын ойлайтын əрбір қазақ азаматы бүлікке ұрынбасын. Бізге тұрақтылық ауадай қажет, ағайын!

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

22.11.2025
Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

21.11.2025
Таңбалар: басты тақырыпбүлікфитна
Бөлісу3Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

03.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Абу-Дабиде жанармай таситын көліктер жарылған

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00