Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ұлттық жоба: Халықтың сапалы өмір сүруінің кепілі

22.11.2021
- Қоғам
0
94
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Пандемия салдарынан экономиканың дамуы күрт төмендеп кетті. Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевтың айтуынша, Қазақстанда инфляция 8,9%-ға жетіп, еліміздің 13 облысында ақшаның құнсыздануы байқалған. Қазіргі кезде әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағаларының өсуі халықтың қалтасынан қағып отырғаны кімді болмасын алаңдатуда. Аталған мәселені тұрақтандыру мақсатында Ұлттық жобалар реформасы іске қосылған болатын.

Осы жобаға көшкенінің нәтижесінде Ресей, Ұлыбритания, Малайзия елдері өз экономикасын бір қалыпқа келтіріп, ары қарай дамытып отырғандығын  Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Қайрат Келімбетов айтқан еді. Сондай-ақ Ұлттық жобалардың мәні мен маңыздылығына тоқталды.

«Ұлттық жоба – Қазақстанды алға дамытатын жаңа реформа. Ұлттық жобаны енгізуде біз зерделедік. Бізде бұған дейін мемлекеттік бағдарламалар деп аталып келді. Мемлекеттік бағдарламалардың қалай жүзеге асырылып жатқанына бәріңіз куәсіздер. Ұлттық жобаның ерекшелігі бастаған реформаны аяғына дейін жеткізу және ол елдің әрбір азаматына қатысты. Яғни, аты айтып тұрғандай, жоба бүкіл ұлтты қамтиды. Тағы бір  айтып кететін сәт, ұлттық жоба ол бір реттік немесе мерзімдік шара емес, күн сайын, жыл сайын және өмір бойы жүзеге асырылатын ұлттық даму», – деді Агенттік төрағасы.

Сондай-ақ азаматтар аталған жобалардың қалай жүзеге асырылып жатқандығын Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсіп министрлігі ұсынған Data Driven Government платформасы арқылы онлайн бақылап әрі бағалау мүмкіндігіне ие екен.

– Реформаның негізгі құндылығы – оның адамға, елдің әр азаматына сай жасалатыны. Егер әр қазақстандықтың жағдайын жақсартпаса, ол реформаларды өткізудің еш қажеті де жоқ шығар. Біз реформалаудағы қоғамдық бақылау – цифрландыру құралдарын пайдалану арқылы атқарылуы керек деп есептейміз. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» принциптеріне сай әр қазақстандық бүкіл цифрлық ақпаратқа қол жеткізе алады. Реформа жүргізуші органдар да осы құралдардың арқасында қоғаммен байланысын күшейте түседі, – деп сөзін тәмамдады Қайрат Нематұлы.

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі аталған жобаларды үйлестірумен, баға берумен, қадағалаумен айналысады. Сондай-ақ әр ұлттық жоба қандай критерийлерге сай болу керектігін де атап өтті:

айқындалған мақсаты мен оның қорытындысы анық көрсетілуі керек;

оның кезеңдері, мүмкіндіктері, қанша қаражатты қажет ететіні және оған кімнің жеке жауапты екені анық көрсетіледі;

әр ұлттық жобаның жүзеге асырылу кезеңдері бағалаудан өтуі тиіс.

Ұлттық жобалардың негізгі критерийі елдің бүкіл аумағына, экономикасына, әлеуметтік жүйесіне әсер етпей қоймайды, бұл сайып келгенде азаматтардың өмірін жағымды өзгерістерге алып келеді.

Сондай-ақ, агенттік басшысы Ұлттық жобалардың басты үш қызметін атап берді:

«Біріншіден, Ұлттық жобалар кең ауқымды болуы тиіс. Және оған республиканың әрбір азаматы өз үлесін қосқаны жөн. Екіншіден, жобалық басқару. Ол дегеніміз уақыттың талабына сай басқарудың формасын өзгертіп отыру және адамдардың да өзгере білуі. Яғни, заман ағымынан қалып қоймауымыз керек. Үшінші, ол жасанды интеллект. Қазіргі таңда адамзат өмірінде жасанды интеллект үлкен орын алады», – деді Қ. Келімбетов.

Жоба аясында азаматтардың орташа өмір сүру ұзақтығын өсіру мақсатында денсаулық сақтау жүйесінің қолжетімділігі мен тиімділігін дамыту көзделуде. Және Президенттің 2021 жылы 200 мектеп салу сынды тапсырмалары Қазақстан ұрпағының сапалы, заманауи  білім алуға мүмкіндігін туғызып отыр.

Кез келген жобаның басты мақсаты адамның өмір сүру сапасын жақсартуға, түйінді мәселелерді шешуге және қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталуы тиіс.

Еске салсақ, Президент Қ. Тоқаевтың 1 қыркүйекте Қазақстан халқына арнаған Жолдауында қазіргі күрделі жағдайда алдымызда тұрған басты міндет – әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты, жұмыс орындарын және халықтың табысын сақтап қалу деген болатын.

                                                                       Балжан ӘУЕЗХАНҚЫЗЫ

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

22.11.2025
Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

21.11.2025

Таңбалар: халық
Бөлісу2Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Жаңалықтар

Әкім: Халықты баспанамен қамту жалғасын табады

09.12.2021
Жаңалықтар

Сапарбаев: Халықтың табысы мен тұрмысын жақсарту – басты міндет

27.10.2021
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Тәліптер әйелдер қатысатын  телебағдарламарды көрсетуге тыйым салды

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00