Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Елімізде «Leader ТopIQ» республикалық байқауы өтеді

06.12.2021
- Жаңалықтар, Қоғам
0
232
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Ертең «Алматыкітап баспасының» Абай атындағы Кітап үйінде «ТopIQ цифрлық оқулықтарының білім беру әлеуеті» тақырыбында жиын өтпек.

Оған Алматы, Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының білім бөлімдерінің басшылары, мектеп директорлары мен әдіскерлері, сондай-ақ баспаның оқулық авторлары, ата-аналар мен оқушылар қатысады.

Сессия отырысында «Алматыкітап баспасының» Президенті Гаухар Саймасаева құттықтау сөз сөйлейді.

«Алматыкітап баспасы» – Қазақстанда TopIQ.kz алғашқы отандық цифрлық оқулықтардың платформасын әзірлеген ірі баспа.

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025

Сессияның арнайы қонағы – танымал музыкант, мәдениеттанушы, философ және ағартушы Михаил Семенович Казиник. Ол болашақ мектебі туралы өзінің көзқарасымен таныстырады және қатысушылардың сұрақтарына жауап береді.

Сессияның жұмысы электрондық оқулықтар платформасының педагогикалық және технологиялық мүмкіндіктерін таныстыруға арналады.

Цифрлық орталықтың мамандары Елена Капранчик пен Әсима Рысқұлбекова қатысушыларға қазіргі білім беру жүйесінде платформаны қолданудың артықшылықтары жөнінде интербелсенді талқылау ұйымдастырады.

Өзінің күнделікті жұмысында web-платформаны қолданып жүрген мектеп директорлары электрондық оқулықтардың мұғалімдер мен оқушылар үшін тиімділігі туралы өзара пікір алмасады.

topiq.kz платформасындағы электрондық оқулықтар баспа оқулықтардың цифрлық баламасы болып табылады, дәстүрлі сыныптық-сабақ жүйесінде және қашықтан оқыту үшін түрлі мультимедиалық материалдармен, интербелсенді тапсырмалармен толықтырылған өнім ретінде пайдаланылады.

1-4-сыныптарға арналған «Математика» оқулығының авторы Әсел Ақпаева дидактикалық және әдістемелік тәсілдерді қолданудың маңыздылығын, электрондық оқулықтарды әзірлеуде баланың жас ерекшеліктерін ескерудің қажеттілігін нақты мысалдармен көрсетеді.

Қостанай қ. №27 орта мектеп-гимназиясының 3-сынып оқушысы Ақниет Асылбекқызы, Нұр-Сұлтан қ. № 62 мектеп-лицейінің география пәнінің зерттеуші-мұғалімі Галина Хомюк, Алматы қ. Ілияс Есенберлин атындағы №25 орта мектеп-гимназиясы оқушысының анасы Елена Коробова, Алматы қ. Ілияс Есенберлин атындағы № 25 орта мектеп-гимназиясының 4-сынып оқушысы Темірлан Аяған платформаны қолданудағы өз тәжірибелерімен және жетістіктерімен бөліседі. Олар платформаның артықшылықтары, оқу үлгерімінің сапасын арттырудағы рөлі жөнінде көзқарастарын білдіреді.

Сессия отырысының соңғы бөлімінде «Алматыкітап баспасының» topiq.kz платформасындағы электрондық оқулықтарын ең үздік пайдалану бойынша «Leader ТopIQ» республикалық байқауының ашылуы туралы салтанатты түрде жарияланады.

Байқау электрондық оқулықтарды қолданушылар арасында өткізіледі. Оған мектептердің оқушылары мен мұғалімдері, педагогикалық колледждер мен жоғары оқу орындарының оқытушылары және студенттері қатыса алады. Байқаудың мақсаты – мұғалімдердің электрондық оқулықтарды қолдану тәжірибесін дамыту және шығармашылыққа ынталандыру.

Байқау негізгі үш кезеңнен тұрады:

1-кезең. https://leadertop.kz сайтына тіркелу және TopIQ.kz платформасын пайдалану тәжірибесі туралы бейнеролик орналастыру.

2-кезең. Электрондық оқулықтардың платформасын пайдалану бойынша «Leader TopІQ» байқауының жартылай финалистерімен бірге аймақтарға сапарларға шығып, сабақтарға, ашық сабақтарға, онлайн-сабақтарға қатысу.

3-кезең. Байқаудың қорытындысы 2022 жылғы 29 сәуірде шығарылады.

Жеңімпаздарды марапаттау 2022 жылғы 12 мамырда өтеді.

Сессия отырысы цифрлық білім берудің өзекті мәселелеріне арналғандықтан, мұғалімнің тәжірибесінде электрондық оқулықтарды пайдаланудың технологиялық және әдіснамалық негіздері жөнінде қызу пікірталас болады деп күтілуде.

Мектеп оқулықтарын әзірлеумен айналысатын «Алматыкітап баспасы» «мектеп – мұғалім – оқушы» арасын байланыстырып тұрған алтын көпір болып табылады. Баспа жұмысының басты қағидаты – оқушылар мен мұғалімдердің дамуына жанашырлықпен қолдау көрсету.

Қазақстан мектептерінде электрондық оқулықтарды енгізу мен оларды тиімді пайдалану – оқыту және басқаруды цифрландырудың маңызды құрамдас бөлігі. Білім беру саласында электрондық оқулықтарды қолданбай, білім беру ресурстарын жаңғырту мүмкін емес.  «Алматыкітап баспасы» заман талабына TopIQ электрондық оқулықтарын құру арқылы жауап беруде.

Бөлісу6Твитерге4Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Пайғамбар (с.ғ.с.) өмірінде әзілдесіп сөйлескен бе?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00